Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Жастар саясаты

08.10.2014

«Жаңаөзен қалалық жастар орталығы» МКҚК 10 жылдың үстінде қаламызда жастар саясатын жүзеге асырып келе жатқан жалғыз мекеме. Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-мәдени, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жыл сайын қарқынды жүзеге асырылуда.

Орталық 2013 жылдың қорытындысы бойынша 78 іс-шара ұйымдастырып, барлығы 9810 жас тартылды. Сонымен қатар, жастар орталығы қаламыздағы ҮЕҰ-дармен, соның ішінде жастар қоғамдық бірлестіктермен, атап айтқанда «Жас Отан» жастар қанаты, «Жас мамандар кеңесі», «Рухани мирас», «Рухани бірлік», «Айти Дем», «Кибер спейс», «Синема плюс», «Патриоттық бастама», «Мұнай тамшылары» секілді жастар қоғамдық бірлестіктерімен, жастар денсаулық орталығымен, «Жас қанат» мектеп президенттері клубымен, қаламыздағы 5 колледждің жастар ісі жөніндегі комитеттерімен бірлікте қызмет етіп келеді. Сондай-ақ, жастар орталығынан қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Болашақ» жастар клубы ашылды. Бұл қаланың белсенді жас көшбасшыларының бас қосып, қоғамдағы әр түрлі жағдайларға шолу жасап, жастарға қатысты мәселелерді тиімді шешу жолдарын қарастыратын бірден-бір орын болып отыр.

Қала әкімдігінің жыл басында бекіткен кестесіне сәйкес ақпараттық насихат тобы оқушылар мен студенттер, жұмысшы жастар арасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау жұмыстарын жүргізді және «Мемлекеттік жастар саясаты 2020» тұжырымдамасын талқылау мақсатында ауыл жастарымен кездесулер өткізді.

Мысалы, мамыр айында қала әкімдігі бастамасымен, Жаңаөзен қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен, «Ауыл жастары - 2013» облыстық жастар слеті өткізілді. Облыстағы барлық аудан және ауылдардан 100-ге жуық жас қатысқан болатын. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында айтылған жастардың ауылшаруашылық саласына үлесін насихаттау, жастардың ауыл шаруашылығына қызығушылығын арттыру, сондай-ақ, ауылдағы жастардың маңызды проблемаларын зерттеуге шақыру, облысымыздың ауыл аймақтарындағы жастардың көкейтесті мәселелері мен ұсыныстарын талқылау шараның негізгі мақсаты болды. Оған қатысушылар өз жобаларын ұсынып, қорғап шыққан болатын. Нәтижесінде Теңге ауылының тұрғыны Ноғаев Асқардың "Әк шығару зауыты" жөніндегі жобасы үздік жоба деп танылып, қала әкімінің арнайы дипломымен марапатталды. Шараға қала басшылары, ауыл әкімдері, оқу орын студенттері, жалпы жастар, облыс көлеміндегі ауыл аймақтардағы жастар, «Жас отан» ЖҚ мүшелері, «Жас Қанат» МПК және БАҚ өкілдері қатыстырылды.

2013 жылдың ақпан-сәуір айларында орталық жанынан құрылған жастар денсаулық орталығы мамандарының бастамасымен жастарды дұрыс мамандық таңдауға көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. Кәсіптік бағдар бойынша күніне келушілер саны – 4-5 оқушыны құрады. Осы уақыт арасында кәсіби кеңес алған оқушылар саны  - 98 адам. Кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізуде әр түрлі тесттер пайдаланылып, тренингтер мен әңгімелесулер өткізілді. Мамандық таңдау бойынша көмектерден басқа, оқушыға жоғарғы оқу орны мен колледж таңдау бойынша да кеңестер берілді. Жоғары сынып оқушыларына еліміздегі жоғары және арнаулы оқу орындарына қабылдау бойынша ережелердің ерекшеліктері түсіндірілді. Жастар денсаулық орталығының мамандары жастардың мұнайгаз мамандықтарынан басқа әлеуметтік маңызды мамандықтарды таңдауына даярлауға айрықша көңіл бөлді. Бұған қоса, орталық мамандары тарапынан 17 жас кәсіпкерге өз ісін бастау мен дамыту бойынша кеңестер берілді.

Жастармен жұмыс жасау үшін мәдени-шығармашылық жұмыстарға баса назар аударылады. Мысалы жыл бойына жайдарман клубтарының ойындары тұрақты өтіп келеді. Қалалық жастар орталығы мектеп оқушылары мен студенттері арасында өткізілетін облыстық, аймақтық, республикалық ойындарға өз ойыншыларымыздың қатысуына мұрындық болып, қаржылай көмектесуде. Қазіргі кезде қаламызда бірнеше ондаған жайдарман клубтары құрылған. КВН ойындары әркез тартымды, қызықты өткізіліп, ақпарат құралдарында жарияланып келеді. Біздің қаламыздың жайдарман ойыншылары респбулика бойынша жетекші командалар қатарынан көрінуде және олар көпшілікпен мойындалған.

