Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

    24 желтоқсан

    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам Ұлт жоспарында» барлық салалар қамтылып, соның ішінде кәсіби мемлекеттік аппаратты құру, мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту мәселесі 13-қадамда нақтыланған. Сондықтан, өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік қызмет жүйесінің маңызды факторлары – тиімділік, нәтижелілік, ашықтық пен қоғамға есептілік қағидаттары, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білу, халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында, ҚР Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бекітілді.

    Осыған орай, жаңа реформалардың аясындағы жаңа талаптарға және Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің арасында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

    Атап айтқанда, Жаңаөзен қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылы өткен 4 /төрт/ кезек отырысында барлығы 8 мәселе қаралды.

      Нақтырақ айтқанда: Жаңаөзен қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орналасу үшін кезектілікке тіркеу  қызметінің халыққа қолжетімділігі, тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделен  қаражаттың игерілу барысы туралы және мемлекеттік сатып алуды орындау мониторингінің нәтижесі, Жаңаөзен қаласы әкімдігіне келіп түскен өтініштерді қарау және қала әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік  қызметтер көрсету кезінде орын алған заң бұзушылықтар, оның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы және т.б. мәселелер.

    Қала әкімдігімен мемлекеттік сатып алу заңдарының орындалысын қатаң сақтау,  мемлекеттік қорынан тұрғын үй алу, тұрғын-үй құрылысы үшін берілетін жер телімінің және балабақша кезектілігі БАҚ-та және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жарияланып, үнемі бақылауда тұрады.

    Мемлекеттік қызметшілер тарапынан  Әдеп Кодексінің сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу мақсатында, Жаңаөзен қаласының әкімі аппаратында қала әкімінің өкімімен тәртіптік комиссия құрылып, комиссия өз жұмысын жоспарлы түрде жүргізуде.

    Комиссия ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану» Қағидасын басшылыққа ала отырып есепті кезеңде  5 отырыс өткізді.

    Қаралған материалдар саны – 8.

    Комиссияның шешімі негізінде қолданылған тәртіптік жазалар:

    - «Ескерту»  -  7 (2016 жылы - 12);

    - «Сөгіс»  -  3 (2016 жылы - 9);

    Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің 2016-2017 жылғы шешімі негізінде «Қызметіне толық сәйкес еместігі» туралы - 3 тәртіпті жаза қолданылды. (жер қатынастары бөлімі басшысы І.Орынбеков, «Рахат ауылы әкімінің аппараты» ауыл әкімі  Б.Нұржауов, оның орынбасары Т.Шәудірбаев, «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» ММ, бас маман М.Сәтбергенов).

    Жемқорлыққа қарсы күресте басты назар - жемқорлықтың салдарымен күресуге емес, оны болдырмауға ықпал ететін алғышарттарды жоюға бағытталуы тиіс екенін барлығымыз жақсы түсінеміз.

    Осы орайда былтырғы жылы қаладағы «Қолдау- Қазақстан» Үкіметтік емес ұйымымен тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына баға беру, орын алған бюрократиялық әкімшілік кедергілерді жою  мақсатында, халықтың арасында (коммуналдық қызмет көрсету, жер телімдерін коммерциялыққа мақсатқа беру, медициналық қызмет көрсету) сауалнамалар жүргізеді.

    Сауалнамалардың қорытындысы бойынша жауапты мамандармен талдау жасалып, мемлекеттік қызметтің сапасын, тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар алынып, мемлекеттік, азаматтық қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі бойынша профилактикалық бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек.

    Жаңаөзен қаласының әкімдігімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

    Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы негізінде Жаңаөзен қаласы әкімдігі бойынша  мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, тексерумен барлығы 7 мемлекеттік орган қамтылды. Нәтижесінде, «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Рахат ауылы әкімінің аппараты», «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі», «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік органдарымен бірқатар кемшіліктерге жол берілгендігі анықталып, мекеме басшыларына тұтынушыларға қызмет көрсету барысында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын қатаң ұстануы қажет екендігі ескертіліп, осы қызмет түрлеріне жауапты мамандармен кеңейтілген жиналыс өткізіліп, заң аясында түсінік берілді.

