Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Маңғыстауда Наурыз айында қайырымдылық акция аясында 25 млн. теңгеге 3 500 отбасыға көмек көрсетілді

    342
    22 наурыз

    Маңғыстау облысында Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз-2018»  мерекесі  кең көлемде аталып өтілуде.Ұлыстың ұлы күні теңіз жағалауында орналасқан киіз үйлер қалашығында халықтық серуен өтіп, қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, қала кәсіпкерлерінің сауда-саттық қызметі және тәттілер жәрмеңкесі, «Ұлыс күні – Ұлы көш» мекемелер еңбек ұжымдарының шеруі ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Әз-Наурыз – татулық мерекесі!» атты театрландырылған көрініс қойылып, «Бауырсақ-пати», «Шұбат-пати» атты тұрғындар арасындағы шұбат ішуден жарыс өтті. Мереке қалалық  «Жыр-ғұмыр» атты  кәсіби жыршы-термешілер байқауымен жалғасты. «Наурыз-2018» мерекесінде қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық спорт түрлері:  арқан тарту, асық ату, қазақша күрес, гір тасын көтеру, қол күшін сынасу, тоғызқұмалақ сайыстарынан бақ сынасып, жеңімпаздарға жүлделер берілді. Іс-шара  «Алтыбақан» ойын-сауық бағдарламасымен ұласып, мерекелік отшашумен аяқталды.

     Маңғыстауға жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары облыс тұрғындарын жыл басы – Наурыз мерекесімен құттықтады.Мәулен Әшімбаев Маңғыстаудың Қазақстан тарихындағы ерекше маңыздылығын және елдің дамуындағы қазіргі рөлін атап өтті.

    «Мен Ұлыстың ұлы күнін киелі мекенде қарсы алғаныма қуаныштымын! Наурыз – ынтымақ пен берекеге толы мереке. Бұл күні әрдайым бейбітшілік пен тыныштық орнаған, бағзы заманда соғыстар тоқтатылып, өкпе-наздар кешірілген. Біз де осы тамаша дәстүрді құрметтеп, бағалаймыз. Наурыз әр шаңыраққа бейбітшілік пен тыныштық, гүлдену мен жақсылық ала келсін! Барлық армандарымыз орындалып, үміттер ақталсын!», - деді құттықтау сөзінде Мәулен Әшімбаев.

    Маңғыстау облысындағы Наурыз мейрамы Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасымен ұштасты.  Наурыздың бірінші күні облыста «Асар-Жомарт-Жерек» қайырымдылық акциясы бастау алып, оның аясында 3500 мүжәлсіз отбасыға 25 миллион теңгеге көмек көрсетілді.

    «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары мен Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау қаласының тұрғыны, «Күміс Алқа» иегері Моншақ Жолмағамбетованы мерекемен құттықтады.Аймақ басшысы мұндай қайырымдылық шаралары аймақта тұрақты негізде өткізілетінін айтып өтті.

    «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы – көптеген қазақстандықтардың мәселелеріне шешім болған бірегей жоба, нағыз көктемгі тарту.  Бір бағытының өзі әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін береді. Өткен жылдың өзінде облысымызда 7 мың отбасы баспаналы болды. Биыл бұл көрсеткіш еселей түсетіні анық», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

    «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Маңғыстаудағы жұмыс сапары барысында облыс активімен кездесті.Мәулен Әшімбаев елдегі жетекші саяси күштің жаңғыртылуы туралы түсінік беріп, жергілікті партия мүшелерін жұмыстың жаңа форматы мен тәсілдеріне көшуге шақырды.Облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының жаңа ірі әлеуметтік бастамаларын іске асыруда қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі барлық тапсырмалары орындалатынын атап өтті.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +