Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Елбасы Н.Назарбаевтың "5 - әлеуметтік бастама" бағдарламасын іске асыру жөнінде жиын өтті

    673
    07 наурыз

    Бүгін, қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған «5 - әлеуметтік бастама» бағдарламасын іске асыру мәселесі жөнінде қала активінің қатысуымен өткен жиында қала әкімі Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз еліміздің дамуын әрі қарай жалғастыру үшін мемлекет тарапынан жасалатын әлеуметтік бастамаларды Қазақстан халқына жария етті.Ұсынылған 5 – әлеуметтік бастамаларының тетіктерін іске асыру мақсатында, күні кеше Қазақстан Республикасының Үкіметімен Мәжіліс өткізіліп, бірқатар орталық мемлекеттік органдардың басшыларына жедел түрде бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жасақтап, оларды іске асыру үшін қаржыландырудың көздерін анықтау туралы нақты тапсырмалар берілгенін. Жалпы, Елбасының ұсынған «5 – әлеуметтік бастамасы» Қазақстан халқымен жылы қабылданып, әлі де оның жақсы тұстары талқылануда» екенін атап өтті.

    Жиын барысында «Халық Банкі» Акционерлік қоғамының МО Жаңаөзен қаласы филиалының директоры Г.Бәйтерекова, қалалық кірістер басқармасы басшысының орынбасары Н.Жәнібеков өз ойларын ортаға салды.

    Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында өндірістік кәсіпорындарды заман талабына сай модернизациялау (жаңғырту), цифрландыруды енгізу, мықты кадрлармен қамтамасыз ету, ол үшін Жоғары оқу орындарындағы мамандардың білім сапасын арттыру қажеттігін, сондықтан 3-ші әлеуметтік бастама жастарға жоғары оқу орындарын қолжетімді ету үшін және онда білім алатын студенттерге жағдай жасау мақсатында, жыл сайын бөлінетін мемлекеттік гранттардың санын, әсіресе техникалық мамандықтарға қосымша 20 000 грантқа арттырумен және мемлекеттік-әріптестік арқылы жатақханаларды салу тапсырмасы жөнінде қалалық политехникалық колледжінің директоры Т.Аманқосқызы өз пікірін білдірді.

    Бағдарламының 4-ші бастамасы бойынша шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемі туралы талқыланып, бұл жөнінде «Атамекен» Ұлттық Палатасы Жаңаөзен қалалық филиалының директоры А.Ідрісов пікірін ортаға қосты.

    Жиын соңында қала әкімі Ә.Дауылбаев Үкімет тарапынан 5 – әлеуметтік бастаманы іске асыру үшін «Жол картасы» әзірленуде, сондықтан баршамыздың алдында тұрған ауқымды жұмыстарды бірлесіп, үлкен жауапкершілікпен және ұйымшылдықпен іске асыруға шақырды.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +