Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • 2017 жылы Мұнайлы ауданында орташа жалақы 140 260 теңгені құрады

    1058
    07 ақпан

    Бүгін Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев тұрғындар алдында есеп берді. Жиында ауданның ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында 2017 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған іс-шаралар мен 2018 жылға арналған міндеттері мен жоспарлар туралы баяндады.

      Мұнайлы ауданында 2018 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішке сәйкес, тұрғындар санының өсімі 105,9% немесе 152 300 адамды құрады.

      Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі (2018 жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай) – 70 418,9 млн. теңге.Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекстері – 100,8 пайызға орындалды.Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі - 16,02 млрд. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 82,8% болып, құрылыс жұмыстарының көлемі 16 млрд. 390 млн. 500 мың теңгені құрады.

        2018 жылдың 1 қаңтар жағдайына  жалпы көлемі 139 мың 800 шаршы метр тұрғын үйлер іске қосылды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117% пайыз көрсеткішке жетіп, 20 мың 400 шаршы метрге көбейді  (01.01.2017ж – 119,4 ш.м.). 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  24 пәтерлік 12 үй, барлығы 288 пәтер құрылысы салынып, несиелік бағытта азаматтарға табысталуда. Бүгінде 113 отбасы осы бағдарлама бойынша қоныс тойларын жасап, пәтерлерге орналасты.

      Биыл Батыр ауылында 4 пәтерлік 40 үйдің құрылысы басталып, оның 64 пәтерден құралған 16 үйі және барлығы 192 пәтерден құралған 8 тұрғын үй 2018 жылдың сәуір айында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 2018 жылы наурыз айында Батыр ауылдық округіндегі Емір шағынауданынан 4 пәтерлі 24 тұрғын үйдің барлығы 96 пәтерді құрайтын құрылыс жұмыстары басталады.

      Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемін 1 млрд. 455 млн. теңге көлемінде орындау міндеті жүктелген. Қазіргі таңда аталған тапсырма 1 млрд. 648,6 млн. теңгеге орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 117,3 пайызды құрады.

      «2017 жылдан бастап ауданда «Экзотикалық құстар әлемі» құс фабрикасы жұмыс істейді. Мұнда үйрек, қаз, түйеқұс, бөдене, күрке тауық, қырғауыл фазан және павлин сияқты 5000-ға жуық құс өсіріледі. Мұнайлы ауданының 10 жылдық мерейтойы аясында Маңғыстау ауылында 6 000 тонна ұн сақтайтын астық қоймасы бар «Асқар» ұн-жарма өңдейтін өндірістік комбинаты іске қосылды. Ұн комбинаты қазірде тәулігіне 120 тонна жоғары, бірінші сұрыпты ұн және 30 тонна кебек дайындап, сауда-саттыққа шығаруда. Осы жылдың наурыз айында «Мұнайлы» сауда маркасымен ұн шығаруды бастайды», - деді Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев.

      Жергілікті бюджетке түскен салықтық және салықтық емес түсімдер – 5 567 млн.теңгені құрады (01.01.2017ж. – 4 228 млн.теңге). Яғни өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 339 млн.теңгеге немесе 131,7%-ға артық орындалды.

       2017 жылдың 1 желтоқсанында барлық экономикалық қызмет түрі бойынша жұмысшыларының орташа жалақысы 140 260 теңгені құрап, 2016 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 14 026 теңгеге өсті (01.12.2016 ж – 126 234 теңге).

      Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасы бойынша 2017 жылы ауданда 2100 жұмыс орнын ашу міндеттелген. Жыл бойы 2895 жұмыс орны құрылып, 2016 жылмен салыстырғанда 667 жұмыс орнына көбейді. Оның ішінде: 1387 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

      2017 жылы 499 орындық 7 жекеменшік балабақша ашылды.Маңғыстау-2 тұрғын үй аумағынан мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағытында 140 орындық балабақша құрылысы жүргізілуде. Осындай 140 орындық 2 балабақшаны мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағытында Маңғыстау-3, Қызылтөбе-2 тұрғын үй массивтерінен салу жоспарланып отыр.

      2 жекеменшік «Көңілімқос», «Мұхаммед» денсаулық ұйымдары іске қосылып, бүгінде «Мұхаммед» жекеменшік денсаулық клиникасы Басқұдық ауылының 10 000 тұрғынын мекенжай тіркеліміне тіркеп мемлекеттік тапсырыспен тұрғындарға сапалы дәрігерлік қызметтерін көрсетуді бастады.

      Денсаулық сақтау саласында 2017 жылы 1 - жасқа дейінгі сәби өлімі 8 промильді құрады (01.01.2017 ж.– 10,4 промиль). Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,4 промильге төмендеді. 2017 жылы денсаулық сақтау саласында ана өлімі тіркелген жоқ.

      Өкпе ауруына  шалдыққандар 100 мың тұрғынға шаққанда  2018 жылдың 1 қаңтар  жағдайына 58,5 промильді құрап (01.01.2017ж. – 68,5 промиль), өткен жылмен салыстырғанда  6 промильге азайды.

      Қазіргі уақытта аудандағы өзекті мәселелердің бірі ауылдарды ауылішілік жолмен қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде қоғамдық көліктердің, тұрғындардың жүріп тұруына қолайлы жағдай туғызатыны анық. Осы мәселелерді шешу бағытында, 2017 жылы Баянды ауылында 3 шақырым, Атамекен ауылында 2,4 шақырым, Қызылтөбе -2 елді мекенінде 5,5 шақырым, Қызылтөбе-2 – Жаңа Дәулет елді мекендеріне 7,8 шақырым,  Маңғыстау-3, 4 елді мекендеріне 4,2 шақырым, аудандық маңыздағы Жаңаөзен-Құрық автожолының аралығына 6 шақырым барлығы 27 шақырым  асфальт жолы төселді.

       «Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың Мұнайлы ауданының әкімдігіне жүктеген 160 хаттамалық тапсырмасының 114-і толықтай орындалды. Қалған  46 тапсырманың 22-сі 2018 жылы іске асырылады, 24 тапсырма тұрақты бақылауға алынды», - деді аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +