Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

08.10.2014

Жоба

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның

мөлшерін белгілеудің және мұқтаж

азаматтардың жекелген санаттарының

тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы»

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы

30 қыркүйектегі № 21/171 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ  ЕТТІ:

1.«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2305 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 қарашадағы № 45 (1648) «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

9 тармақтың:

4) тармақшасының бірінші азат жолындағы «6 (алты)» деген сандар мен сөздер «8 (сегіз)» деген сандар мен сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақшасындағы «барлық топтың 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектері мен мүгедек балаларға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға- 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға-8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

13 тармақ алынып тасталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік, әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін ( комиссия төрайымы К.Жүгенбаева).

3. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Жаңаөзен қалалық мәслихатының интернет - ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім әділет органдарында  мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол  алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы   Қалалық мәслихат

хатшысы

 Д.Медеуов С.Мыңбай

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жаңаөзен қалалық халықты жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Б.Маркашова _________________

«____»__________________ 2013 жыл.

«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы

Н. Ғұмарова ___________________  

«____»________________2013 жыл.

  

Ақпараттық ресурстар