Жаңаөзен қаласы әкiмдiгiнің жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді

05.12.2016

Осы аптада Жаңаөзен қаласы әкiмдiгiнің жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның кезекті  отырысы өткiзiлдi. Мәжiлiске  қала әкімі Е.Әбілов төрағалық еттi.

Отырысқа Жаңаөзен қаласы әкiмдiгiнің жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия мүшелерi  шақырылды.

  Қаланың экономикалық және әлеуметтік салалары бойынша  2016 жылғы қаражаттың игерілуі және атқарылып жатырған профилактикалық жұмыстар туралы қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Жантілеуова баяндама жасады.

Қала әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы К.Карибаев Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының  2017 жылғы жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.

Күн тәртібіндегі мәселелердің барлығы тыңдалып,  отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берiлдi.

Ақпараттық ресурстар