Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

22.01.2016

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойыншаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы «___» ______ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетінқызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Аэротүсiрiлiм жұмыстарын тiркеу, есепке алу және жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызметстандартына 1-қосымшаға сәйкес аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру (бұдан әрі -рұқсат) немесе уәжді түрде бас тарту.»;

мынадай мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:

9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі болып:

«1) 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 25-бабы 1 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізілімге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде рұқсатты беруге уәжді түрде бас тартады;

2)  2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 19-1-бабы 3 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін керекті, келісімге жіберілген өтінімге мүдделі мемлекеттік органның теріс жауабын алғанда, көрсетілетін қызметті беруші үш жұмыс күні ішінде рұқсатты беруге уәжді түрде бас тартады.»;

көрсетілген бұйрыққа1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

4-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап, сонымен қатар порталға жүгінген кезде - 20 (жиырма) жұмыс күні;»;

6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызметстандартына 1-қосымшаға сәйкес геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат) немесе уәжді түрде бас тарту.»;

мынадай мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:

«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі болып:

1)  2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 25-бабы 1 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізілімге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде рұқсатты беруге уәжді түрде бас тартады;

2)  2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Геодезия және картография туралы» Заңының 16-бабы 1-1 тармағына сәйкес геодезиялық пункттердің тығыздығының, геодезиялық желілерді дамыту және жаңарту перспективаларының болмау кезінде көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде рұқсатты беруге уәжді түрде бас тартады.»;

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланғанучаскесіндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

  мынадай мазмұндағы абзацпен 9 тармақ толықтырылсын:

  «Шетелдік заңды (жеке) тұлғалар және оның өкілдері «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар және «құпия» грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 қбп қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесімен және 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңымен реттеледі.»;

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша орыс тілінде толықтырылды, мемлекеттік тілде өзгеріссіз қалады.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикаминистрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3..Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4..Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі  Е. Досаев

«КЕЛІСІЛДІ»

ҚазақстанРеспубликасының

Инвестицияларжәне даму министрі

________________ Ә. Исекешев

2016 жылғы«__»_________


Ақпараттық ресурстар