Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

    727
    04 мамыр

    Ақтауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен жастар арасындағы халықаралық гран-при турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қатысты. Сондай-ақ, құрметті қонақтар қатарында Юрий Мельниченко, Бахтияр Байсеитов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Иманбаевсынды Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері бар.

    «Мінекей бүгін Маңғыстау өңірінде, Қазақтың Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған грек-рим күресінен жастар арасында халықаралық гран-при турнирібасталды. Бұл маңғыстаулықтар үшін үлкен қуаныш. Осындай халықаралық доданы киелі Маңғыстау жерінде өткізуді қолға алған ұйымдасырушыларға алғыс айтамын. Әзірбайжан, Иран, Ресей, Литва, Украина, Белоруссия сынды 15-тен астам елден бақ сынай келген қатысушыларға сәттілік тілеймін! Бұл турнир маңғыстаулықтарға ғана емес, барша қазақ жастарына әлемдік спортта бақ сынауға мүмкіндік берері сөзсіз», - деді құттықтау сөзінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов. 

    Турнир «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде 4-6 мамыр күндері өтеді. Оған әлемніің 15 елінен 60 спортшы шақырылды. Халықаралық турнирде Маңғыстау облысынан 5 спортшы қатысады.

    Сондай-ақ, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «НКОК» компаниясының басқарушы директоры Бруно Жардэн және Жақсылық Үшкемпіров Ақтау қаласынан бой көтеретін «Спорт сарайының» іргетасын қалау салтанатты рәсіміне қатысты. Нысан Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясының қолдауымен салынады.

    Cпорт сарайының құрылысы жобаға сәйкес осы жылы  басталады. Спорт кешені жобасында үш қабаттан тұрады және оның ішінде бокс және жекпе-жек күш сынасатын спорт түрлеріне арналған көрермендер залы, таэквондо, дзюдо және ауыр атлетика жаттығуларына арналған зал, үлкен бассейн, дене шынықтыру мен сауықтыру шараларына, хореография мен гимнастикаға арналған бөлмелер бар. Сонымен қатар шағын футбол, баскетбол, волейбол, теннис және жеңіл атлетикаға арналған көп қызметті ашық алаңдар да қарастырылған. Жаңа спорт орталығында 1500 орындық көп қызметті зал орналасады. Жерінің жалпы ауданы 20 220 шаршы метр.

    «Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек және жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға, нығайтуға ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Бүгін NCOC әлеуметтік инфро құрылымдык жобалар аясында жүзеге асырылып жатқан Спорт сарайы жобасы облыс тұрғындарының қызығушылығын одан әрі арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасайды. Осы Спорт сарайы ғимаратында, еліміздің туын көкке желбіретер ертеңгі чемпиондар шығатынына кәміл сенемін», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

    Сонымен қатар, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров Маңғыстау облысының активімен кездесіп, спорт саласындағы ел мақтанышарын жастарға үлгі етті.

      «Біздің жастар бақытты өмір сүруде. Елбасы саясатының арқасында еліміздегі спорт саласы белсенді дамып келеді.Бүгінде оларда спортпен жастайынан шұғылданып, өз елін әлемге танытатын атақты спортшыға айналу мүмкіндігі бар. Салауатты ұлт болып қалыптасу үшін дені сау ұрпақ тәрбиелеу жолында біз де өз үлесімізді қосып келеміз. Әртүрлі жарыстар ұйымдастырып, аудандар мен  шалғай ауылдарға жиі келуге тырысамыз.Біз жастарымызға атақты спортшыларды үлгі ете отырып, табандылық пен еңбексүйгіштіктің арқасында бәріне қол жеткізе алатынын түсіндіргіміз келеді. Мен Маңғыстау жұртшылығына  жылы қабылдағаны үшін ризашылығымды білдіремін және сіздің өңірде де Олимпиада чемпиондары көп болсын!» - деді Жақсылық Үшкемпіров.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +