Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» 21 қараша 2011 жылғы №667 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ЖОБА

01.04.2015

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының  28-бабының 4 және 6-тармақтарына, Маңғыстау облысы әділет департаментінің  5 желтоқсан 2014 жылғы №02-112507 хатына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашасындағы № 667 «Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде  үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11-2-177 болып тіркелген, 2011 жылғы 30 қарашадағы «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  Аталған қаулының 1,2-қосымшасы осы қаулының 1,2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі  (Д.К. Есенова) осы қаулының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы Д.Есеноваға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   

Жаңаөзен қаласының әкімі                                                                                                                                                                                          С. Трұмов

«КЕЛІСІЛДІ»:

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының төрағасы

Базылов Бақтығали ______________

«___» _________ 2015 жыл

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

2011 жылғы «21» қарашадағы

№  677 қаулысына

1-қосымша

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «___» _____

№_______қаулысына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Жаңаөзен қаласы

1)  Маңғыстау көшесі, «Өркен» шағынауданы №20 үйінің сол жағынан 40 метр қашықтықта орналасқан ақпараттық стенд

2)  Сәтпаев көшесі, «Тәуелсіздік» алаңының алдынан 20 метр қашықтықта орналасқан ақпараттық стенд

3)  Сәтпаев көшесі, «Шаңырақ» шағынауданындағы №27 үйінің сол жағынан 30 метр қашықтықта орналасқан ақпараттық стенд

4) Қосқұлақов көшесі, «Самал» шағынауданындағы №11/26 үйінің көше жағынан 30 метр қашықтықта орналасқан ақпараттық стенд

5) Бейбітшлік көшесі, «Мұнайшы» мәдениет үйі ғимаратының сол жағынан 30 метр қашықтықта орналасқан ақпараттық стенд

Теңге ауылы

Марабаев даңғылы, «Болашақ» дүкенінің алдынан 40 метр қашықтықта орналасқан ақпараттық стенд

Қызылсай ауылы

№4 орта мектебінің алдынан 200 метр қашықтықта орналасқан ақпараттық стенд

Рахат ауылы

«Ақсу» шағынауданындағы №18 орта мектебінің алдынан 40 метр қашықтықта орналасқан ақпараттық стенд

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

2011 жылғы «21» қарашадағы

№  677 қаулысына

2-қосымша

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «___» _____

№_______қаулысына

2-қосымша

Сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар

  1. 

Жаңаөзен қаласы

1) Оқушылар шығармашылық үйі

2) «Мұнайшы» мәдениет үйі

  2. 

Теңге ауылы

№17 орта мектептің акт залы

  3. 

Қызылсай ауылы

№ 4 орта мектептің акт залы

  4. 

Рахат ауылы

№ 18 орта мектептің акт залы


Ақпараттық ресурстар