Жаңаөзен

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

Бүгін, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында  Жаңаөзен қаласының ардагерлері, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және өндірістік сала  қызметкерлерінің қатысуымен  ҚР мәдениет қайраткері,  филология ғылымдарының докторы, профессор, шығыстанушы, Ислам Жеменеймен Елбасының  рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттауға арналған кездесуі өтті. Кездесу барысында И.Жеменей Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын рухани жағынан байыта отырып, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының алғы шарты ретінде ұлтымыздың сана-сезімінің көтеру бағытында орамды ойларын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.