Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

ХАБАРЛАНДЫРУ

20.04.2017
16:41
488

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Ішкі конкурс туралы хабарландыруы

E-G-3санаты үшінмемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
  жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
  мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
  жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы.

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-G-3

70041 т.

94 189 т.

«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, персоналды басқару бөлімі, 2-қабат, 202-бөлме, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-52468, e-mail: D.Esenova@mangystau.gov.kz,  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Жалпы конкурс жариялайды:

1. «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  бас маман-заңгері,E-G-3, 1 бірлік (уақытша бос орын, 2019 жылғы 26 шілдесіне дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне).

Функционалдық міндеттері:Құқықтық сипаттағы құжат жобаларының Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкестігін қарау; сотта,  мемлекеттік  және қоғамдық  ұйымдарда  құқықтық  мәселелерді  қарау  кезінде мекеменің мүддесін білдіру; мекеме қызметкерлеріне құқықтық мәселе бойынша консультациялық  көмек  көрсету, талап  ету жұмыстарын  жүзеге  асыру. Мекеме қызметінде заңдылықтың сақталуын  және оның  құқықтық мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  ету. Аппарат бойынша өкімдер дайындау, шешімдерді тіркеу және оларды орындауына бақылауды жүзеге асыру. Жеке  және заңды  тұлғалардың өтініштері мен хаттарын  қарастыру  және  мекеме қызметіне қатысты басқа да  құжаттардың  уақтылы  орындалуын  қамтамасыз  ету. 1-ОЛ есебінің  дұрыс  жүргізіліп, тапсырылуын  қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары білім. Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі).Немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық  және кәсіптік білім.

Құқықтану (кеңесші-заңгер); құқық қорғау қызметі (заңгер).

  2. «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Е-G-3 санаты, 1 бірлік,(уақытша бос орын, 2019 жылғы 26 тамызына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Құқықтық сипаттағы құжат жобаларының (НҚА-рдың) Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкестігін қарау; сотта, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде мекеменің мүддесін білдіру; мекеме қызметкерлеріне құқықтық мәселе бойынша консультациялық көмек көрсету, талап ету жұмыстарын жүзеге асыру. Мекеме қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Азаматтық хал-актілерді тіркеуді ұйымдастыру. Мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарын қарастыру және мекеме қызметіне қатысты басқа да құжаттардың уақтылы орындалуына және 1-ОЛ есебінің дұрыс жүргізіліп, тапсырылуына бақылау жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің есепке алынып отыруын қадағалау. Келісім шарттардың дайындалу және оның орындалу практикасын, сондай-ақ шығындардың қаралу нәтижелерін талдайды және қорытындылайды, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде басшылыққа ұсыныстар береді. Еңбек тәртібін нығайту жөніндегі шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысады. Мекемеге келтірілген материалдық зиянының орнын толтыру жөніндегі жұмыста бухгалтерлік (қаржылық) қызметке құқықтық көмек көрсетеді. Қызметкерлерге материалдық зиянының орнын толтыру үшін жүктелген кезде көзделген тәртіп пен кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз етеді. Барлық шұғыл кеңестерге, шараларға қатысады. Қолданылып жүрген заңдарды насихаттау жөнінде жұмыс жүргізеді. Мекеме қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер жөнінде кеңестер, қорытындылар, мәліметтер береді. Нұр Отан партиясының жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасау. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатындағы іс шараларын жүргізу. Мекемедегі өрт қауіпсіздігіне қарсы жұмыстарды жүргізу, ұйымдастыру. Қалалық мемлекеттік мұрағатқа мекеменің құжаттарын уақытында және дұрыс тапсырылуын ұйымдастыру. Мекеменің құқықтық жұмысы туралы есебін дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары. Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі); Немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық  және кәсіптік білім. Құқықтану (кеңесші-заңгер); құқық қорғау қызметі (заңгер).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішіндеЖаңаөзен қаласы әкімінің аппаратында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.


Ақпараттық ресурстар