«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ

24.02.2017

«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі - Бөлім) ветеринария, аграрлы азық-тлік кешенінің дамуына және ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру және өткізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.


Тұраков Аманқос Жиенбайұлы

1958 жылы 01 наурызда Түркменстан Республикасы, Красноводск ауданы,  Ақтас поселкесінде дүниеге келген. 1965 жылы сол ауылдағы сегізжылдық мектептің 1-сыныбына барып, 1975 жылы Бекдаш поселкесінде №1 орта мектепті бітірген.

Еңбек жолын 1975 жылы қыркүйек айынан Красноводск ауданының ХХ-партсъезд совхозында жұмысшы қызметінен бастады. 1976-1978 жылдары Кеңес  Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеді.

1978 жылы совхоздың жолдамасымен Ашхабад қаласындағы М.И.Калинин атындағы Түркмен ауыл шаруашылық институтында білім алып, 1978 жылы  сол институтты бітіріп, мал дәрігер мамандығын алды.

1987 жылы тамыз айынан «ХХ-партсъезд» совхозында бас мал дәрігер;

1987-1988 жылдар «Куйбышев» совхозында мал дәрігер;

1988-1989 жылдары Красноводск облысының мал дәрігерлік лабораториясында эпизоотолог-паразитолог мал дәрігері;

1989-1995 жылдары аралығында «ХХ-партсъезд» совхозында  мал дәрігер, зоотехник, басқарма бастығын қызметтерін атқарды.

1995 жылы Жаңаөзен қаласына қоныс аударып, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықта директордың орынбасары, 1996-1999 жылдар гараж бастығы, экспедитор-жабдықтаушы қызметтерінде болды.

2012 жылы 2 сәуірден бастап «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқаруда.

Отбасылы, жары, бір қызы және 2 ұлы,  немерелері бар. 



Мекен жайы:

Неке сарайы ғимараты

Байланыс телефоны/факс: 

58-559

электрондық мекен-жәй:  

selhoz.2010@mail.ru

Ақпараттық ресурстар