Жаңаөзен қаласы, Рахат, Қызылсай және Теңге ауылдары аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасының ЖОБАСЫ

01.04.2015

Жоба

Жаңаөзен қаласы, Рахат, Қызылсай және Теңге ауылдары  аумағында

иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

ҚАҒИДАСЫ

1.Жалпы ережесі

1. Жаңаөзен қаласы, Рахат, Қызылсай және Тенге ауылдары аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасы(Бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы №148 Заңының 6-бабының  2-тармағының 2-2 тармақшасына сәйкесжасақталған.

  2. Қағида Жаңаөзен қаласы,Рахат, Қызылсай және Тенге ауылдары аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін реттейді.

3. Осы қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

  1) ветеринариялық паспорт -Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында  жануарлардың  иесі,  түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі.

  2) жануарларды бірдейлендіру -  деректер базасына  жануарлар туралы  мәліметтерді енгізе отырып және жануарға арналған  ветеринариялық паспортты бере отырып бірдейлендіру құралдарын (заттарын) қолдану, таңбалау жолымен жануарға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі.

  3) қараусыз жануарлар – меншік иесі бар және оның иелігінен (қарауынан) уақытша босып кеткен , иесі болмаған  немесе иесі белгісіз жануарлар, сондай-ақ оның иесі меншік құқығынан бас тартқан жануарлар.

  4)  үй жануарлары – ауыл шаруашылық мақсатындағы жануарлардан басқа, адамның толық немесе жартылай ұстайтын тамақ өнімдері мен өнеркәсіп шикізатын алу үшін пайдаланбайтын зоологиялық түрлері (ит, мысық). 

  5) ауыл шаруашылығы жануарлары – адамдар өсіретін ауыл шаруашылығы жануарларының және құстардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар барлық түрлері(ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, қояндар, т.б).

6) жабайы жануарлар – құрылықтағы, судағы, атмосферадағы және топырақтағы табиғи еркіндік жағдайында  тіршілік ететін сүтқоректілер, жабайы құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер,  моллюскалар, жәндіктер және басқалар.

2.Иттер мен мысықтарды тіркеуге алудың тәртібі

4. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі иттер3 (үш) айлық мерзіміненбастап, мысықтар 2 (екі) айлық мерзімінен бастап «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»мемлекеттік мекемесінде (Бұдан әрі - қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі) тізімдік есепке алынып, тіркелуге жатады.

5. Тіркеу барысында иелер осы Қағида талаптарымен таныстырылады. Жануарлар иелерінің Қағидамен танысқандығы туралы жазба тіркеу Кітабына қол қоюмен куәландырылады.

6. Әрбір тіркеуден өткен иттер мен мысықтарға белгіленген үлгіге сәйкес, олардың иелерінің есебінен  ветеринарлық паспорт  беріледі.

7. Ит пен мысықты тіркеуден өткізу және қайта тіркеу кезінде ит пен мысық иелерікелесі құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:

- иесінің жеке басының төлқұжаты.

- мекен-жайы, байланыс телефоны.

- ит пен мысықтың туылған күні, түрі, түсі, жынысы, лақап аты, ерекше белгілері немесе жануардың сипаты.

8. Ит пен мысықтың шығу (сатылуы, жоғалуы, өлуі, басқа бір адамға тапсырылуы) жағдайларында ит пен мысық иесі тіркеуден шығару үшін немесе қайта тіркеу үшін 15 жұмыс күн мерзімде бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімемлекеттік мекемесінехабарлауы керек. Ит пен мысық иесі тұрғылықты жерін ауыстырғанда үй жануарлары 15 жұмыс күні ішінде тіркелуге жатады.

3. Иттер мен мысықтарды асырау тәртібі

9.Иттердің барлық түрлері 3 (үш) айлық мерзімінен бастап, құтырма ауруына және эпизоотиялық көрсеткіштерге сәйкес лептоспироз, микроспория ауруларына қарсы міндетті түрде егілуі және гельминттердің болмауына тексерілуге тиіс немесе алдын-алу шаралары қолданылуы тиіс.

10.Мысықтар туылғаннан 2 (екі) айлық мерзімнен бастап адамдар мен

жануарларға бірдей жұқпалы ауруларға, эпизоотиялық көрсеткіштерге сәйкес микроспорияға қарсы егілуге, гельминттердің болмауына тексерілуге тиісті.

11.Егер  иттер мен мысықтардың  иесі заңды тұлға болса, міндетті түрдеиттер мен мысықтарды асырауға жауапты адамтағайындалады.

12.Үй жануарының иесі дер кезінде, осы Қағидамен белгіленген уақыттарда, міндеттіветеринарлық шараларды өткізуге, жануарлардың карантиндік режимін сақтауға, жұқпалы ауруларды жою бойынша шараларды өткізеді .

13.Иттер мен мысықтарды  асырау санитарлық-гигиеналық,зоогигиеналық талаптарды және осы Қағиданы сақтаған жағдайда жүргізіледі:

  бір ғана отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда.

бірнеше отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзіне тиесілі аумағында асырауға (пәтер тұрғындарының жазбаша келісімімен).

мекемелерде, ұйымдарда, көп пәтерлі үйлерде, бақ шаруашылықтары, коммерциялық емес бірлестіктерде және демалыс орындарында иттерді байлаулы түрде немесе торда, яғни қоршаған ортаға, адамдарға қауіп келтірмейтін және тыныштық сақталған жағдайда асырауға болады.

14. Көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерінде бір отбасында алты айлықжастағы төлдерді, үш мысық және ірі және орта тұқымды үштен көп емес үлкен иттен артық асырамау ұсынылады. 

15. Иттермен мысықтарды (көзі әлсіз көретін адамдарды алып жүретін иттерден басқа) көпшілік пайдаланатын орындарда (ас әзірлейтін бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, үйдің шатырында, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқыүй-жайларда) және үй маңында (жеке тұрғын үй аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде асырауға тыйым салынады.

16. Қонақ үйлерде қонақ үй әкімшілігінің рұқсатымен, ит пен мысықтың ветеринариялық құжатымен жәнесанитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтаған жағдайда иелері итімен немесе мысығымен бірге тұрақтай алады.

17. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында,ғимараттарда, және оларға тиесілі аумақтарда жердің заңды иегерінің рұқсатымен немесе басқа да өкілетті тұлғаның келісімімен асырауға болады. Иттер қоршалған, яғни қашып кету, адамдарға немесе басқа жануарларға шабуылдау қаупі жоқ, ыңғайлап жасалынған аумақта асыралуы тиіс. Осы аумақта үлкен немесе орташа иттің бар екендігі жөнінде кіреберісте 20х30 сантиметр көлемінде, иттің суреті бар «Ит күзетеді!», «Охраняется собакой!» ескерту қойылуы шарт.

18. Жеке тұрғын үйлер қорында гигиеналық-санитарлық жәнезоогигиеналық талаптар сақталған жағдайда саны үштен көп иттерді асырауға болады.

19.Келесідей жағдайлар рұқсат етілмейді:

1) тіркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген жануарларды

(ит, мысықтар) асырауға.

2)балалардың аула алаңдарында,спорттық алаңдарда, мектепке дейінгі және оқу орындарында, емдеу мекемелерінің аймақтарында, және көпшілік шаралар өткізілетін жерлерде серуендетуге.

3) иттерді тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге.

4)мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдергеиттерді серуендетуге.

  5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, (теңізде, су бұрқақтарда және бастау көздерінде) жануарларды (ит, мысықтар) шомылдыруға.

4. Ит пен мысықты сату, сатып алу және тасымалдау.

20. Ит пен мысықтыбелгіленбеген жерлерде, сондай-ақ ит пен мысықтыветеринарлық анықтамасы мен құжаттарынсыз сатуға тыйым салынады.

21. Ит пен мысықты сату және сатып алу, ит пен мысықтың жасы 2,5-3 айға толған уақытынан, тиісті ветеринарлық құжаттамасы болған кезде жүзеге асырылады, ит пен мысық 2,5-3 айға толмаған кезде сатылса және ветеринарлық паспорты  болмаса, сатып алушыға күшіктің және мысықтың денсаулығының жағдайы жайында анықтама ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен беріледі.

22. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ит пен мысықты жануарлар қоғамы (клубы) және питомниктер арқылы, зоодүкендерде және жануарлар сатылатын мамандандырылған базарларда сатуға, сатып алуға болады.

23. Жаңаөзен қаласының аумағына және Рахат,Қызылсай және Теңге ауылдарындашет мемлекеттерден ит пен мысықты алып келу, алып кету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болған жағдайда жүзеге асырылады.

24. Қала аумағынан және Рахат, Қызылсай жәнеТеңге ауылдарынан тыс жерге ит пен мысықты тасымалдау (орын ауыстыруы) және алып келу ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның берген арнаулы үлгідегі ветеринарлық  паспорты болған жағдайда жүзеге асырылады.

25. Ит пен мысықты  Жаңаөзен қаласынан тысқары жаққа әуе, теміржол және автомобиль жолдарымен тасымалдау осы көліктердің түрлерінде ит пен мысықтытасымалдау ережелері негізінде жүзеге асады.

5.Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

  26. Қоғамдық орындарда оларды жетектеуші тұлғасыз жүрген иттер

мен мысықтар қаңғыбастар деп саналады  және олар  аулауға және жоюға жатады.

  27. Қоғамдық жерлерде (көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері тарапынан байлаулы тұрғандарынан басқа, ілеспе тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтар, қараусыз қалған  болып саналады және қараусыз қалған иттер мен мысықтар аулайтын және олардың өлекселерін жинайтын арнайы қызметтермен аулануға жатады.

28. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды «Ветеринария туралы» Заңның  11-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған  Жаңаөзен қалалық  әкімшілігінің шауашылық  жүргізу құқығындағы «Жаңаөзен қалалық ветеринариялық стансасы»  мемлекеттік комуналдық  кәсіпорны жүзеге асырады.Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау  және жоюмен айналысатын жұмыскерлердің техникалық қамтамасыз етілуі аулау және жою жүзеге асыратын ұйымға жүктеледі. 

29. Адамгершілік қағидаттарының сақталуымен бірге қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тиісті аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары  мен заңды мүдделерін сақтай отырып, ұйымдастырылады және өткізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі жұмысқа наркологиялық  немесе  психоневрологиялық  диспансерлерде есепте тұрмайтын тұлғаларға рұқсат етіледі.

6. Ереженің сақталуын бақылау

30.Жаңаөзен қаласы, Рахат, Қызылсай жәнеТеңге ауылдары аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету,  қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасының тұрғындар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар тарапынан сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттілік берген мемлекеттік органдар (“Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі, “Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы” мемлекеттік мекемесі және Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы) жүзеге асырады .

7. Қорытынды ережелер

31. Осы Қағиданың талаптарын бұзғаны үшінжауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.


Ақпараттық ресурстар