Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

    337
    08 ақпан

    Барлық конкурс қатысушыларына арналған

    ортақ біліктілік талаптар

     

      1. E-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік

      біліктілік талаптары белгіленеді:

       жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

     жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3,  E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

     2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

     3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

     4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

     5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес.

    Санаты

    Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

    min

    max

    Е-R-1

    354 695

    462 644

      «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-78468, e-mail: D.Esenova@mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Ішкі конкурс жариялайды:

    1. «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы,Е-R-1, 1 бірлік.

        Функционалдық міндеттері: Бөлімнің іс-шараларын жоспарлайды, бекітеді.

      Бөлім қызметкерлерінің арасындағы  міндеттерді бөледі және сәйкесінше  орындаушылық, еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Жаңаөзен қаласында саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар ұйымдастырады, әлеуметтік-саяси жағдайына талдау жасайды, қоғамдық-саяси шараларды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.

      Үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен бірлескен іс-шаралар өткізеді.

      Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша шаралар өткізеді, стандартқа сай болуын қадағалайды.

      Мемлекеттік жастар саясатын, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырады.

      Бөлім жұмысына қатысты мәселелермен  азаматтарды  қабылдайды.

      Өндірістік мекемелермен тығыз байланыс жасап, ондағы жағдайға мониторинг жүргізеді.

      Бөлімнің қаржылық-экономикалық қызметі жұмысының, бюджеттік қаржының уақытылы игерілуін қадағалайды.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Білім мамандықтары (педагогика және психология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, шетел тілі: екі шетел тілі, география, биология, информатика, құқық және экономика негіздері);

    Гуманитарлық ғылымдар мамандықтары (халықаралық қатынастар,  дінтану, теология);

    Құқық мамандықтары (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі);

    Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, аймақтану, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

    Техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары (ақпараттық жүйелер, мұнай газ ісі, стандарттау, сертификаттау және метрология, материалтану және жаңа материалдар технологиясы).

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1)  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

    2)  тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

    «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты»ММжәне мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.

      Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

    Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

    Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

      Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

    Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

    Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін

    тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

    Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген

    жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде, 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

    Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

    Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

     

      Шағым жасау тәртібі:

      Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

      Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

    __________________________
    (мемлекеттік орган)

    Өтініш

     

    Мені___________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

     

    Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
    ____________________________________________________________________

    ________   ____________________________________
      (қолы)    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    «___»_______________ 20 __ ж.

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 3-қосымшасы

    Нысан

    «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

    ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

    ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
    КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

    _____________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
    фамилия, имя, отчество (при наличии)

    ФОТО
    (түрлі түсті/ цветное,
    3х4)

    _____________________________________________
    лауазымы/должность, санаты/категория
    (болған жағдайда/при наличии)

    ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

    1.

    Туған күні және жері/
    Дата и место рождения

    2.

    Ұлты (қалауы бойынша)/
    Национальность (по желанию)

    3.

    Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
    Год окончания и наименование учебного заведения

    4.

    Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
    Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

    5.

    Шетел тілдерін білуі/
    Владение иностранными языками

    6.

    Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
    Государственные награды, почетные звания (при наличии)

    7.

    Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
    Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

    8.

    Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

    9.

    Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)


    Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

    ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

    Күні/Дата

    қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

    қабылданған/
    приема

    босатылған/
    увольнения

    _____________________
    Кандидаттың қолы/
    Подпись кандидата

    _______________
    күні/дата


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +