Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

07.03.2017
11:43
264

6 наурыз күні оқушылар шығармашылық үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараға қала әкімі Е.Әбілов, облыс депутаттары, кәсіпорын басшылары, меммлекеттік мекеме басшылары және ақ жаулықты аналарымыз, ардақты апаларымыз, қаракөз қарындастарымыз қатысты.
 

«Қашанда елге тұтқа, ұрпаққа пана болған әйел затынсыз жарық дүниені, төрткүл әлемді елестету мүмкін емес. Сұлулық пен даналықты бойына дарытқан әйелдер қауымының қоғамдағы орыны ерекше.

«Әлемдегі әсемдік пен сұлулық әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алады», - деген даналық сөз бар. Расында адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Әйел қолында тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы бар. Сондықтан ерді үйдің иесі санаған дана халқымыз әйелді шаңырақтың киесіне балаған. Тағылымды тарихымыз қайраткерлік қасиет қонған аналардан кенде болған емес. Ұлан-ғайыр далада ұрпақ мақтанышына айналған талай ұлағатты аналар өткені белгілі. Бұлардың өшпес өнегесі мен өлмес дәстүрі бүгінде жалғасын тауып келеді. Ел мен ерге сын болған кезеңде әйелдер қоғам жүгін қайыспай көтере білді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз елестету мүмкін емес» деп әйелдердің әлеуметтік жағдайына, денсаулығына баса көңіл аударып келеді. Қазіргі қоғамда әйел тек отбасын ойлайтын тұлға ғана емес, еліміздің саяси өміріне белсене атсалысып,  стратегиялық  міндеттерді шешуде зор үлес қосып отырған қоғам мүшесі. Сіздер мемлекеттiк қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткiзiп келесіздер. Біз әрқашанда қоғамның дамуын әйелдер қауымымен тығыз байланыстырамыз.  Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр шаңырақтың, отбасының, Отанның мерейі» - деп қала әкімі Е.Әбілов құттықтау сөзін айтып, мықты денсаулық, барлық бастамаларына табыс, отбасыларына береке тілеп, әйелдер қауымына бағалы сыйлықтар табыс етті.

Ақпараттық ресурстар