Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • «Nur Kapital» бағдарламасы өз жұмысын бастады

    1234
    07 сәуір

    Бүгін Маңғыстауда «Nur Kapital» бағдарламасы салтанатты түрде іске қосылды. Шараға Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, қала мен аудан әкімдері, кәсіпкерлер қоғамдық бірлестіктерінің, екінші деңгейлі банктердің, қаржы институттарының өкілдері қатысты.

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» бірі – шағын несиені кеңейту.Мемлекет басшысы бұл бастаманың мыңдаған адамға өз бизнесін ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.Маңғыстау облысындағы Елбасы тапсырмаларын іске асыру және қолдау мақсатында ШОБ несиелерін жылына 1% -бен беретін «Nur Kapital» бағдарламасы іске қосылды. Бұл жобаны Мемлекет басшысы қолдап, мақұлдады.

    «Біз халықтың қоғамдық сана-сезімін жаңғырту үшін шағын және орта бизнесті дамытуға нақты жағдай туғызу міндетін қойдық.Қазіргі уақытта жалпы несие портфелі 2,7 млрд. теңгені құрайды (оның ішінде жергілікті бюджеттен 900 млн. теңге, «Даму» қорынан 1,800 млн. теңге).Бүгінгі таңда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Маңғыстау облыстық филиалымен (400 млн. теңге), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Жаңаөзен өңірлік филиалымен (400 млн. теңге) және «ForteBank» АҚ (322 млн. теңге), «Сбербанк России» АҚ ЕБ (150 млн. теңге) келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, осы бағдарламаға қатысу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Атамекен Микрофинанс» ЖШС өтінімдерін берді»,- деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

    «Nur Kapital» бағдарламасына қатысқысы келетін барлық кәсіпкер қажетті құжаттарды дайындау және жинаумен айналысатынЖаңаөзен қаласындағы және облыстағы бизнес-бөлімшелерге өз өтінімдерімен жүгіне алады.Сондай-ақ, кәсіпкер барлық қажетті құжатты екінші деңгейлі банктерге тапсырып, мақұлданған соң банкпен бірлесіп, субсидия алу үшін құжаттарды облыстық үйлестіру кеңесіне жібереді.Аймақтық үйлестіру кеңесі әрбір аудан үшін маңызды деп танылған жобаларды қарастырады.

    «Қазіргі таңда облыстағы қалалар мен аудандар әкімдіктерінде 2 млрд. теңгеден астам қаржыға кәсіпкерлер тарапынан 192 өтінім келіп түсті. Олардың 35% -ы мал шаруашылығы секторында,өңдеу, жеңіл өнеркәсіп - 22%, туризм - 16%,көлік және қойма - 8%,өсімдік шаруашылығы - 5%,денсаулық сақтау - 5%, қызмет көрсету - 3%, білім беру - 3%, тамақтану қызметтері - 1%, көтерме және бөлшек сауда - 1%, инвестициялар - 0,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс - 0,1%», - деді Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева.

    Кездесу барысында 2018 жылдың қаңтарынан бастап Маңғыстау облысында жүзеге асырылған «Кәсіпкер боламын!» атты пилоттық жоба таныстырылды.Кәсіпкерлік негіздеріндегі ойын жаттығуларының жобасы әлеуметтік-білім беруді көздейді: оқушылар арасында кәсіпкерлік сананы дамыту, бизнесті жүргізу әдістері мен құралдарын ұсыну.

    Аталмыш жобаның бастамасы аясында облыстың 12 пилоттық мектебінде 365 жоғары сынып оқушыларына арналған 14 бизнес-тренер факультативті сабақтар өткізеді. Сонымен қатар, бизнес-тренерлер мен олардың студенттері арасындағы конкурс басталып, 150 жеңімпазға халықаралық бизнес-тренерлердің қатысуымен бизнес-лагерь ұйымдастырылады. Жеңімпаздар аймақтың ірі кәсіпкерлері, «Даму» қоры және «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы» гранттарымен қамтамасыз етіледі.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +