Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

08.10.2014
Шағын бизнес қала экономикасының барлық саласында орын алған. Кәсіпкерлердің негізгі қызмет түрі сауда, жалпы коммерциялық қызмет, өнеркәсіп өнімдері, транспорт, құрылыс болып табылады. 2016 жылғы жағдай бойнша қаламызда шағын кәсіпкерлік бойынша - 7959 шаруашылық субъектісі тіркелген, соның ішінде 1428 заңды тұлғалар, 6510 жеке кәсіпкерлер.

Ағымдағы кезең бойынша шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің саны 20431 адам немесе тұрғындардың барлық экономикалық белсенді бөлігінің 32,1 пайызын құрады. Барлық жұмыспен қамтылғандардың ішінде 10898 адам шағын кәсіпорындарда: заңды тұлғалар, 9533 адам жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласында орта кәсіпкерлік санатына жататын «Жанарыс» ЖШС, «Теміртас-1»ЖШС, «Жаңаөзен сүт зауыты»ЖШС өз жұмысын жүргізуде.

«Жанарыс» ЖШС-де шамамен 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда аталған серіктестік тек Маңғыстау облысын ғана емес, сонымен қатар Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын да жұмыс киімімен қамтамасыз етіп отыр.

«Теміртас-1» ЖШС бүгінге дейін қаладағы жаяу тас жолдарын төсеуге брусчаткалар, темір-бетонды плиткалар, жолжиектер (бордюр) дайындап келеді. Бұл серіктестік Жаңаөзен қаласында алдыңғы қатарлы серіктестіктердің бірі ретінде танылып келеді. Бүгінде аталған серіктестікте 200-ден астам адам жұмыспен қамтылған.

«Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС қаланы сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Бұл серіктестік Жаңаөзен қаласында сүт өнімдерін өндіретін жалғыз зауыт болып табылады. Сүт зауытында қазіргі таңда 150-ден астам адам жұмыс істейді.

Ақпараттық ресурстар