Жаңаөзен

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Кадрлық тағайындау туралы

Кадрлық тағайындау туралы

Жаңаөзен қаласы әкімінің 10.10.2017 жылы №52ж/қ өкімімен қала әкімінің  әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне Танаева Саним Жаниқызы тағайындалды.

  Саним Жаниқызы 1968 жылдың 05 наурызында дүниеге келді. 1993 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын дәрігер-педиатр мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын учаскелік педиатр, №1 Алматы қалалық клиникалық балалар ауруханасының реаниматолг-неонатологы, бөлімше меңгерушісі, Астана қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы Ұлттық ғылыми орталығының ғылыми қызметшісі, «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ бөлімше меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің бас сарапшысы, 2016 жылдың шілде айынан бастап Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. 2017 жылдың қазан айының 10-шы жұлдызынан бастап Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.