Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»

08.10.2014

жоба

Жаңаөзен қалалық мәслихатының

2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 12/110

«2013-2015 жылдарға арналған қалалық

бюджет туралы» шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/189 Маңғыстау облыстық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2311 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы  № 12/110 «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 2192 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 наурыздағы № 11  «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес бекітілсін, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемде:

1) кірістер – 12 834 260 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 8 214 444 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 208 216 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 9 887 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 4 401 713 мың теңге;

2) шығындар – 13 148 964 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы  (профициті) – 314 704 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 314 704 мың теңге.».

2-тармақта:

1) тармақшада:

«48,4» саны «49,4» санымен ауыстырылсын;

4) тармақшада:

«49,0» саны «50,8» санымен ауыстырылсын.

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Қалалық Мәслихат

  хатшысы

І.Кеңесов С. Мыңбай

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Н. Ғұмарова ___________________  

«____»________________2013 жыл 

Ақпараттық ресурстар