Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығы ашылды

    3096
    06 сәуір

    Бүгін, Жаңаөзен қаласында Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Атамекен» тармақшасы аясында алғаш рет бірегей гемодиализ орталығының ашылуы өтті.

      Орталықтың ашылу мақсаты –  бүйрек шамасыздығына гемодиализдік ем алып жүрген Жаңаөзен қаласының бірқатар науқас адамдарына гемодиализдік қызметке қол жетімділігін ақысыз арттыру, сапалы медициналық кызмет көрсету. Салтанатты шараға облыстық денсаулық сақтау басқарма қызметкерлері, Астанадан шақырылған қонақтар, қала әкімі аппараты, медицина қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

      Шара басында сөз сөйлеген Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.Сакеев облыс бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы салынған жалғыз нысанның болашақта тек бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратындарды ғана қамтымай, орталықтың шеңберін кеңейту жоспарланғандығын жеткізді.

      Гемодиализ орталығының ашылу салтанатын медицина саласының ардагері Қ.Жалымбетов пен «Эндохирургия клиникасы» ЖШС бас директоры С.Дженалаева лента қию рәсімімен  ашты. Жиналған  жұртшылыққа жаңа орталықтың таныстырылымын бас директор С. Дженалаева жасады.

      Орталықтың медициналық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін арнайы бір айға Астана қаласынан жоғары категориялы нефролог дәрігерлер, медбикелер шақыртылды және осы сала қызметкерлерінің білімдерін арттырып отыру  мақсатында Астана қаласы мамандарымен тәжірибе алмасуға жіберіп отыру жоспарлануда. Гемодиализ залы заманауи құралдармен, аппараттармен жабдықталған. Орталықта созылмалы бүйрек ауруларынан зардап шегетіндерге жоғары білікті көмек көрсетіледі. Аталған жоба Астана қаласы «Эндохирургия клиникасы» ЖШС-мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асырылды.



    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +