Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Маңғыстауда «Асар» қайырымдылық акциясы аясында 3500 отбасыға көмек көрсетілді

    731
    01 қаңтар

    Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың үндеуімен басталған «Асар» акциясы қорытындыланды.

    Қайырымдылық шарасы аясында Маңғыстаудағы тұрмысы төмен 3500 отбасыға 30 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілген.

    Игі бастаманы өңірдегі барлық аудан, қала әкімдіктері қолдап, шараға мекемелер, кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық  кеңес пен ұйымдар, аймақ жастары өз үлестерін қосты.

    Мұнайлы ауданы бойынша  524 жағдайы төмен және көпбалалы отбасына  2 096 000 теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілген. 720 мүгедек, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға  1 200 000 теңгеге қайырымдылық шыршасы ұйымдастырылған. Аудан кәсіпкерлері де атсалысып, 15 отбасыға қаппен ұны үлестіріліп, Батыр ауылындағы бірнеше бала қыстық сырт киіммен қамтылды.Аудандық прокуратура ұжымы, Маңғыстау ауылдық "Миғраж" мешіті және аудан жастары да атсалысты.

    Мәселен,  Дәулет ауылдық округі әкімдігі ғимараты жанынан ауылдық қоғамдық кеңес мүшелеріне және ардагерлерге арналған бөлме ашылды. Атамекен ауылдық округі әкімдігінің және Ар-Раxман мешітінің ұйымдастыруымен тұрмыстық деңгейі төмен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылары балаларына жаңа жыл мерекесі қарсаңында сыйлықтар үлестіріліп, қыстық киім-кешекпен қамтамасыз етілді.

    Түпқараған ауданында 52 отбасы мен 179 балаға 5 210 000  теңгенің қайырымдылық көмегі жасалған.

    Бейнеу ауданында 118 аз қамтылған отбасы мен 148 балаға 2,1 млн. теңгеге азық – түлік, сыйлықтар, киім-кешектер таратылған. Оның ішінде 37 жетім балаға қысқы сыртқы киімдер мен аяқ киім алып берілді. 70 мүмкіндігі шектеулі балаға жаңа жылдық сыйлық жасалып, 41 әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыға сый – сияпат жасалды.

    Қарақия ауданы да шараға белсенді атсалысып, 111  мұқтаж отбасына  3 512800 теңге көлемінде жаңажылдық  сыйлықтар  мен  қажетті  азық – түлік  жиынтығы  табысталған. 

    Маңғыстау  облысының  кәсіпкерлік  палатасы  «Атамекен» Қарақия  аудандық  филиалы  тарапынан Құрық гимназия  мектебінде оқитын жағдайы  төмен отбасылардың  балаларына  104  балаларға сыйлық берілді. Жетібай аудандық электрожүйесінің Құрық бөлімшесі мен «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ4отбасының қарызын өтеп берген.

    Ал, Ақтау қаласында да 1500 адамға жалпы сомасы 5 млн. теңгеге азық-түлік пен жаңа жылдық сыйлықтар үлестіріліп, қаржылай көмек берілді.

    Жаңаөзен қаласында «Асар» акциясы аясында Теңге жол көлік апатынан зардап шеккен науқастарға Жана жылдық сыйлықтар берілді. Ноутбук пен ұялы телефондар және тәттілер үлестірілген. "ӨзенМұнайГаз" АҚ 300 балаға қайырымдылық шыршасын әкімшіліктің қолдауыменұйымдастырып, сыйлықтар таратты.

    Жаңаөзен қаласы Теңге мен Рахат ауылында да мүгедек, жалғызбасты ана мен 7 отбасыға қаржылай көмек, азық-түлік және жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.  Сондай-ақ,  қайырымдылық шыршасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдай төмен 150 балаға  сыйлықтар берілген. Қызылсай ауылында 120 бала мен 10 жағдайы төмен отбасыға азық-түлік таратылды.

    Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы атсалысып, «Ақтау қайырымды жандары» ерікті жастарының ұйымдастырумен қарттар үйінде қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылған.Шара барысында қарттарға арнайы дастархан жайылып, сыйлықтар табысталды.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +