Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Жаңаөзен қаласы әкімдігімен 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

05.12.2016

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жаңаөзен қаласының әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.Жоспарға сәйкес қала әкімдігінде 2016 жылы орын алған кемшіліктерді жою және алдын-алу іс-шаралары қамтылған.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі үнемі аппараттық кеңестерде қаралады және қала әкімінің тұрақты бақылауында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы комиссияның 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына тұрақты түрде  бақылау жасалады.

2016 жылы аталған комиссияның 3 отырысы өткізіліп, онда 7 мәселе қаралды. Олар:

1.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезектілікке, сондай-ақ жаңадан тізімге енгізілетін азаматтарды кезекке тіркеу барысында ашықтықты қамтамасыз ету мақсатымен атқарылып жатқан жұмыстар, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген пәтерлерді тексеру жұмыстары (28.03.2016 ж. №09-18/15 хаттама);

2.Қала әкімдігі жанындағы жер мәселелерін қарау жөніндегі комиссиясының 2015 жылғы қорытындысы мен жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алынған шаралар (28.03.2016 ж №09-18/15 хаттама);

3.Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2015 жылғы өткізілген отырыстарының хаттамалық тапсырмаларының орындалысы (28.03.2016 ж. №09-18/15 хаттама);

4.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында мемлекеттік мекеме басшыларымен атқарылып жатырған жұмыстар (10.06.2016 ж. №09-18/31 хаттама);

5.Ұлттық бірыңғай  тестілеуге (ҰБТ) білім беру ұйымдарының дайындығы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында алынып жатқан шаралары (10.06.2016 ж. №09-18/31хаттама);

6.Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар (16.09.2016 ж. №09-18/53 хаттама);

7.Орта білім беру ұйымдарында түлектерді қабылдау кезінде, оқу барысында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында алынып жатқан  шаралар туралы (16.09.2016 ж №09-18/53 хаттама).

Облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Өңірлік  комиссия отырысының хаттамалық тапсырмаларын орындау жұмысы жалғастырылуда.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тұтынушылардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімінің ресми интернет-ресрусында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат және сенім телефоны белгіленген веб-баннер орналастырылды.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар туралы халықты кеңінен хабардар ету үшін Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі интернет-ресурсқа вакансиялар туралы мәліметті орналастырып тұрады және қала әкімінің, оның орынбасарларының қабылдауында жұмыс сұрап келген азаматтарды қабылдап, түсінік жұмыстарын жүргізіп келеді.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдері туралы ақпаратқа қол жеткізу Халыққа қызмет көрсету орталығы, «электрондық үкімет», www.egov.kz веб-порталы  арқылы қамтамасыз етіледі.

Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін уақытылы және толық қарастырылуын қамтамасыз ету, олар бойынша шешім қабылдап, заңмен белгіленген мерзімде өтініш иесіне жауап қайтару Жаңаөзен қаласы әкімдігінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдауды жүргізеді, «сенім телефоны» жұмыс істейді, ұйымда азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының орындалуы қатаң түрде бақыланады. Келіп түскен өтініштер бойынша заңнамамен белгіленген мерзімде түсінік беріліп, шаралар алынады.

ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бағытында бірқатар шаралар  атқарылып келеді.

2016 жылдың 5 маусымында Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында қабылдау комиссиясының  орынбасары Ф.Юлдашев баяндама оқып, жиналғандардың қойған сұрақтарына жауап берді.

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында акция өткізілді, 5 курс студенттерінен «Жемқорлық құқық бұзушылық» тақырыбында қысқа мәтінде диктант алынды. Студенттермен «Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында флешмоб және «Парасыз сессия» айлығы өткізілді.

Білім мекемелерінде 2015-2016 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-шаралар жоспарына сәйкес 40 дөңгелек үстел, 34 кеңес отырысы, оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен 35-ке жуық семинарлар өткізілді.

  Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып,сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу механизмдері»  жобасы аясында Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтық құқық» ЖМ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз  конференциясы өткізілді.

Мектеп оқушылары арасында  «Құқықтық нигилизмнің себептері мен салдары»  тақырыбында  ағартушылық шаралар жүргізу үшін Жаңаөзен  қаласының 18 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдеріне семинар ұйымдастырылды.

2016 жылдың 14 қазанында  облыстық  медицина колледжінің ғимаратында оқытушылар мен студенттерге «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Жұмабай Ербол Көбейсінұлы «Мемлекеттік қызметтің жаңа қазақстандық моделі» тақырыбында баяндама жасады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»  тақырыбында  100 дана ақпараттық  құрал жасақталып, басып шығарылды.  Қалада сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында 6  билборд бар.

Жоспар бойынша осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Ақпараттық ресурстар