Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір мемлекеттік қызметкердің борышы

    29 мамыр

    Еліміз еңсесі биік 30 елдің қатарына кіріп, болашақ ұрпақтарымыз дамушы емес, дамыған елде өмір сүруі тиіс. Қазіргі таңда еліміздің дамуынабірден-бір кедергі және үлкен проблемалардың бірі, бұл–сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.

      Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне, заң мен әділдікке, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз.

      Мемлекет Басшысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында  мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту форматын, оның ішінде  сыбайлас жемқорлықты құбылыс ретінде түп-тамырымен жоюды  айқындап берді«Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген  тікелей қатер болып саналады».

      Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінен шығатынымыз сөзсіз. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 30 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта, сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз. Осы қатерді түпкілікті жою үшін әрбір қазақстандық, әрбір мемлекеттік қызметші, отбасы «сыбайлас жемқорлық» өз бойындағы дерт деп ұғынып, барынша күресуі қажет!!!

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесін қалыптастыру үшін ең алдымен әр мемлекеттік мекеме өзінің қызметінде негізгі факторларды айқындау қажет. Осындай мақсатпен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму минитрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті өз қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, құқықтық сауаттылықты дамыту және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруда, соның ішінде:

    - қызметкерлер өздерінің құқықтары мен міндеттерін іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапкершілік пен орнықты тәртібін қалыптастыру;

    - сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және теріс әсірлерінің зардаптарын жою;

    - жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, өз құзыреті шегінде олар бойынша қажетті шараларды қабылдау;

    - қарастырылмаған құжаттарды сұратуды болдырмау, сонымен тең көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және басқа да рұқсаттар функцияларын  көрсетуде сөзбұйдалықтан (төрешілдік) қашу;

    - жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне тұтынушы ретінде сүйене отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапасын арттыруға шаралар қабылдау;

    - жеке мәндегі мәселелерді шешу барысында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал көрсету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау;

    - қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау;

    - шешім қабылдауды көздейтін, бақылау және қадағалау және басқа іс-шараларды жүргізу кезінде мәселелерді объективті қарау, шешімдерді тек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдау;

    - мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін шешімдерді қабылдау кезінде ешқандай материалды игіліктерді, қызметтерді және өзінің заңды міндеттерін орындаумен байланысты өзге де ерекше жеңілдіктерді қабылдамау. 

    Әріптестер, Еліміз еңсесі биік 30 елдің қатарына кіріп, болашақ ұрпақтарымыз дамушы емес, дамыған елде өмір сүрсін десеңіздер,  «Жемқорлық – індет, жою  міндет», «бәріміз - біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін» деген ұранмен, жемқорлықты бойымыздағы дерт деп түсініп бірге күресейік!!!

    Жасақтаушы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Даму минитрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің басшысы – Атчибаева Тлектес Бегеевна 


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +