Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    08 қазан

    Жаңаөзен қалалық қаржылар  бөлімі қаланың коммуналдық мүлік объектілерін

    мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша 2013 жылы 10 маусымында, сағат 1100-де,

    Жаңаөзен  қаласы, Сәтпаев көшесі, 1, қала  әкімдігінің ғимаратында, 209 каб. тендер өткізетінін жариялайды.

      Лот 1.Тамшылап өсіру жабдығы, баланстық құны – 5 148 816 еңге, Тамшылап өсіру жабдығы, баланстық құны –8 127 950 теңге  және Трактор Беларус-1221, баланстық құны – 4 343 817 теңге, қалдық құны- 3 623 180,84 теңге Өзендархан ЖШС-нің балансындағы. Бір айға жалдау ақысының бастапқы ставкасы, акционерлік қоғамдар үшін- 385 751,47 теңге, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 160 729,79 теңге. Жалдау мерзімі: шарт жасалған сәттен бастап, 2015 жылдың 31 желтоқсанға дейін.

    Тендердің шарттары:

    1. Жалдау ақысының ставкасынан төмен болмайтын, объект үшін  жалдау ақысы бойынша ұсыныс;

    2. Жалдау объектісінің тиісті пайдаланылатын техникалық жағдайында сақталуын қамтамасыз ету;

    3. Объектіні мақсатқа сай пайдалану;

    4. Ағымдағы және күрделі жөндеуді өз есебінен қамтамасыз ету;

    5. Санитарлық-эпидемиялық нормаларды және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау;

    6.   Меншік иесін өзгерту бойынша келісімдерді іске асыруға тыйым салу (шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде салмауға).

    Тендерді өткізу тәртібі және жеңімпазды таңдау өлшемдері:

    Тендер өтетін күні отырыста тендер комиссиясының мүшелері  тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар ішкі конверттерді ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды.

    Тендер комиссиясының шешімі бойынша объект үшін жалдау ақысының ең жоғарғы сомасын ұсынған және (немесе) тендерлік құжаттамада қамтылған тендердің басқа да шарттарын орындау бойынша міндеттемелерін қабылдаған қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады.

    Тендер комиссиясының шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған кезде тендер комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

    Тендерге қатысу үшін міндетті түрде келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

    - тендерге қатысуға өтінімді (белгіленген үлгіге сәйкес);

    - желiмделген конвертте тендердiң шарттары бойынша ұсыныстарды; 

    -    заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтайшы құжаттардың (құрылтайшы шарттың мен жарғы) және салық төлеушінің куәлігінің көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

    -   жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, жеке тұлғаның өзін растайтын құжаттың, салық төлеушінің куәлігі және үй кітапшасының көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

    -    акционерлік қоғамдар үшін - бағалы қағаздары ұстаушылар тізілімінен үзінді-көшірмесін;

    -   жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін (серіктестіктің қатысушыларының тізілімі жүргізілген жағдайда) серіктестіктің қатысушыларының тізілімінен үзінді-көшірмесін;

    -    шетелдік заңды тұлғалары үшін – қазақ және орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар құрылтайшы құжаттарын;

    -  кепілдік жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесін;

    - өтінімді тапсыру кезінде салықтық берешегі жоқ екені туралы салық органының анықтамасы.

    Тендерлік құжаттамада анықталған талаптар мен шарттарға сәйкес өтініш жасалады. Өтініштер қосарланған конверттермен қабылданады. Сыртқы конвертте әлеуетті қатысушының мекен-жайы мен «ОБЪЕКТІ БОЙЫНША КОНКУРС» (объектінің атауы көрсетіледі) және «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» (конвертті ашатын күн мен уақыт көрсетіледі) мазмұндағы мәтіні көрсетілген, тендердің шарттары бойынша ұсыныстарды  қоспағанда, санамаланған құжаттар болуы тиіс. Ішкі конвертте үміткердің тендердің шарттары бойынша ұсынысы болуы тиіс. Ішкі конверт өтінім берген сәтте жабық болуы және үміткер сүргі салуы тиіс.

    Өтінішті қабылдау, Жалға берушінің атына тігілген түрде, беттеріне нөмір қойылған және соңғы бетіне қол қойып, мөр басылған құжаттарды (егер осындай болған жағдайда жеке тұлға үшін) ұсыну кезінде жүргізіледі.

    Тендерге қатысу бойынша өтінішті қабылдау осы ақпараттық хабарлама жарияланған кезден бастап, 2013 жылдың 07 маусымында  сағат 11:00-де аяқталады.

    Тендерлік құжаттар пакеті  және тендерге қатысу өтініші мына мекен-жайда қабылданады: 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен  қ.,  Сәтпаев көшесі, қала әкiмдігінің ғимараты, 2 қабат, Жаңаөзен қалалық қаржылар  бөлімі, 209 каб.

    Кепілдік жарна:

    Лот 1 - акционерлік қоғамдар үшін- 385 751,47 теңге, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 160 729,79 теңге.

    Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімінің депозиттік шотына төленеді: ММ Коды 4522753, БСН 010240003315, ЖСК KZ150705034522753001, БСК KKMFKZ2A, код 12, «Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің Қазыналық Комитеті» ММ . Төлемнің белгіленуі: тендерге қатысу үшін кепілдік жарна. Бір кепілдік жарна бір объектінің тендеріне қатысуға құқық береді. Кепілдік жарнаны енгізу мерзімі: тендерге қатысу өтінішін ұсынған кезде.

    Тендер қорытындысы хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей тендердің жеңімпазымен шарт жасасады.

    Тендерлік құжаттама пакетін және объектімен танысу бойынша қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Жаңаөзен қ., Сәтпаев көшесі, қала әкiмдігінің ғимараты, 2 қабат, Жаңаөзен қалалық  қаржылар  бөлімі , 209 каб., телефон 8 (72934) 51875, 51871.

    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +