Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

08.10.2014

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2013 жылғы  10 желтоқсандағы № 13/188 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №    болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет 1,2 және  3 қосымшаларға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін, оның ішінде 2014 жылға келесі көлемде:

1) кірістер – 14 921 422 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 9 972 842 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 15 128 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 10 098 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 4 923 354 мың теңге;

2) шығындар – 14 921 422 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 125 206 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 125 206 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы  (профициті) – 125 206 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 125 206 мың теңге».

2. Қала бюджетінің кірістер нормативтері салықтық түсімдер бойынша мына көлемде ескерілсін:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 56,4 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;

4) әлеуметтік салық – 56,0 пайыз.

3. 2014 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер және кредиттер көзделгені ескерілсін, олардың қолдану тәртібі қала әкімдігінің қаулысының негізінде анықталады:

мектепке дейінгі білім ұйымдарында білім алу мемлекеттік тапсырысты іске асыру;

негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыру;

үшдеңгейлік жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны арттыру;

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде еңбекақыны ішінара субсидиялау;

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету;

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде жастар тәжірибесі;

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде кадрдың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті қолдау;

Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру үшін кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;

Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беру;

Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде моноқалаларды ағымдағы жайластыру;

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру;

Моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру.

4. 2014 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері көзделгені ескерілсін, олардың қолдану тәртібі қала әкімдігінің қаулысының негізінде анықталады:

білім объектілерін дамыту;

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту;

коммуналдық шаруашылығын дамыту;

жылу-энергетикалық жүйені дамыту;

моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру.

5. Құқық беруге:

1) біржолғы әлеуметтік көмек:

мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына, қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері мен атаулы күндер құрметіне біржолғы әлеуметтік көмек:

Наурыз мерекесіне (22 наурыз):

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

Ұлы Жеңіс күніне (9 мамыр):

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 теңге көлемінде;

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға 60 000 теңге көлемінде;

жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген  тұлғаларға 50 000 теңге көлемінде;

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне 40 000 теңге көлемінде; 

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қажырлы еңбегі үшін орден, медальдарімен марапатталған және де марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында алты айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тыл еңбеккерлеріне 10 000 теңге көлемінде;

1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға 20 000 теңге көлемінде;

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендердің басқа да санаттарының адамдарына 10 000 теңге көлемінде;

Конституция күніне (30 тамыз):

асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік арнаулы жәрдем ақы алушыларға (балаларға) 6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғаларға 36 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

Мүгедектер күніне (6 қазан):

I, II, III топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

Қарттар күніне (1 қазан):

жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан жоғары зейнеткерлерге 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

3) жалпы білім беру мектептердің түлектеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу ақысын және ай сайынғы шәкіртақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек;

4) 18 жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедек балаларға ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

5) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар өтініш жасаған айынан бастап ай сайын 0,5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес көлемінде;

6) мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы берілмеген кезде әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шыққандарға, иммун тапшылығы вирусын жұқтырған тұлғаларға, табыстарын есепке алмай жылына бір рет 26 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

7) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген тұлғаларға  табысы есепке алмай әлеуметтік көмек, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей жылына бір рет 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

8) ауылды елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 12 100 теңге көлемінде әлеуметтік көмекке;

9) ауылдық жерде жұмыс істейтін  денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария  саласының азаматтық қызметшілеріне бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

6. Жергілікті атқарушы органның резерві қоры 10 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

7. 4-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламаларға бөлінген, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған  2014 жылға арналған қалалық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.

8. 5-қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған қалалық бюджетті арқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламаның тізбесі бекітілсін.

9. 6-қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған әрбір кенттiң, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.

10. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы  Қалалық Мәслихат

  хатшысы

  І.Кеңесов  С. Мыңбай

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы

Н. Ғұмарова ___________________  

«____»________________2013 жыл. 

Ақпараттық ресурстар