Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

08.10.2014

                                                                                                                                      Жоба

 Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз

етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын

үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы  30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1316 қаулысына «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі №512 қаулысына және «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. Жаңаөзен қалалық мәслихаттың «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін анықтау Қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 қыркүйектегі №9/79 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2166 тіркелген, 2012 жылдың 07 қарашада «Жаңаөзен» газетінің  №53 санында жарияланған) және Жаңаөзен қалалық мәслихатының  2012 жылғы 26 қыркүйектегі №9/79 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін анықтау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 17 мамырдағы  №15/147 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2252 тіркелген, 2013 жылдың 20 маусымда «Жаңаөзен» газетінің №35 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (И. Орынбеков) Жаңаөзен қалалық мәслихатының осы шешімін әділет органдарында мемлкеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік, әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Қалалық Мәслихат хатшысы С.Мыңбай

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жаңаөзен қалалық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Б.Маркашова_____________

«____»_____________2014 года 

Ақпараттық ресурстар