Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Жемқорлық-«қоғамның жаһандық мәселесі»

01.07.2017
12:39
353

Әлемдегі барлық мемлекеттер «жемқорлық» атты алапат күшпен соқтығысуда. Қазіргі жағдайда, жемқорлық мемлекет ішіндегі мәселеден ғаламдық мәселеге айналуда. Алдыңғы қатардағы елдерді қоса алғанда, жемқорлыққа жауаптылықты күшейтуге жаңа заңдар мен нормаларды, жемқорлықпен күресудің өзіндік моделін қарастыруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарлы орынды алады. 10 жыл бұрын посткеңестік кеңістікте алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заң қабылданған. Арнайы орган - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі құрылды (бұдан әрі – қаржы полициясы). Елімізде парақорлармен күресуде қаржы полициясымен бірге «Нұр Отан» саяси партиясы жұмыс жасауда. Партия жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде ұлттық және аймақтық қоғамдық кеңестер құрылды. Сондай-ақ, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кез келген лауазымды атқаруға өмір бойы тыйым салуды енгізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын жүзеге асырудың маңызды құралдарының бірі ҚР Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы болып табылады. Қазақстанның жоғары макроэкономикалық көрсеткіштері сыбайлас жемқорлық деңгейімен сәйкес келмейді. Бұл көрсеткіш бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаһандық коалициясының «Транспаренси Интернэшнл»-мен 2015 жылы жарияланған сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сәйкес, Қазақстан әлемде 123-орынды иеленді.

Алайда, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе барынша толық және тиімді жұмыс істеу қажет еместігін көрсетеді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық статистикасы жағымсыз әсерде қалады.

Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген маңызды міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды жетілдіру болып табылады: «Экономиканың түрлі секторларын, мемлекеттік басқаруды, құқық қорғау саласын  реттейтін заңнамаларды терең «түгендеу» қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру үшін - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруда 100 қадамдар ұлт жоспарында бекітілген. Бүгінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» деп аталатын жаңа заң арқылы іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтілді (мүлікті тәркілеу, мемлекеттік қызметте кез келген лауазымды атқару құқығынан айыру және т.с.с.). Құқықтық инновацияларды іске асыру, жемқорлықты түбірімен жоюға бағытталған жаңа мемлекеттік орган - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылды. Азаматтардың санасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне төзбеушілік қасиеттерді дамытуымыз қажет. Бұл әрекетті орындау үшін күнделікті өмірден алынатын мысалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті кең ауқымды насихаттау қажет.

Қорыта келгенде, кез келген құқыққа қайшы әрекет жасаған жағдайда барлық артықшылықтардан айырылу мүмкін екенін есте ұстауымыз керек.

  Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму

министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы - Майрамқызы Қалима


Ақпараттық ресурстар