Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Жаңаөзен қаласы, Рахат, Қызылсай және Теңге ауылдары аумағында жануарларды асырау туралы қағидасының жобасы

01.04.2015

ЖОБА

Жаңаөзен қаласы, Рахат,   Қызылсай және Теңге ауылдары аумағында жануарларды асырау туралы

Қағидасы

1. Жалпыережелер

1. БұлқағидаЖаңаөзенқаласы, Рахат,Қызылсай және Теңгеауылдарыаумағындажануарларды (бұданәрі - Қағида) асырау тәртібінайқындайды.

 2. Қағида, меншіктүрінеқарамастан, жануарларды асырайтынбарлықжекежәнезаңдытұлғаларғақатысты.

3. ҚағидаҚазақстанРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілікқұқықбұзушылықтуралы» Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергіліктімемлекеттікбасқаружәнеөзін-өзібасқарутуралы» заңынажәне 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринариятуралы» заңынасәйкесәзірленіп, жасалды.

4.Осы қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) қараусызжануарлар – меншікиесібаржәнеоныңиелігінен (қарауынан) уақытшабосыпкеткен; иесіболмағаннемесеиесібелгісізжануарларларсондай-ақоныңиесіменшікқұқығынанбастартқанжануарлар;

2) ветеринариялыққұжаттар – мемлекеттікветеринариялық-санитариялықбақылаужәнеқадағалауобъектілерінемемлекеттікветеринариялық-санитариялықинспекторберетінветеринариялық-санитариялыққорытынды, ветеринариялықсертификат; тиістіәкімшілік-аумақтықбірлікаумағындағыбірмәртеболатынжағдайтуралыжануарға, жануарданалынатынөнімгежәнешикізатынаветеринариясаласындағықызметтіжүзегеасыратынжергіліктіатқарушыорганыбөлімшесініңветеринариялықдәрігері, сондай-ақҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметібекіткентәртіппенжануарлардың, жануарданалынатынөнімніңжәнешикізаттыңветеринариялықнормативтергесәйкестігінайқындаужөніндеөндірістікбақылаубөлімшесініңаттестатталғанветеринариялықдәрігеріберетінветеринариялық анықтама;

3) ветеринариялық іс-шаралар –жануарлар ауруларының профилактикасын,оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), бөлек қою

және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ұқсастыру рәсімін қоса алғанда, жануарлардан алынатын

өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

4) ветеринариялық паспорт - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда: малды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

5) жануарлар иесі – өз меншігінде немесе басқадай меншікте жануарлары бар жеке немесе заңды тұлға;

6) ауылшаруашылығы жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе)

7) үй жануарлары-ауыл шаруашылық мақсатындағы жануарлардан басқа, адамның толық немесе жартылай ұстайтын тамақ өнімдері мен өнеркәсіп шикізатын алу үшін пайдаланбайтын зоологиялық түрлері (ит, мысық т.б.)

8) қоғамдық орындар – адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, бақтар, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар;

9) жануарларға арналған пана – қараусыз жануарларды уақытша асырау үшін арналған арнайы жабдықталған нысандар;

10) жануарларды асырау –иелерінің жануарларды асырау әрекеттері, ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайларды сақтай отырып өсіру, тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс әрекеттері;

11) жануарларды бірдейлендіру – деректер базасына жануарлар туралы мәліметтерді енгізе отырып және жануарларға арналған ветеринариялық паспортты бере отырып бірдейлендіру құралдарын (заттарын) қолдану, таңбалау жолымен жануарға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;

12) жануарларды бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме –

уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда мал иелерінің талап етуі бойынша тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын ұқсастыру жөніндегі дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;

13) жануарларды бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі

туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі;

14) аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;

15) инсектицидті дәрі-дәрмектер – зиянды жәндіктермен күресудің химиялық құралдары;

16) дезинфекция, дезинсекция және дератизация – жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктерді және кеміргіштерді өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың жайларында және аумақтарда жоюға арналған алдын алу шаралары.

2.Жануарларды асырау

5. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес мал жаюға арнайы бөлінген, жабдықталған жабық орындарда, тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, бақтардан, хайуанаттар бағынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, сауда, тамақ өнеркәсібі, жалпы демалатын орындардан, балаларды сауықтыру орындарынан, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның сағасынан қашықтықта асырау керек.

6. Қаланың тұрғын үй қорының пәтерлерінде ауыл шаруашылығы жануарлары  мен құстарды(ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, үркетауықтар) асырауға болмайды.

7. Ауа кеңістігінен  жабайы құстар ұшып өтетін мезгілдерде, жұқпалы ауруларды таратушы болуы мүмкін ұшып өтетін құстармен қатынасты болдырмау мақсатында, суда жүзетін құстарды ашық су қоймалары мен тоғандарға жібермей, үй құстарының иелері барлық құстарды жабық орындарда асырауы  керек.

8. Жануарларды асырайтын орын апта сайын механикалы түрде тазалануы және дезинфекциялануы тиіс: мал тезегі мен жем-шөптердің  қалдықтары және қоқыстар өз уақытында арнаулы белгіленген орындарға шығарылады.

9. Жылдың жылы мезгілдерінде, яғни наурыздан қараша айына дейін жануарлар тұратын орындарды жәндіктерге, кеміргіштерге (тышқандар, егеуқұйрықтар) қарсы күрес мақсатында ай сайын инсектицидтер мен дератизаторлық препараттарымен зарарсыздандыру керек.

10. Ветеринариялық есепке алу мен бірегей есептiлiк эпизоотиялық жағдайға, нысандардың ветеринариялық-санитариялық жағдайына баға беру үшін, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалаудың

ветеринариялық қағидаларды сақтауына, жүргiзiлген диагностикалық, эпизоотияға қарсы, емдiк, ветеринариялық-санитариялық және жою iс-шараларына мониторинг жүргізіп, бағалау үшін  жүргізіледі.

11.Жеке тұрғын үй иелеріне бір жанұя болып тұрған жағдайда, ауыл

шаруашылығы жануарлары мен құстарды ветеринарлық-санитарлық ережелерінің талаптарын сақтай отырып, жабдықталған тұрақта асырауға болады.

12. Жеке тұрғын үйде бір жанұядан да басқа отбасылары тұрған жағдайда ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарды олардың келісімімен ветеринарлық және санитарлық ережелерінің талаптарын сақтай отырып, арнайы жабдықталған тұрақта асырауға болады.

13. Ауылшаруашылығы жануарларын сату, беру, алу ветеринариялық паспорт негізінде ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген үлгідегі ветеринариялық паспорт берген  жағдайда ғана рұқсат етіледі.

14. Ауылшаруашылығы жануарларын әуе, су, теміржол жолдарымен тасымалдау сол көлік түрлерінің тасымалдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

15. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалған санитарлық аймақтың шекарасында ауылшаруашылығы жануарларын  жаюға, көбейтуге, айдап өтуге тыйым салынады.

16.Көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, басқа қоғамдық көпшілік пайдаланатын  орындарында, қала бойынша ерекше  қорғалатын табиғат аумақтарында жануарларды жаюға тыйым салынады.

  17. Адамдардың денсаулығына және жануарларға қауіп туғызатын жануарларды алу және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Егер жануар клиникалық сау деп танылған жағдайда иесіне қайтарылады.

  18. Көшелерде, алаңдарда, саябақтарда және басқа жалпылай пайдаланатын қоғамдық орындарда бағушысыз бос жүрген ауылшаруашылығы жануарлары қараусыз жануарлар деп есептеледі және арнайы жабдықталған орындарға иесі табылғанға дейін қамауға жатады.

  19. Иесі табылмаған қараусыз ауылшаруашылығы жануарларын арнайы жабдықталған орынға жеткізу, тасымалдау, күзету, ұстау (жемдеу, суару, ветеринарлық қызмет көрсету) үшін шыққан шығындардың орнын қараусыз малды асырауға жауапты кәсіпорын берген шоттарға сәйкес ауылшаруашылығы жануарларының иелері толтырады.

20. Егер жұмыс малы мен iрi қараны, жылқыны, түйені асырап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және мүйізді ұсақ мал – екi ай iшiнде, олардың меншiк иесi табылмаса – мемлекеттік меншікке өткізіледі.

3. Қағиданың сақталуын бақылау

21. Жаңаөзен қаласы, Рахат, , Қызылсай жәнеТеңге ауылдары  аумағында жануарларды асырау Қағидасының тұрғындар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар тарапынан сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттілік берген мемлекеттік органдар

(“Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі, “Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы” мемлекеттік мекемесі және Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы) жүзеге асырады.

4. Қорытынды жағдайлар

22.Осы Ережелерді бұзғаны үшін жануардың иелері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 300, 310,387-баптарына сәйкес жауапкершіліккетартылады.

23. Осы Ереже үй жануарларының барлық иелеріне – жеке және басқадай меншігінде ауылшаруашылығы жануарлары бар жеке және заңды тұлғаларға қатысты жүргізіледі.

08.12.2014

Ақпараттық ресурстар