Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Маңғыстауда «Мың алғыс» акциясы өтті

    704
    01 наурыз

    1 наурыз – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес елімізде Алғыс айту күні болып белгіленді. “Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде – 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады – барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді”, – деді Қазақстан Президенті.

    Алғыс айту күніне орай Маңғыстау облысында жиырмаға жуық іс-шара жоспарланып, ұйымдастырылуда. Ақтау қаласында алғыс айту күні теңіз жағалауында жаппай жүгіру марафонынан басталды. Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше  жас спортшылар мен бапкерлері, қала тұрғындары және мемлекеттік қызметкерлер барлығы 400-ге жуық адам жаппай жүгіруге ниет білдірген. Ең жас марафоншының жасы 7-де болса, ең ересек қатысушы 65 жастағы Қайрат Қойшыбаев. Шара соңында марафонға қатысушылар бір-біріне алғыстарын білдірді.

    «Yessenov University»-де тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің  ұйымдастыруымен және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелелері  басқармасының қолдауымен  «Алғыс айту күні» мерекесіне орай «Алғыс бәйтерегі» акциясы өтті. Акция барысында университеттің бас ғимарат фойесінде орнатылған «Алғыс ағашына» 1000-нан астам студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер өздерінің алғыс стикерлерін жапсырып, алғысын білдірді. Шараның мақсаты: жастарды  әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу,  айналасындағыларға ризашылық пен алғыс, сыйластық пен сыпайылық қарым – қатынас қасиеттерін дамыту.

    Сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақовтың қатысуымен Абай атындағы мәдениет үйінде «Мың алғыс» акциясы ұйымдастырылды. Жаңа жылдан бастау алған Асар қайырымдылық шарасы бүгін «Жомарт жүрек» акциясымен жалғасты. Шарада мұқтаж жандарға сыйлықтар табыс етіліп, көрерменге мерекелік бағдарлама ұсынылды. Концерттен түскен қаражат ауыр сырқатқа ұшыраған балалардың емделуіне жұмсалады. Маңғыстаулық меценаттар «Облыстық балалар ауылының» тәрбиеленушілеріне қажетті заттар табыстап, «Облыстық туберкулезге қарсы диспансерге» қаржылай қолдау көрсетті. №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына тұрмыстық техника берілді.

    Маңғыстау облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктерінің қызметкерлері мен жергілікті атқаруша органдар қамқоршысынан айырылған және мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасыларға, көмекке мұқтаж жандарға арнайы барып, түрлі сыйлықтар табыс етті.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі



    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +