Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Өнімді каталогтау дегеніміз не?

15.03.2017
10:17
470

Өнімнің каталогтау жүйесі – тұтынушылық және пайдаланушылық қасиеттері, өнімді шығарушылар, тұтынушы нарығына шығарылатын өнімге қатысты стандарттау бойынша нормативтік техникалық құжаттар туралы ұйымдастыру-техникалық ақпараттық жүйесі. Өнімнің каталогтау жүйесі:

·  Мемлекеттік органдарға мемлекеттік және жергілікті қажеттіліктеріне тапсырыс беру және сатып алу сұрақтарын реттеуге;

·  Өнім шығарушыларға қандай да бір тауарды шығарар алдында шикізат және материалдар бойынша, құрамдас өнімдер, құрылғылар және т.б. туралы ақпарат жинақтап шешім қабылдауға;

·  Маркетингтік зерттеу жүргізуге және өткізу нарығын анықтауға;

·  Отандық өнімді жарнамалауға;

·  Жаңа өнім түрлерін стандарттау мәселелерін шешуге;

·  Өнімді шығарушы кәсіпорындардан алынған каталог парағы негізінде шығарылатын өнімнің мәліметтер банкін құруға және өзектендіруге мүмкіндік береді.

Өнімнің каталогтау жүйесі Қазақстанда 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының 25-1 бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының 20 бабына сәйкес стандарттау бойынша нормативтік құжаттар бойынша шығарылатын Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдер каталогтау жүйесінде тіркелуі міндетті. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркеуге:

1) өнімнің тәжірибелік үлгілері (тәжірибелік топтары), өнімнің белгіленген сериялары;

2) бірлі-жарым өндіріс өнімі, авторлық құқық объектілері, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатпайды.

Өнімнің каталогтау парағы (ӨКП) – бұл белгілі бір өнім туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін бірыңғай реквизиттері атап айтқанда: өнімнің атауы, өнімді шығарушы, оөнімді шығаруда қолданылатын талаптар көрсетілген стандарттау бойынша нормативтік құжат,  сонымен қатар, өнімнің негізгі пайдалану қасиеттері туралы ақпарат жинақталған  құжат. ӨКП бір өнімге немесе бір норматиытік құжат бойынша шығарылатын маркасы, типі, орындалуы бойынша ерекшеленетін бірнеше өнімге толтырылады. Әр түрлі нормативтік құжат бойынша шығарылатын өнімдерге бір ӨКП толтыруға рұқсат етілмейді. Өнімнің каталог парағының нысаны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйетегі №291 «Өнімнің каталогтау парағы ныанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.

«Каталогтау» ақпараттық жүйесін жүргізу және өнімнің каталогын құру бойынша қызмет «Қазақстан стандарттау және сертификаттау» РМК («ҚазСтИн» РМК) жүктелген.

ҚР Инвестициялар жәнедаму Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық Департаменттері келесі қызметтерді жүзеге асырады:

·  Өнімнің каталог парағын қарастыру және оны өнімді каталогтау жүйесінде тіркеу;

·  Тіркеуден өткен өнімнің каталог парақтарын өнімнің каталогтау ақпараттық орталықтандырылған жүйесіне автоматтандырылып жіберу.

2014 жылдан бастап, «ҚазСтИн» РМК отандық өнімге көңіл аудару және шығарылатын өнімнің толық және нақты тізімдемесі, өнімнің тұтынушылық және пайдалану сипаттамалары және шығарушы кәсіпорындар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ҚР өнімді каталогтау ақпараттық жүйесінде тіркелген жоғарыда атап өтілген өнімнің каталог парағы негізінде «Қазақстан Республикасының өнімдер каталогын» шығарады.

Қазақстан Республикасының өнімдер каталогы үш бөлімнен тұрады:

1 бөлім – тамақ өнеркәсібі;

2 бөлім – ауыл-шаруалық өнеркәсібі;

3 бөлім – құрылыс өнеркәсібі.

01.01.2017ж. ақпарат бойынша, Қазақстан Республикасының өнімдерді каталогтау жүйесінде Маңғыстау облысының 31 кәсіпорны 182 өнім түрімен тіркелген.

ӨКП нысанымен танысу және оны дұрыс және нақты толтырылуы үшін Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтына» РМК Маңғыстау филиалына хабарласуыңызға болады. Мұнда тәжірибелі мамандар Өнімнің каталогтау ақпараттық жүйесінде тіркеу үшін ӨКП мемлекеттік және орыс тілдерінде толтыруға көмектеседі және каталогтау (стандарттау) бойынша барлық сұрақтарға жауап береді. Барлық сұрақтар бойынша 8 (7292) 420289, 304250, 335290 телефондары бойынша немесе aktau_ktrm@mail.ru, kazinstaktau@mail.ru электрондық мекен-жайына хабарласуыңызға болады.

Техникалық  реттеу және метрология

комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

Департаменті және

«Қазақстан стандарттау және

сертификаттау институты» РМК

Маңғыстау филиалы

Ақпараттық ресурстар