«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

26.01.2017

.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, (бұдан әрі- Бөлім) Қазақстан  Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте құрылған,мемлекеттік орган болып табылады.



Бөлім басшысы

Орынбаева Ұлбазар Қыдырбайқызы

1973 жылы 11 қаңтарда Шымкент облысы, Отырар ауданы, Шәулдір селосында дүниеге келген.

1980-1990 ж.ж.  орта мектепте білім алған. 1990-1995 ж.ж. Алматы қаласы әлем тілдері университетінде орыс, неміс тілдері мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2001 – 2004 ж. Атырау қаласындағы  Х.Досмухамбетов атындағы университетінен ағылшын тілі мұғалімі мамандығын алып шыққан. 2015 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесі берілген.

1995-1996 ж.ж. Қазақ Мемлекеттік аграрлық университетінде неміс тілі мұғалімі болып қызмет атқарған. 1997-1998 ж.ж. Ақтау қаласы №10 орта мектебінде неміс тілінен дәріс берген. 1998-2005 ж.ж. Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылында, Шайыр орта мектебінде неміс, орыс, ағылшын тілдерінен сабақ берген. 2005-2008 ж.ж. Жаңаөзен қаласы, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ІІІ-ші бөлімше басшысы (кадр маманы) міндетін атқарған. 2009-2010 ж.ж. Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маманы болып жұмыс жасаған.

2010-2011 ж.ж. Маңғыстау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман қызметін атқарған. 2011-2013 ж.ж. Түпқараған ауданы, Баутин паселкесі әкімі аппаратында жетекші маман міндетін атқарған. 2014-2016  ж. Жаңаөзен  қаласы, Рахат ауылы әкімі аппаратында әкімнің мәдениет, білім және әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. 2016 жылдың қазан айынан бастап «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы қызметіне тағайындалды.


Мекен жайы:

Жаңаөзен қ, Сәтпаев көшесі, 

АХАТ ғимараты, 201 каб.

Байланыс телефоны/факс: 

92-069, 92-068

электрондық мекен-жай:   

uzen_kultura@mail.ru

Ақпараттық ресурстар