Мәдени іс-шаралармен қатар, жастардың зияткерлігін дамытуға бағытталған семинар-тренингтерге де ерекше көңіл бөлінуде. Мысалы, «Кибер спейс» қоғамдық бірлестігімен бірге «Робототехника – заманауи ғылым» атты жобасы жыл басында қала мектептері басшылары арасында таныстырылып, қорғау жұмыстары жүргізілген. Қоғамдық бірлестік жыл бойына қала мектептерінде жастарды заманауи ғылымға үйретуге, жеке тұлға болып қалыптасу және жасөспірімдердің шешендік өнерін дамытуға бағытталған тренингтерді ұйымдастырып келеді. Қазіргі кезде бірлестікке қаламыздың 100-ден астам жастары мүше болып отыр. Бірлестік жастар арасындағы достық қарым қатынасты нығайту, жастарды патриоттық сезімге баулу бойынша да жұмыстарымызды бірлесіп жүргізіп келеді.

Жыл барысында жастар арасындағы қылмыстың алдын алу және болдырмау бағытында, нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу бойынша жиындар мен басқосулар өтеді. Бұған қоса, осы тақырыптар бойынша бейнероликтер дайындалып, жастардың жиындарында көрсетіліп жүр. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге темекі өнімдері мен спирттік ішімдіктердің зияндылығы түсіндіріліп, темекі өнімдері мен спиртті ішімдіктер сататын дүкендерге, арнаулы оқу орындарға және қала көшелеріне насихат материалдары ілінді. Жастар және дін тақырыбында да мектеп пен колледж қабырғаларында үнемі кездесулер мен жиындар өтіп тұрады. Оған қаламыздың жастар қоғамдық бірлестіктері, партияның қалалық филиалының өкілдері, қалалық мешіт пен ішкі істер басқармасының өкілдері де қатысып тұрады.

Біздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу де жастар саясатын жүзеге асырудың бір қыры десек артық болмас. Осы сөзіміздің растығын қалалық жастар орталығы ұйымдастырған «Ұлттық өнер – қолөнер» атты көрмесі дәлелдейді. 

Кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Өз Елтаңбамыз, Гимніміз, Туымыз бар. Көктемде Жаңаөзен қалалық орталық кітапханамен бірлесе «Қазақ тілі - Ана тілі!» атты акциясы ұйымдастырылды.  Акцияда қалалық орталық кітапханасының дайындап келген арнайы көрмесі әзірленіп, акция аясында қазақ тіліндегі кітаптарды тегін таратылды.

Енді спортқа көшсек. Жастар арасында спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл бойына қаламыздың спорт кешендерінде, мектеп залдарында әр түрлі деңгейдегі спорттық шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл ретте қала мектептері мен арнаулы оқу орындарының белсенділігін ерекше атап өткен жөн. Қалалық спорт бөлімі мен қоғамдық бірлестіктердің де біздің шараларымызға бірігуі, біздің салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мұраттарымыз бен мақсаттарымыздың бір екендігін аңғартады. Жалпы, қазіргі уақытқа дейін қаламызда 20 мыңға жуық жастар спортпен шұғылданады. Бұл қала жастарының 50 пайызынан да жоғары көрсеткіш. Желтоқсанның 12-14 аралығында жастар мен жасөспірімдер арасында салауаттылықты насихаттау мақсатында 10 командадан құралған қала жасөспірімдері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. 

Осы жылдың мамырында қалалық жастар орталығы мен  «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастыруымен,  «Жастар және Кәсіпкерлік» атты жастарға жеке кәсіппен айналысудың пайдасын және оларға көрсетілетін жеңілдіктер туралы семинар өтті. Семинарды «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және Республикалық «Жас кәсіпкерлер одағы» Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері жүргізді. Шараға қаладағы жас кәсіпкерлер, арнаулы оқу орын студенттері, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Жаңаөзен қалалық жастар орталығы, қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп ұйымдастыруымен,  4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай, «Ел рәміздері – Елдігімнің реңі, Теңдігімнің тірегі» атты қалалық форум өтті. Форум барысында жастарды Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеп, сыйлап, қадірлеуге тәрбиелеу, патриотизмге, мәдениеттілікке, жүректілікке және Қазақстан халқы дәстүрлерін аялауға және оны кең көлемде насихаттау болып табылады.

Жаңаөзен қаласы әкімдігі және «ӨзенМұнайГаз» АҚ ның қолдауымен қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен, «Кендірлі» демалыс аймағында 1 күндік «Каспий - достық теңізі» атты жастардың саяси лагері өтті. Мақсат - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған жастар саясатына ерекше көңіл бөліну керек деп көрсетілген тапсырмаларына үн қосу. Шараға Алматы, Атырау, Ақтау қалаларынан жас көшбасшылар келіп, жаңаөзендік жастарға семинар тренинг өткізді.

Жастар орталығымен қолға алынып келетін тағы бір тақырып – табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға арналған. Биыл «Парктер шеруі- 2013» акциясы өткізіліп, акция аясында «Мәңгі жаса, Жер Ана!» атты экологиялық митинг өтті. Шараға жастармен қатар Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері де қатысып, табиғатты күту және қорғау бойынша ойлар ортаға тасталды. Шара барысында 20 түп тал отырғызылды. Жаңаөзен қалалық жастар орталығының жылдық жоспарына сәйкес, «Киелі мекен - Маңғыстауым» атты аймақтағы киелі мекендерді, тарихи мұраларды тану және тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс бойынша экскурсияға шығу ұйымдастырылды.  Шараға «Жас Отан» жастар қанаты, «ӨзенМұнайГаз» АҚ жанынан ашылған «Жас мамандар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, «Жас қанат» өзін-өзі басқару тобының мүшелері және қала жастары қатысты. Шара аясында жастар Маңғыстау ауданына қарасты «Ақмыш» демалыс аймағына жол тартты. Жол бойында жастар Маңғыстау ауданында  орналасқан «Есен Ата» әулиесіне зираттап, айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұдан кейін «Ақмыш» демалыс аймағында демалып, айналасындағы киелі мұралармен танысты.

Бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып келетін "Жасыл ел» бағдарламасы да биылғы жазда аяқсыз қалған жоқ. Қаламыздың 150-ге жуық оқушы жастары 1 ай бойы шағын аудандарда, аулаларда және «Жалын» кинотеатрының алдында тазалық жұмыстарын жүргізді. Биылғы «Жасыл ел» бағдарламасына қалалық әкімдік тарапынан аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін қосымша 3 млн 900 мың теңге бөлінді. Нәтижесінде қатысушылардың әрқайсысы айлықтың аяқталуы бойынша  22 000 теңге жобасында жалақыларын алды. Және осы айлық барысында жастарға қаламыздағы пәтер иелері кооперативтері де жан-жақты қолдауларын көрсетті. Осы айлық аясында, қаланы көркейту мақсатында жұмыс жасаған «Жасыл ел» студент жасақтары арасында «XXI ғасыр – есірткісіз ғасыр!» атты қала жастарының марафон эстафетасы ұйымдастырылды. Эстафетада әр түрлі спорттық шараларды ұйымдастыру арқылы, оқушылар уақытының тиімді, әрі пайдалы өтуіне, көңіл көтеруіне ден қойылды. Және 12 тамыз Халықаралық жастар күнін мерекелеу мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының ер балалары арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жастардың төл мерекесі мәдени шараға ұласқан болатын. Кеш барысында жастар күніне орай түсірілген құттықтау бейнеролигі көрсетілді. «Өзенмұнайгаз» АҚ «Жас мамандар кеңесі» қоғамдық бірлестігі көрермендер арасында әртүрлі ойындар ұйымдастырып, ойын жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттады. Одан кейін, қолдан жасалған бұйымдар жәрмеңкесі, «Бірлікті нығайту» атты тренинг ұйымдастырылды. Ал қазан айында «Жасыл ел» республикалық штабымен келісім-шарт жасалып, тағы 150 адам қамтылған акция өтті. «Жасыл ел» еңбек жасақтары қаламыздағы «Өркен», «Көктем», «Шаңырақ», «Шұғыла», «Самал», «ЗА» шағын аудандарында орналасқан үйлердің кіреберісіне және айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жас ұрпақты патриоттық сезімге және ұлттық  өнерді құрметтеуге, жастарды әсемдікке және салауатты өмір салтына  тәрбиелеу мақсатында тамыз айында «Екі жұлдыз» дуэттер ән байқауы өтті. Бойындағы дарынын ашып, көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы, талапты жастарды анықтау және шығармашылық өнеріне қолдау көрсету үшін ұйымдастырылған мәдени шараға жас орындаушылар мен қарапайым жұмысшы жастар, студенттер де қатысты. Осы орайда, қаланы мадақтайтын, мақтайтын мерекелік, патриоттық әндер жаздыру және қаламыздағы жас орындаушылардың әндерінен жаңа диск шығару қолға алынады.

