Жаңаөзен

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Қала әкімдігінде көп балалы аналарды марапаттау рәсімі өтті

Бүгін қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында келе жатқан Наурыз мерекесі қарсаңында, көп балалы аналарды "Алтын алқа" және "Алқа күміс" алқаларымен наградтау туралы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 14 ақпандағы №419 Жарлығына сәйкес, алты бала туып, тәрбиелегені үшін қаламыздың бірнеше батыр аналарымыз "Күміс алқамен" наградталды. Қала әкімінің орынбасары С.Сейдалиев ардақты аналарымызды алған наградаларымен құттықтап, жылы  лебізін білдірді.