Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос қызмет орнына конкурс жариялайды

02.03.2017
17:01
709

Мекеменің атауы: «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекеменің мекенжайы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Жалын» шағын ауданы, 25 «Б» құрылыс

Мекеменің негізгі қызметі: Жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындау және мониторинг жүргізу, жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын  жастар қатарындағы азаматтардағы жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізу.

Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамаларына және орталықтың Жарғысына сәйкес Орталықтың қызметін ұйымдастырады және басқарады, сонымен қатар ұйымдастыру және әдістемелік басшылығын жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен, қоғамдық және басқа да халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге мүмкіндік беретін ұйымдармен өзара әрекеттеседі. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметін басқарады және бөлінген бюджеттік қаржының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді. Орталықты білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды. Еңбек және өндірістік тәртіпті күшейту, орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді. Азаматтардың өтініштерінің мерзімінде қаралуын және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,  Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және жұмыспен қамту мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Қажетті бейіні бойынша жоғары білім және басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы тиіс.

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 2)  мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
 4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
 6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының  2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 
бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.


   Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады. 

Үміткерлермен әңгімелесу мына мекен-жай бойынша жүргізіледі:

«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,  Сәтпаев көшесі,  №1 ғимарат, 2 қабат, 202 бөлме, анықтама алу үшін  телефон:  8 (72934) 52468.

Ақпараттық ресурстар