Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Ақтауда Нұрмұхан Жантөринге алып ескерткіш орнатылды

    452
    05 Шілде

    Киелі Маңғыстау жерінде Астана қаласының 20 жылдық мерекесі қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚазССР-нің Халық артисі, ұлтымыздың ұлы актері Нұрмахан Жантөринге алып ескерткіш орнатылды. Еліміздің ең жас театры саналатын Нұрмұхан Жантөрин атындағы өнер ордасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен 2003 жылдың 21 наурызында ашылған болатын. ​Осыдан он екі жыл бұрын, дарынды талант иесіне шағын ғана мүсін орнатылған. Бүгін қазақтың ұлы актеріне өнердегі асқақ бейнесі мен өмірдегі сом тұлғасына сай еңселі ескерткіш 90жылдығына орай бой көтерді.

     Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы мен Ақтау қаласының 55 жылдығы қарсаңында тұрғызылған Жантөрин ескерткіші актердің өз есімімен аталатын қара шаңырақ Маңғыстау облыстық драма театрының алдында орнатылды. Жергілікті кәсіпкерлердің қаражатына тұрғызылған ескерткіш, қаланың мерейтойы мен xалық әртісінің 90 жылдық торқалы тойына үлкен сый болмақ. Ұлттық кино және сахна өнерінің әлемдік деңгейдегі жарық жұлдызы Нұрмұхан Жантөриннің еңселі ескерткішінің ашылу салтанатына облыс әкімі Ералы Тоғжанов, актердің немере інісі Ғариполла Байзақов, үзеңгілес досы әрі Халық артисі Гүлжан Әспетова және жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Нұрмұхан Жантөрин ескерткішінің ашылуын Маңғыстау жұрты зор қуанышпен қабылдап, облыс әкімдігіне және үлкен істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын айтты. Актердің туған күніне арнап, алда әлі талай айтулы шаралар атқарылмақ. Бүгінгі игі іс тек бастамасы ғана.

    Ералы Тоғжанов жиналған қауымды қос қуаныш – Астана қаласының 20 жылдығымен және Нұрмұхан Жантөрин ескерткішінің ашылуымен құттықтады. Ескерткіште Нұрмұхан Жантөриннің ой үстінде отырған сәті бейнеленген. Қолдан тұрғызылған мүсіннің ұзындығы 2 м 7 см. Тұғыры гранит тастан жасалған ескерткіш 3 ай мерзімінде дайындалған. Жалпы биіктігі 4,5 метр. Авторы жергілікті мүсінші Көшер Байғазиев.

    Облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалы жылдан-жылға жақсарып, мәдениеті мен өнері қарқынды дамып келеді. Бүгінгі ескерткішінің ашылуы соның бір көрінісі. Бұдан бөлек, былтыр Отпантаудың басында қазақтың үш биіне арнап жаңа ескерткіш бойы көтеріп, дала билерінің бейінесі кең даланың төсінен орналасты. Сондай-ақ, өткен жылы облыста 11 жылдан кейін республикалық ақындар айтысы қайта жанданды. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын Маңғыстау жұртшылығы үшін бұл үлкен сый болды.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +