Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Жер заңды негізде

27.07.2016

Жер - Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық  кеңістік,  табиғи ресурс,  жалпыға  ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі. 

Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу - жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының рұқсатынсыз бөтен жер учаскесін иелену, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінсіз иелену- жер заңнамасы саласындағы бұзушылықтардың ең нашар түрлерінің бірі.
ҚР Жер кодексінің 10-т. 44-бабына сәйкес, егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi.

Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.
Практикада, заңның осы талаптарын бұзумен бірге, кейбір бөлек тұлғалар жер учаскесіне сәйкестендірме құжаттарын алғанға дейін және орналасқан орында шекаралар белгіленгенге дейін, қолдарында тек жер комиссиясының шешімі ғана бола тұра (шешім тек ұсыныс беретін құжат, және өзінің мәні бойынша құқық белгілейтін құжат болып табылмайды) жер учаскесінде құрылыс, жер жұмыстарын және т.б. жұмыстарды іске асырады, сонымен қолданыстағы жер заңнамасының нормаларын бұзады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136-бабына сәйкес (жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу), мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау–жеке тұлғаларға – жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 
Заңсыз иеленуші өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген әкімшілік жазалар қолданылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде босатуға және өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған (салынып жатқан) құрылысты, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі немесе өз есебінен бұзуды жүзеге асыруға міндетті.

  Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуды және құқық белгiлейтiн құжаттарсыз заңсыз құрылысты болдырмау үшін, өз бетінше иеленіп алудың өзі қандай зардаптарға әкеліп соғатыны туралы біздің азаматтар мен заңды тұлғалар түсіну қажет.

Прокуратура ескертеді: жермен байланысты алаяқтық бар

Жерді сатып алмай тұрып келесідей жағдайға назар аударыңыз:

  Сатушының қолында оның меншік иесі екендігін растайтын 3 құжат болуы керек:

- Жерге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу куәлігі;

- Меншік құқығын тіркеуге негіз болған құжаттың түпнұсқасы (сатып алу – сату шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік және т.с.с.);

- Кадастрлық жоспардың түпнұсқасы, онда жер учаскесінің кадастрлық номері, алаңы және нақты мекенжайы көрсетілуі тиіс.

Аталған құжаттардың барлығында да меншік иесі туралы мәлімет бірдей болуы керек.

Меншік иесі жеке тұлға болса, онда Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың болуын, ал заңды тұлғада оны тіркеу, салық органында есеп тұру куәлігін тексерген және Заңды тұлғалардың бірыңғай тізілімінен анықтаманы алған жөн.

Сатып алушыдан көбірек ақша алу мақсатында алаңы үлкенірек және іс жүзінде басқа жерде орналасқан жер көрсетілуі мүмкін.

Сондықтан, құжаттарды тексерген соң, жер алаңының кадастрлық жоспарға, координаттарына сәйкестігін мұқият тексеру керек.


Сұрақтарыңыз болған жағдайда Бас прокуратураның Call-орталығына 115 номері арқылы хабарласа аласыз


Пікіріңізді қалдыру үшін сізге қажетті тіркелу или кіру.
  • Ескі
  • Жаңалары
  • Таңдаулылары
Ақпараттық ресурстар