Тағы бір атап өтерлік ірі тың жоба – қаламызда тұңғыш рет ұйымдастырылған «Атамекен» 1 республикалық патриоттық әндер байқауы. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қалалық жастар орталығының ұйымдастырумен Әмин Тұяқов атындағы орталық стадионда кең көлемде Маңғыстау облысының 40 жылдығы мен Жаңаөзен қаласының 45 жылдық мерейтойларына арналған байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20-ға жуық қатысушы бақ сынап, бас жүлде қарағандылық қатысушыға бұйырды. Шараға еліміздің эстрада жұлдыздары да қонақ ретінде келіп, қала халқына 2 күн қатарынан қуаныш сыйлады. Еліміздегі барлық ақпарат құралдары мен интернет сайттарынан жаңалық ретінде берілді. Осы шараны біз дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда.

Жаңаөзен қалалық жастар орталығының қолдауымен, «Патриоттық бастама» ҚБ, «Рухани мирас» ҚБ және «ІТ-Dem» жастар қоғамдық бірлестігі қаламыздағы жас отбасылар арасында «Бала тәрбиесіндегі ерекшеліктер»  тақырыбында қазан айында 1 күндік семинар тренинг ұйымдастырды. Тренингті Алматы қаласынан келген «Әлемнұр» білім беру орталығының тәжірибелі оқытушысы Мергембаев Ақан Орымбайұлы өткізді.

Қазіргі таңда қалалық жастар орталығы қаламыздағы жастардың мәліметтер базасын дайындау үстінде. Бұл мәліметтер базасына, қаламыздағы 14 пен 29 жас аралығындағы кез-келген тұрғыны туралы толық мәлімет енгізілетін болады.

Жастар орталығының «Вконтакте» әлеуметтік желісінде өз парақшасы бар, қазір бұл интернет-парақшаға тіркелгендер саны мың адамнан асып жығылады. Және өзге өңірлердегі жастар орталықтарымен, жастар ресурс орталықтарымен әріптестік қатынас орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биылғы жылдың еншісіне, тағы бір жоба тиді. Желтоқсан айнынан бастап жергілікті Жаңаөзен телеарнасынан жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында телебағдарлама көрсетіле бастады. Бағдарламаның атауы «Жастар студиясы».

Жыл соңында тұңғыш рет «Жыл үздігі-2013» І қалалық жастар сыйлығы ұйымдастырылды. Бұл жоба қаламыздағы әр салада қызмет етіп жүрген белсенді жастарды ынталандыру мақсатында өткізілді.

Осылайша, қалалық жастар орталығы жастарды патриоттыққа, мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау мақсатында және өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін, мәдениетін, өнерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу жолында іс шараларды өткізіп келеді және жасалған жұмыстар нәтижесіз емес. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын таппақ және келер жылға да ірі, ауқымды шараларды ұйымдастыруды қолға алуды мақсат қойып отырмыз.  

 

Жалпы, Жаңаөзен қаласында қазіргі кезде 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 37 128 адамды құрап отыр. Ауыл жастары 7348 адам. Соның ішінде қаламыздағы арнаулы оқу орындарында оқитын студент жастардың жалпы саны 5882 адамды құрайды. Ал 14 – 18 жас аралығындағы жасөспірімдер саны барлығы 11 108 жасты құрайды.

«Жасыл ел» бағдарламасына Жаңаөзен қаласында 2010 – 2013 жылдары қамтылған жастар саны

Жаңаөзен қаласы бойынша 2011 - 2012 – 2013 жылдары тіркелген жұмыссыз жастар саны 

Жыл басынан бері тіркелген жұмыссыз жастардың жалпы саны 1811 адам, соның ішінде 10 айды қорытындылағанда: қоғамдық-әлеуметтік жұмыстарға, жастар практикасына, тұрақты жұмысқа 998 адам жіберіліп, жұмыс істеуде.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тоқталар болсақ, 2009 жылы 5 маман, 2010 жылы 7 адам, 2011 жылы 9 адам, 2012 жыл бойынша 14 маман, барлығы 35 маман Теңге және Қызылсай ауылдарында жұмыс істеп жатыр. Оның 34-і мұғалім болса, біреуі Теңге амбулаториясында дәрігер.

Қазіргі таңда қала бойынша 15-ке жуық қоғамдық бірлестіктері тіркелген, соның ішінде жыл басынан бері жастармен тығыз жұмыс жасап келе жатқан 11 қоғамдық бірлестіктері бар.

Атап көрсетер болсақ олар:

·   «Жас Отан» жастар қанаты

·   «Рухани мирас» ҚБ;

·   «Патриоттық бастама» ҚБ;

·   «Петроглиф сервис» ҚБ

·   «ӨзенМұнайГаз» АҚ жанынан ашылған «Жас мамандар кеңесі» ҚБ;

·   «Кең дала» ҚБ;

·   «Cyberspase» ҚБ;

·   «Жаңаөзен қалалық азаматтық бастама» ҚБ;

·   «Рухани бірлік» ҚБ;

· «IT-Dem» жастар қоғамдық бірестігі;

· Жастар денсаулық орталығы жастармен тығыз жұмыс жасап келеді. 

Ақпараттық ресурстар