Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Жаңаөзен қаласының төлқұжаты

08.10.2014

Қала әкімі:  Әбілов Елубай Жақайұлы

(2015 жылдың шілдесінен бастап қызмет атқаруда)

Қаланың құрылған жылы - 1968 жыл.

Қала аумағы – 0,515 мың кв.км

Халық саны  01.05.2016ж. кезеңіне – 142,0 мың адам

Қала аумағына Қызылсай, Теңге және Рахат ауылдары кіреді.

Халық саны. 2016 жылдың  9 айының қорытындысы бойынша халық саны 142,0 мың адамды құрап (қала халқы-82,1 мың адам, ауыл халқы - 59,9 мың адам), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 мың адамға өскен (табиғи өсім негізінде. 01.05.2015ж.-137,8 мың адам).

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 85 783,7 млн.теңгені құрады (2015ж. 9 айда –85 596,1 млн.теңге). Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 88,5% құрады (2015ж. 9 ай – 88,9%). Жаңаөзен қаласының мұнай және газ өндіретін ірі кәсіпорындарының бірі - «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазГӨЗ» ЖШС.

  Негізгі капиталға салынған инвестицияныңкөлемі 12 844,2 млн.теңгені құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 55,1% құрады.

Іске қосылған тұрғын үйлердіңжалпы ауданы 98,6 мың шаршы метрді құрады, 2015 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 7,2%-ға өсті  (2015ж. 9 айда – 92,0 мың шаршы метр).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 10293,3 млн.теңгені құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 91,7% құрады.

Республикалық бюджетке 7 259,9 млн.теңге көлемінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен қарағанда 134,5% құрады.

Жергілікті бюджетке  18 158,2 млн.теңге көлемінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті,  2015 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 98,0% құрады.

Шағын несиелеу орталығы арқылы2016 жылы қаңтар – қыркүйек айларында "Ауыл шаруашылық қолдау қоры" арқылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» - 13 жоба – 37,5 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.

Қала бойынша экономикалық қызметтің барлық түріндегі жұмысшылардың орташа еңбекақы 290 656 теңге, 2015 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда  97,1% құрады.

Жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту органдарына 2016 жылы жұмыссыздық есебіне 4184 адам тіркелді, соның ішінде: әйелдер – 2261, ерлер-1923.

2016 жылы 3499 жаңа жұмыс орны құрылды (2015ж. -3541) Жыл соңында қалған жұмыссыздар саны-1536 адам (2015ж. -1269 адам). Тіркелген жұмыссыздық деңгейі01.10.2016 жыл кезеңіне 2,5% құрады.

  Аз қамтылған күнкөріс деңгейінен төмен тұратындар саны –  206 адам – 44 отбасы (2015ж. 9 ай - 677 адам – 135 отбасы).

Денсаулық сақтау саласы.Жаңаөзен қаласы бойынша халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау саласындағы мекемелер саны қазіргі уақытта қалада барлығы 11 бірлік, соның ішінде: тұрғындарға 7 мемлекеттік, 4 жекеменшік медициналық мекеме қызмет көрсетеді (1 перзентхана, 1 орталық аурухана, 1 қалалық емхана, 1 туберкулез ауруханасы, 1 балалар емханасы, 1 балалар ауруханасы және Қызылсай мен Теңге елді мекендерінде 2 дәрігерлік амбулатория, 1 жедел жәрдем станциясы), «Стоматология» жауапты шектеулі серіктестігі, жекеменшік медициналық орталық («Жалымбетов», «Медицина», «Медикер») қызмет жасауда.

2016 жылдың  9 айында 1381 бала дүниеге келді (2015ж. 9 ай – 1640 сәби). 2016 жылдың  9 айында 1-жасқа дейінгі  10 сәби өлімі тіркеліп, көрсеткіш тірі туылған 1000 сәбиге шаққанда  7,2  промиллені құрады (2015ж. 9 ай – 13 сәби – 7,9  промилле). Туберкулезбен ауыру 100 мың халыққа шаққанда 37,6 промиллені құрады (2015ж. 9 айда – 36,7 промилле)

  Білім саласы. 2016 жылы білім беру саласына 7,6 млрд.теңге бөлінді, бұл жалпы қала бюджетінің 48,7% құрайды (2015ж.-7,8 млрд.теңге).

2015-2016 оқу жылдарындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 952 түлек оқуды аяқтап, оның 737-і немесе 77,4% қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 73,8% (2014-2015ж.-71,5%). 14 оқушы «Алтын белгі» белгісін, 24 оқушы «Үздік аттестат» иеленді. 

    Мәдениет және спорт саласы. Қала бойынша 124 мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді. Осы мақсатта 2016 жылға 16,7 млн.теңге бөлінді, есепті кезеңге 5,2 млн.теңге қаражат жұмсалды.

Қалада орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде дене шынықтырумен айналысатын халық саны 27 867 құрайды немесе 39,2%, соның ішінде жасөспірімдер саны – 10 912 бала.

2016 жылдың 1-жартыжылдығына 25 спорттық іс-шаралар өткізілді және осы мақсатта 8,0 млн.теңге бөлініп, есепті кезеңге 7,3 млн.теңге игерілді.

Ақпараттық ресурстар