    Жаңаөзен қаласының тұрғындарының арасында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру шараларын өткізу мақсатында, қала және іргелес елді-мекендерде барлығы жиырма (20) билборд ілініп, абоненттерге «Есіктен есікке» акциясы көлемінде коммуналдық төлем түбіртектеріне «Парасыз қоғам-Ұлт болашағы», «Пара - берме, пара - алма» тақырыптарында 33 000-ның үстінде буклеттер таратылды.

    Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тарапынан Әдеп Кодексін, «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын бұзу фактілері туралы дер кезінде хабарлау үшін, қала әкімі аппаратының кадр бөлімінде арнайы 78-4-68 сенім телефоны құрылды. Ол туралы  хабарлама жергілікті «Жаңаөзен»  газетінде және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жарияланды.

    Жыл сайын мемлекеттік органдардың басшылары мен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің табыстарының айқындығын қамтамасыз ету және оларға халықтың сенімін арттыру мақсатында, жергілікті «Жаңаөзен» газетінде «Өзіңнен баста» акциясы шеңберінде Жаңаөзендік мемлекеттік қызметшілердің жылдық  (айлық) табыстары мен жекеменшік мүліктері туралы есептері жарияланды (ағымдағы жылы  111 мемлекеттік қызметші, 2016 жылы - 105; 2015 жылы - 93).

    Бос мемлекеттік әкімшілік мемлекеттік орындарды уақытылы толтыру мақсатында, қала әкімдігінің интернет ресурсында және Халыққа қызмет көрсету, Жұмыспен қамту орталықтарының және қала әкімдігінің ғимаратында «Мемлекеттік қызметке кіру» стендттерінде бос вакансиялар туралы хабарландырулар жарияланды, сондай-ақ қала әкімінің және оның орынбасарларының жеке қабылдауына келетін жұмыссыз азаматтарға бос  мемлекеттік әкімшілік лауазымдар туралы түсінік үнемі беріліп отырады. Нәтижесінде, жыл басынан бері 28адам Ішкі, Жалпы конкурстардан өтіп, мемлекеттік әкімшілік қызметке тағайындалды.

    Бос вакансияларды толтыру үшін конкурс рәсімдері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңымен белгіленген тәртіп негізінде жүргізілуде.

      Меритократия қағидасы негізінде 2016-2017 жылдары аралығында қала әкімідігі бойынша 12 мемлекеттік әкімішілік қызметші жоғары лауазымға тағайындалды.

      Бірыңғай конкурс комиссиясының жұмысын ашық әрі объективті түрде өткізу мақсатында, әрбір отырысқа міндетті түрде  депутаттық корпусы, «Жаңаөзен қаласы бойынша Азаматтық Альянс», «Қолдау-Қазақстан», «Соқырлар қоғамы» Үкіметтік емес ұйымдары, БАҚ, «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Жаңаөзен қалалық филиалының өкілдері сарапшы немесе байқаушы ретінде шақырылады.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды іске асыру, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру мақсатында, 2016 жылы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің арасында бірыңғай форма (киім) (қыз-келіншектер ақ түсті жиде және қара түсті белдемшемен жакет)және «Біздің міндет – халыққа қызмет» деген төсбелгі енгізілді.

    Мемлекеттік  әкімшілік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында, ағымдағы жылы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ міндет», «»Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» тақырыптарындадөңгелек үстелдер және мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін құқықтық сағаттар ұйымдастырылды.

    Қала әкімдігі мен бөлек орналасқан барлық мемлекеттік мекемелердің ғимараттарының кіреберісінде Әдеп Кодексінің стенді орнатылды.

    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +