Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Маңғыстауда «Газ-химия кешені» жобасы іске асырылуда

    952
    26 ақпан

    Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиында облыстың 2017 жылғы инвестициялық жұмыстары қорытындыланып, 2018 жылғы жоспарлары мен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жасалып жатқан жұмыстар талқыланды.

    2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 432,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1%-ға артық (405,6 млрд.теңге).

    Негізгі капиталға салынған шикізат емес сектордың инвестициялық көлемі 2017 жылғы мемлекеттік бюджеттен тыс 182,7 млрд. теңгені құрады.

    Құрықтағы паром кешенін, «ҚазАзот» АҚ-ның минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытын, «Ақтау теңіз порты» АЭА және т.б.жобаларды жаңғырту нәтижесінде инвестициялар көлемі ұлғайды.

    «ҚазАзот» АҚ пен  Иннер Монголия Берун Холдинг қытай компаниясы «Газ-химия кешені» жобасын іске асырып жатыр. Қазіргі уақытта Ухань Институты Газ-химия кешенінің жобасын әрі қарай жалғастыру үшін техникалық-экономикалық негіздеме алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізуде.Малайзияның Rich Energy компаниясы құны 1,7 млрд теңге тұратын «Мұнай және газды өңдеу кешені» жобасын қолға алуда», - деді Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Дәрімбет Бәйімбетов.

    Қытайлық NWPC компаниясы француздық ECM Technologies және «Каспий» ӘКК» АҚ-пен бірлесіп 5 млрд. теңге сомасына «Mangystau Solar» бірлескен кәсіпорнын құрып,  Шетпе ауылында қуаттылығы 12 МВт күн электр станциясының құрылысын жүзеге асыруда. Трансұлттық компанияларды тарту шеңберінде Маңғыстау облысында Шетпе ауылында Hedebelberg Cement цемент зауыты, Каспий битумы CITIK Group, Tenaris компаниясы - премиальды байланысқа ие құбырларды шығаратын зауыты, KUDU Industries (Schlumberger) бұрандалы сорғылар өндірісі сияқты жобалар жүзеге асырылуда.

    Маңғыстау облысының кәсіпкерлікті қолдау картасының шеңберінде 2018 жылы жалпы сомасы 11,5 млрд. теңге болатын 4 жобаны іске қосу жоспарланып отыр, бұл 223 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.  Осы жылы Маңғыстау облысында «Бизнесті қолдау» картасын қоспағанда, экономиканың әртүрлі секторларында жалпы сомасы 57,4 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба қарастырылып, 1 854 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

    Ағымдағы жылы «Ақтау теңіз порты» АЭА жобалық құны 10,5 млрд теңге болатын 5 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр, ол 254 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 2018 жылы «Каспий» ӘКК »ҰК» АҚ жалпы құны 13,1 млрд.теңгені құрайтын 2 жобаны іске қоспақшы. Сондай-ақ, биыл «Маңғыстау» индустриялық паркінде 192 жұмыс орнын құратын жалпы сомасы 979,2 млрд. теңге 4 жоба іске қосылады.2018 жылы МЖӘ тетігі жалпы сомасы 2,9 млрд. теңгеден асатын 10 жобаны 779 жұмыс орны ашылатын іске қосу және экономиканың әртүрлі секторларында жалпы сомасы 30,0 млрд. теңгеден асатын нәтижесінде 589 жұмыс орны пайда болатын 11 жоба жоспарлануда.

    Сонымен қатар, аппараттық жиында Білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жасалып жатқан жұмыстарды баяндады.

    Республика бойынша барлық мектеп 2017 жылдан бастап  5 күндік оқу аптасына, 40 минуттық сабақ жүйесіне көшірілді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін педагогтардың 71 % (ҚР-52%)  біліктілігін арттырды.  Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған білім мазмұнына көшірілген сыныптарға сабақ беретін 5066 (43%) мұғалім лауазымдық төлемге  30%  үстеме ақы алуда. 

    Педагог мамандарды даярлайтын колледждердің оқу бағдарламаларына жаңартылған білім беру мазмұны енгізілді және биылдан бастап бітіруші студенттер дипломдарына қосымша сертификаттар алып шығады. Жаңартылған білім мазмұнына көшірілген сыныптардағы барлық оқушы оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілді.  Алдағы оқу жылында 3,6,8 сыныптардың оқулықтарын 100%  қамтамасыз ету мақсатында  облыс бюджетінен 2 027,95 мың теңге қаржы бөлінді.

      «Жаңартылған білім мазмұны бойынша барлық оқушылардың  44% (ҚР-42%) білім алуда. Алдағы оқу жылынан бастап 3,6,8-сыныптар көшеді. Облыс әкімдігі мен Назарбаев Зияткерлік мектебі дербес білім беру ұйымдары арасындағы меморандумға сәйкес,  осы оқу жылында  213 әдістемелік көмек көрсетілді», - деді Білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +