Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Маңғыстауда алғыс айту 30 күнге жалғасады

    779
    01 наурыз

    Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Асар» қайырымдылық шарасының жалғасы ретінде «Жомарт Жүрек» акциясын жариялады. Қайырымдылық шарасы наурыздың 1-31 аралығында  облыс бойынша өтеді.

    Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов алдымен облыстық мүгедектер мен қарттар үйі мен ҰОС ардагерлерін мерекемен құттықтай отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына, өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтты. Шара барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов «АСАР» қайырымдылық шарасының басталғанын салтанатты түрде жариялап, облыстық мүгедектер мен қарттар үйіне арнайы сыйлығын тарту етті.

    «Өздеріңіз жақсы білетіндей, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы Жарлығына сәйкес, 1 наурызда елімізде Алғыс айту күнін атап өтеміз. Сондықтан көктемнің шуақты мерекесі алғыс айтуды өздеріңізден бастауды ұйғардық. Бұл жай мереке емес. Алдымен, ұлан-байтақ даламызды бізге аманат еткен ата-бабамызға алғыс айтамыз. Әке-шешемізге, ұстаздарымызға, дәрігерлерге, Отан қорғаушыларымызға және еліміздің ертеңі жастарға алғысымыз шексіз! Қаншама қиын кезеңдерді бірге өткізіп, талай жеңістердің басы-қасында бірге болып,  Елбасының әрбір бастамасына қолдау көрсеткен халқымызға, соны жүзеге асырған Елбасыға рақмет айтамыз! Айтуға оңай шығар бірақ соның бәрін өз қолымен жасау оңай емес. Қаншама тер төгілді. Тәуелсіз Қазақстанның шекарасы бекітілді. Бүкіл дүниежүзінің мемлекеттері мойындады. БҰҰ-да Қазақстан Елбасының төрағалығымен үлкен кеңестер  өткізіп жатыр.  Оның сардарлы салмақты саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан үшін, оның тұғырлы қазығын қаққаны үшін, дүниежүзіне үлгілі ел болғанымыз үшін рақмет!

    Елдің алғысына бөленіп, жүрекке жылу сыйлау үшін «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясын бастауды ұсынамын. Өздеріңіз жақсы білетіндей, биыл жыл басында облыс бойынша «Асар» қайырымдылық шарасын бастаған болатынбыз. Нәтижесінде, 30 миллионнан аса қаржы жиналып, үш жарым мың отбасыға (3500) көмек көрсетілді. Бұл бастама тек бұнымен тоқтап қалмайтынын айтқан болатынмын. Ендеше,  бүгін міне, игі іс дәл осы шарада, дәл осы уақытта салтанатты түрде жалғасын таппақ», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

    «Мен баршаңызды Алғыс айту мерекесімен құттықтап, алдымен денсаулық тілегім келеді. Сондай-ақ, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа еліміздегі бейбітшілік, тыныштық, бірлік пен береке үшін шын жүректен алғыс айтамын! Қарттарын ұмытпай қажет етіп, үнемі қамқорлық танытатын облыс басшылығына, мәдени және ұлттық орталықтар өкілдеріне ризашылығымды білдіремін!», - деді Надежда Аустрина.  

    30 күнге жалғасатын «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясының мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтары: аз қамтылған отбасыларға, мүгедек балалары бар жанұяларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және ҰОС ардагерлеріне көмек көрсету, олардың тұрмыстық-әлеуметтік қажеттілігін өтеу. Сонымен қатар, 1 ай бойы «Жомарт-Жүрек» экспозициясымен арнайы автокөлік облыстың екі қаласы мен барлық ауданын аралайды. Көмекке мұқтаж жандар өздерінің сұранысын жазып, жәшікке сала алады. Барлық ниет білдіруші мұқтаж жандарға көмек көрсете алады. Сонымен қатар Наурыз айында бүкіл өңірде «Жомарт-Жүрек» қайырымдылық марафоны аясында 20-дан астам іс-шара өтеді.

      Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Асар қайырымдылық акциясы барысында орналастырылатын «Жомарт жүрек» жүрекшесінің орналасу кестесі.

    Қала,аудан

    Уақыты

    Жауаптылар

    1

    Ақтау қаласы

    01.03.2018-04.03.2018

    Ақтау қаласы әкімдігі

    2

    Мұнайлы ауданы

    05.03.2018-08.03.2018

    Мұнайлы ауданы әкімдігі

    3

    Қарақия ауданы

    09.03.2018-12.03.2018

    Қарақия ауданы әкімдігі

    4

    Маңғыстау ауданы

    13.03.2018-16.03.2018

    Маңғыстау ауданы әкімдігі

    5

    Жаңаөзен қаласы

    18.03.2018-21.03.2018

    Жаңаөзен қаласы әкімдігі

    6

    Түпқараған ауданы

    23.03.2018-26.03.2018

    Түпқараған ауданы әкімдігі

    7

    Бейнеу ауданы

    27.03.2018-30.03.2018

    Бейнеу ауданы әкімдігі

    30-31.03.2018 Ақтау қаласы жабылу салтанаты.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +