Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Орауыштың қауіпсіздігі туралы

15.02.2017
12:30
464

Қазіргі заманда өнімдер мен шикізаттың біртұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  қозғалыстарда және сақталу кезеңдерінде қаптама қолданылады.

Орауышты (тығындап бекіту құралдарын) тағайындалуы бойынша қолдану кезінде орауыштың (тығындап бекіту құралдарының) құрастырылымына және қолданылатын материалдарға байланысты қауіп-қатерді азайту қамтамасыз етілетін тәсілмен жобалануға және дайындалуға тиіс.

  Сонымен қатар, орама үшін әр түрлі материалдар пайдаланылады, атап айтқанда:

Металл, полимер, қағаз және қатырма қағаз, шыны, ағаш, біріктірілген материалдардан жасалған,тоқыма материалдардан жасалған,қыш.

    Техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы 2010 жылдың 18 қарашадағы келісіміне сәйкес, Кеден одағының КО ТР 005/2011 «Қаптама қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті әзірленді және ол 2011 жылдың 16 тамызында №769  Кеден одағы қауымдастығы кеңесінің шешімі бойынша бекітілген.

«Қаптама қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентшығарған еліне қарамастан орауыштың барлық типтеріне, оның ішінде дайын өнім болып табылатын, Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылатын тығындап бекіту құралдарына қолданылады.

  Бұл техникалық регламент адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлардың өмірін не денсаулығын, өсімдіктерді қорғау мақсатында сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату, сондай-ақ тағайындалуы мен қауіпсіздігін қатысты орауыштың (тығындап бекіту құралдарының) тұтынушыларын жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында жасақталды.

  Техникалық регламент орауышқа (тығындап бекіту құралдарына) қойылатын, Кеден одағының кедендік аумағында қолдану және орындау үшін міндетті талаптарды орнатады.

Осы техникалық регламент медициналық құралдарға, дәрілік заттарға, фармацевтикалық өнімге, темекі бұйымдарына және қауіпті жүктерге арналған орауыштарға қолданылмайды.

  Балалар тағамын, парфюмерлік-косметикалық өнімді, ойыншықтарды, балалар түржиыны бұйымдарын қоса алғанда, тамақ өнімін буып-түюге арналған орауыш олармен түйісетін үлгілік және ауа орталарына адам денсаулығы үшін зиянды, химиялық заттардың шектік жол берілетін көшіп ауысу мөлшерінен аспайтын мөлшердегі заттарды бөлмеуге тиіс.

Таңбалауда орауыш (тығындап бекіту құралы) жасалатын материалды бірдейлендіру үшін қажетті ақпарат, сондай-ақ тұтынушылардың оны кәдеге жарату және ақпараттандыру мүмкіндігі туралы ақпаратты жазуға тиіс.

  Таңбалауда орауыш (тығындап бекіту құралдары) жасалатын материалдың сандық белгіленуі және (немесе) әріптік белгіленуі (аббревиатура) жазылуға және пиктограммалар мен символдар жазылуға тиіс.

Орауыш (тығындап бекіту құралдары) туралы ақпарат ілеспе құжаттарда берілуге тиіс және:

орауыштың (тығындап бекіту құралдарының) атауы;

орауышты (тығындап бекіту құралдарын) тағайындау туралы ақпарат;

сақтау, тасымалдау шарттары, кәдеге жарату мүмкіндігі;

өңдеу тәсілі (бірнеше айналымды орауыш үшін);

дайындаушының (өндірушінің) атауы мен орналасқан жері, олармен байланысуға арналған ақпарат;

дайындаушының уәкілетті тұлғасының, импорттаушының атауы және орналасқан жері, олармен байланысуға арналған ақпарат (олар болған жағдайда);

дайындалған күні (ай, жыл);

сақталу мерзімі (егер дайындаушы (өндіруші) белгілесе) жазылуға тиіс.

  Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында (заңнамаларында) тиісті талаптар болған жағдайда, ақпарат орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілдерінде жазылуға тиіс.

  Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарар алдында орауыш (тығындап бекіту құралдары) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау процедурасынан өтуге тиіс.

  Орауыштың (тығындап бекіту құралдарының) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау міндетті сипат алады және мынадай схемалардың бірі бойынша сәйкестікті декларациялау нысанында жүзеге асырылады.

  Осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін және осы техникалық регламентке сәйкес сәйкестікті растау процедурасынан өтетін орауышта (тығындап бекіту құралдарында) ілеспе құжатпен бірге берілетін Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланған таңбалауы болуға тиіс.

Ақпараттық ресурстар