Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы

16.02.2017
17:20
385

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

E-4  санаты үшін жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

 мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы.

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Санаты

min

max

E-4

102 437 т.

138 248 т.

«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, персоналды басқару бөлімі, 2-қабат, 202-бөлме, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-52468,  e-mail: D.Esenova@mangystau.gov.kz,  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Жалпы конкурс жариялайды:

1. «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Терроризмге қарсы комиссиясының бас маманы,

E-4 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Терроризмге қарсы комиссияның қызметіне қатысты жоспарлардың, бағдарламалардың, нұсқаулықтардың, әдістемелік ұсынымдардың және өзге де құжаттардың жобаларын әзірлейді, қаладағы терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалға әсер ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни және өзге де процестерге мониторинг жасаудың, бағалаудың және болжаудың нәтижелері бойынша мәліметтерді жинайды, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту бойынша жай-күйді зерделейді, проблемаларды талдайды, іс-шараларды жүргізу туралы ұсыныстарды әзірлейді.

Маңғыстау облысы әкімінің аппараты жанындағы терроризмге қарсы комиссиясымен іс-қимыл жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім.

  Жоғары. Білім саласы (педагогика және психология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті). Гуманитарлық ғылымдар (дінтану, теология, философия, филология, тарих, халықаралық қатынастар). Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, еңбекті ұйымдастыру және нормалау). Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, тау-кен ісі, мұнай газ ісі, құрылыс). Қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс, жерге орналастыру, бағалау).Әскери іс және қауіпсіздік (Өрт  қауіпсіздігі, Ақпараттар қауіпсіздік жүйелері).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Құқықтану мамандықтары (кеңесші-заңгер);

Құқық қорғау қызмет мамандықтары (заңгер).

Есеп және аудит мамандықтары (бухгалтер, экономист - бухгалтер).

Экономика мамандықтары (экономист); Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану (құрылыс технигі); Өрт қауіпсіздігі (өрт сөндіру инспекторы); Төтенше жағдайда қорғау (бейін бойынша) (техник).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 

2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 

  3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 

  4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 

  6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

  Құжаттарды қабылдлау мерзімі жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7  жұмыс күні.

  Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

  Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не  «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

  Білімі туралы құжаттардың, еңбек өтілін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

  Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

  Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргіздеі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. 

  Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы  Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

  Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Шағым жасау тәртібі:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиітсті шешім қабылдануына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Ақпараттық ресурстар