Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары

08.10.2014
Кешенді Жоспар шеңберінде 2012-2016 жылдары барлығы  43,6 млрд.теңге қаржыландырылды (2012 жылы - 15,2 млрд.теңге, 2013 жылы – 9,2 млрд.теңге, 2014 жылы – 10,0 млрд.теңге, 2015 жылы - 5,8 млрд.теңге, 2016 жылы – 3,4 млрд.тенге).

Жоспар келесі негізгі стратегиялық бағыттардан құрылған: бірінші – Жаңаөзен қаласы халқының шамадан тыс қоныстану проблемасын шешу; екінші – Жаңаөзен қаласында жұмыспен қамтудың оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету; үшінші – халықты жұмыспен қамту, экономикалық белсенділігін арттыру, экономикалық өсу нүктелерінде жаңа өндіріс орындарын және жұмыс орындарын құруға жәрдем беру; төртінші – Жаңаөзен қаласының әлеуметтік және инжинерлік инфрақұрылымын қолдау, бесінші - өңiрдi азық - түлiкпен қамтамасыз ету мәселелерi, алтыншы - құқық тәртiбi мен қоғамдық қауiпсiздiктi нығайту және төтенше жағдайды ескерту жөнiндегi шаралар.

Кешенді Жоспар шеңберінде 28 инвестициялық жобалар  іске асырылуда. Соның ішінде: 13-і  2011 жылдан бері өтпелі нысандар, 15 жаңа жобалар.

Ақпараттық ресурстар