Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Өңірімізде «ЖАСЫРЫН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫ» әдісімен қоғамдық бақылау іс-шаралары жалғасуда

    2922
    05 сәуір

    Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауында  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және себептерін анықтап, жою және барлық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге белсенді қатысуы қажеттілігіне ерекше мән берілген.

    Қоғамды  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға қатыстыру және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында, ағымдағы жылдың басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен келіп түскен тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айында Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, «Жасырын тұтынушы» әдісімен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті және оның қала аудан басқарма бөлімдерінде «Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша бақылау іс-шаралары жүргізілді.

      Жобаның басты мақсаты қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

      Іс-шаралар барысында мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен айқындалмаған құжаттарды сұрату, қате кеңес беру және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы жағдайдың болмауы секілді кемшіліктер мен заңбұзушылықтар анықталды.

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға міндетті, делінген.

    Алайда, Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Ақтау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтаманы алу үшін қажетті құжаттар тізімін ұсынудан бас тартып, қызмет алушының өзі келу қажеттігін және әр азаматқа анықтама берілмейтіндігін түсіндірген.

    Ал, Жаңаөзен қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері анықтаманы алу үшін стандартпен айқындалмаған құжаттар талап етілетіндігін және әр азаматқа анықтама берілмейтіндігін түсіндіріп, құжаттарды қабылдау үшін тікелей басқармаға келу керектігін айтқан.

    Дегенмен, «Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, құжаттарды қабылдау халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

    Осыған ұқсас кемшіліктер,Бейнеу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қызметкерлері тарапынан орын алып, бөлім ғимаратының кіре берісінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы пандус орнатылмағандығы белгілі болды.

      Өз кезегінде, аталған кемшіліктер бойынша Департаментпен Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне тиісті шаралар қабылдау үшін бірқатар ұсыным хаттар жолданып,  қазіргі таңда, бұл ұсыныстардың орындалуы Департаменттің жеке бақылауында тұр. 

     


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +