Жаңаөзен

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Бокстан Маңғыстау облысының чемпионаты өтті

Осы жылдың 1-4 қараша күндері Ақтау қаласындағы «Маяк» спорт кешенінде 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасында бокстан Маңғыстау облысының чемпионаты өтті. Спортшылар 14 салмақ категориясы бойынша жұдырықтасты. Чемпионатқа 200-ден аса былғары қолғап шеберлері қатысты. Жаңаөзен қаласынан барған 14спортшы бағын сынап, жүлделі орындарға қол жеткізді.

Қорытынды есеп бойынша: 42 келі салмақта – Бисенбаев Нұрберді, 63 келі салмақта – Жарылғапов Нұрболат, 66 келі салмақта – Мамырбаев Наурыз, 66 келі салмақта – Арыстанов Думан, 75 келі салмақта – Сәрсенбаев Арман қола жүлдегер иесі болса, 70 келі салмақта – Ысықбаев Нұрхан, 80 келі салмақта – Тлеужанов Бекнұр күміс жүлдегерлер атанды. 50 келі салмақта – Мұхташев Жаңабек, 80 келі салмақта – Набатов Азамат жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар Оңтүстік Батыс аймақтық чемпионатқа жолдама алды. Аймақтық турниріне бірінші және екінші орын иегерлері барады деп жоспарлануда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер физикалық дайындықты бастап кетті. Ал, 6-15 желтоқсан аралығында оқу жаттығу жиыны Маңғыстау облыстық бокс спорт мектебінде өтеді.

Маңғыстау облыстық чемпионатынан жүлдемен оралған жасөспірімдерді Төребек Лепесов пен Батырбек Джайлибаев жаттықтырады.

Спортшыларымыздың жетістіктері, алар асулары әлі алда екеніне сенеміз.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі