Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Ақтауда 6 мыңға жуық адам «Ерлікке тағзым» етті

    647
    09 мамыр

    Ақтауда 6 мыңға жуық адам «Ерлікке тағзым» етті

    Ақтауда Жеңістің 73 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға арналған салтанатты шеру өтті. Орталық көшеден «Мәңгілік алау» монументіне дейін қамтылған шарада ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік орын алды. Содан кейін қала тұрғындары мен қонақтарына «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты театрлық және концерттік бағдарлама ұсынылды. Салтанатты рәсімде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жиналған жұртшылықты Жеңістің 73 жылдық мерейтойымен құттықтады.

    «Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Отан қорғаушылар күніне» арналған әскери парадта - «Қарулы Күштер - бұл қауіпсіздіктің басты кепілі, егемендіктің берік іргетасы және біздің Отанымыздың бейбітшілігі мен тыныштығы» деген болатын. Бүгінгі нақты қауіптерге, терроризмге және күтпеген әлемдік экономиканың қиындықтарына қарамастан, біз елдің тұрақтылығын бағалап, этникааралық бейбітшілік пен Қазақстан халқының бірлігін бағалауымыз керек. Сондай-ақ, біздің ардагерлеріміздің Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесінің зор екенін атап өткім келеді. Олардың ерен ерлігі мен көзсіз батырлығы біз үшін батылдық пен табандылықтың, борыш пен адалдықтың жарқын үлгісі болды. Маңғыстау облысының әрбір төртінші тұрғынығ, яғни 6000-нан астам адам, Отанын қорғау үшін соғысқа шақыртылды. Олардың 4800-і шайқаста қаза тауып, із-түссіз жоғалды. Қазір біздің облыста 22 соғыс ардагері және 928 тыл еңбеккері бар. Олардың барлығы мемлекет қамқорлығында», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

    Сонымен қатар, аймақ басшысы Жеңіс күнін тойлауға келе алмаған ардагерлер Фауджи Жалмұханова мен Василий Лазаренконың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, облыс әкімі Екінші дүниежүзілік соғыстың 6 ардагеріне, 10 тыл қызметкеріне, 3 жауынгер-интернационалистке және Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға атсалысқан 3 қатысушыға салтанатты түскі ас берді.

    Мерекеде аймақ басшысы Жаңаөзен қаласындағы ҰОС ардагерлерін де арнайы құттықтады. Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан Кеңесбай Енсегеновке облыс әкімі Ералы Тоғжанов жаңа пәтер кілтін табыс етті. Ардагер II дәрежелі Отан соғысы ордені, «Еңбек ардагері» медалі, ІІ дәрежелі «Даңқ ордені» ордені, «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

    Облыс әкімі 2017 жылдың қараша айында Жаңаөзен қаласының маңындағы өткелде апатқа ұшыраған балалар Динара Тынымбай мен

    Бекарыс Досжановтың жағдайымен танысу үшін шаңырағына бас сұқты. Облыс әкімі Бекарыс Досжановқа пәтер кілтін, Динара Тынымбайға мүгедектер арбасын табыстады. Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов 1-топтағы мүгедек Людмила Башкенова жалдап тұратын көпқабатты үйдің жай-күйін барлап, мүгедекке баспана берді.

    Сапар соңында аймақ басшысы «Арай» ықшам ауданындағы «Бейбітшілік» жаңа тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарын аралады. Аталмыш нысан Жаңаөзен қаласындағы 2018-2022 жылдарға арналған апатты үйлерді жою бағдарламасы аясында қолға алынуда. Жобаның аяқталу мерзімі - 2022 жылдың желтоқсан айы.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +