Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2015 жылға есебі

31.10.2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 756 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен (қала және ауыл әкімдері) 83 қызметтің түрі көрсетіледі.

  2015 жылдың орындалысы 83 мемлекеттік қызмет түрі бар. Қала бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет саны -39 163, оның ішінде мемлекеттік органдарда 26 075, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы

8 437, электрондық түрде 4 651, мемлекеттік қызмет түрін алған адам саны барлығы -98 361. Соның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы бойынша 1 анықталып, 2014 жылмен салыстырғанда 83,3% төмендеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша 2015 жылғы шағымдар болған жоқ.

  «Электрондық үкімет» шлюзінің ішкі жүйесі ретінде өңірлік шлюзі «ақпараттық жүйесі» (Е- акимат) енгізіліп, 10 мемлекеттік қызметтерді (мұрағат, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы және қамқорлыққа алу жөнінде анықтама беру; 7 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдардың кезегіне тіркеу, қамқорлық және қорғаншылық бойынша анықтама беру, тұрғын үй кезектілігіне тіркеу, және т.б.) электронды түрде алуға мүмкіндік алды.

Өтінішті қабылдау және дайын болған құжатты беру:

ХҚКО- арқылы -36

«электрондық үкімет» порталы арқылы- 47 жүзеге асырылады;

тегін -66 және (немесе) ақылы негізде – 8,

ақылы/тегін негізінде – 9 қызмет көрсетіледі:

қағаз нысанда 77 және (немесе) электрондық/ қағаз нысанда 39 қызмет көрсетіледі (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет zhanaozen.gov.kz сайтында көрсетілген)

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде (мемлекеттік органдарда), интернет- ресурстарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен кездесулер өткізілді және zhanaozen.gov.kz сайтында мақала, хабарламалар берілді.

Аса талап етілетін рұқсат беру құжаттарын электрондық нысанда немесе ХҚКО арқылы беру мақсатында «Е-лицензиялау» «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі- ЕЛ МДҚ АЖ) дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы бекіткен мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау нәтежелерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, қала әкімдіктерінде, облыстық басқармаларында қызметтерді көрсету барысында ХҚКО, электрондық үкімет порталы арқылы өтініштерді қабылдап, тіркеуде мерзім бұзушылықты болдырмау жөнінде кеңестер, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аталған бағыт бойынша жұмыс жалғастырылуда.


Ақпараттық ресурстар