Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

БЖЗҚ-ның әрбір 4-шы салымшысы электрондық хабарлау тәсілін таңдады

16.02.2017
18:14
301

Шамамен 2,6 млн. адам (БЖЗҚ-да 10 млн. жеке зейнетақы шотының бар екенін еске саламыз) электрондық хабарлау тәсілін таңдаған, олардың ішінде 2,4 млн. адам. Қордың корпоративтік сайты немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы өз зейнетақы шотын бақылай алады. Мысалы, 2016 жылы ұялы қосымшаны жүктеу саны 78%-ға артқан, ал 2017 жылғы 1 қаңтарда жүктеу саны 509,7 мыңға жетті. 

2017 жылғы 1 қаңтарда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі 2015 жылғы ақпанда қолданысқа енгізілген сәттен бастап электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 352 мың үзінді көшірме берілген.

Бұл ретте салымшы (алушы) өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілдерінің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:

- БЖЗҚ-ға өзі келіп өтініш жасайды;

- электрондық пошта арқылы;

- электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының тіркелген логинін және парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ сайты арқылы электрондық хабарлау тәсілін;

- пошта байланысының қызметі арқылы.

Электрондық хабарлау тәсілінің өте ыңғайлы екендігіне баса назар аударамыз. Себебі әрбір салымшы (алушы) өз жинақтары туралы ақпаратты дәл осы жерде және осы уақытта алады, тек online болса болғаны.

Электрондық хабарлау тәсілін таңдаған БЖЗҚ салымшы (алушы) өз зейнетақысын бақылауға, есептеуге және жоспарлауға мүмкіндік беретін серпінді әрі заманауи құралдарға қол жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар планетамыздың жасыл қорына қомақты үлесін қосады. 

А4 форматында 11 500 парақ шығару үшін бір ағаш кесіледі. Біз жылына үзінді көшірмелер салынған 2,2 миллион конверт жібереміз, яғни ол үшін 380-ге жуық ағашты пайдаланамыз.

Дәл осы кезде, электрондық поштасына үзінді көшірме алатын 206 349 салымшы жылына 36 ағашты сақтап қалады екен. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы электрондық хабарлау тәсілін таңдаған 2,6 миллион адам жылына 450-ден астам ағашты сақтап қалады.

Анықтама:

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін жүргізуді, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Ақпараттық ресурстар