Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

ХАБАРЛАНДЫРУ

19.06.2017
10:37
376

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері арасында өтетін Ішкі  конкурс туралы хабарландыру

  E-G-3 санаты үшін, ішкі конкурс арқылы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

  Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
  жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы.

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-G-3

70041тг.

94 189тг.

«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, персоналды басқару бөлімі, 2-қабат, 202-бөлме, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-78468, e-mail: D.Esenova@mangystau.gov.kz,  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ішкі конкурс жариялайды:

  1. «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-заңгері, Е-G-3 санаты, 1 бірлік, (уақытша бос орын, 2019 жылғы 26 тамызына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Құқықтық сипаттағы құжат жобаларының (НҚА-рдың) Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкестігін қарау; сотта, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде мекеменің мүддесін білдіру; мекеме қызметкерлеріне құқықтық мәселе бойынша консультациялық көмек көрсету, талап ету жұмыстарын жүзеге асыру. Мекеме қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Азаматтық хал-актілерді тіркеуді ұйымдастыру. Мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарын қарастыру және мекеме қызметіне қатысты басқа да құжаттардың уақтылы орындалуына және 1-ОЛ есебінің дұрыс жүргізіліп, тапсырылуына бақылау жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің есепке алынып отыруын қадағалау. Келісім шарттардың дайындалу және оның орындалу практикасын, сондай-ақ шығындардың қаралу нәтижелерін талдайды және қорытындылайды, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде басшылыққа ұсыныстар береді. Еңбек тәртібін нығайту жөніндегі шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысады. Мекемеге келтірілген материалдық зиянының орнын толтыру жөніндегі жұмыста бухгалтерлік (қаржылық) қызметке құқықтық көмек көрсетеді. Қызметкерлерге материалдық зиянының орнын толтыру үшін жүктелген кезде көзделген тәртіп пен кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз етеді. Барлық шұғыл кеңестерге, шараларға қатысады. Қолданылып жүрген заңдарды насихаттау жөнінде жұмыс жүргізеді. Мекеме қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер жөнінде кеңестер, қорытындылар, мәліметтер береді. Нұр Отан партиясының жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасау. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатындағы іс шараларын жүргізу. Мекемедегі өрт қауіпсіздігіне қарсы жұмыстарды жүргізу, ұйымдастыру. Қалалық мемлекеттік мұрағатқа мекеменің құжаттарын уақытында және дұрыс тапсырылуын ұйымдастыру. Мекеменің құқықтық жұмысы туралы есебін дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі);  немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық  және кәсіптік білім: құқықтану (кеңесші-заңгер); құқық қорғау қызметі (заңгер).

  Конкурсқа  қатысу  үшін  қажетті  құжаттар:

  1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

  Құжаттарды қабылдау мерзімі  конкурс өткізу туралы хабарландыру  соңғы жарияланған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен  бастап 3  жұмыс күні ішінде көрсетілген мекенжай  бойынша  тиісті  мемлекеттік  органға  тапсырылуы  тиіс.

  Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

  Құжаттар электронды түрде мелекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда, тұлға әңгімелесуге  жіберілмейді.

  Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды  хабардар  еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратында өтеді.

  Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу  өтетін  жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке  қаражаттары  есебінен  жүргізеді

  Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның  отырысына байқаушылар шақырылады.

  Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан  Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының,басқа  мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың  өкілдері,  уәкілетті  органның  қызметкерлері  қатыса  алады.

  Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, сы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың  түпнұсқасын  немесе  көшірмелерін  ұсынады.

  Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде, 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

  Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

  Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

  Шағымдану тәртібі:

  1. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

2. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.


Ақпараттық ресурстар