Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Басшы блогы

    Құрметті сайт қызметін пайдаланушылар!

    Қадірлі жерлестер, менің Интернет-блогыма қош келдініздер! Сіздермен Интернет-қабылдау жүйесі арқылы хабарласып отырғаныма қуаныштымын. Техникалық даму негізінде қалыптасып отырған ақпараттар ағыны екі жақты байланыс үрдісінің көкжиегін кеңейтіп, ортақ істің оңтайлы шешілуіне негіз қалайтыны анық.

    Қазыналы Маңғыстау облысымыздың одан әрі дамытып, көркейте түсуі бағытындағы өздеріңізді толғандырып жүрген Жаңаөзен қаласына қатысты ұсыныс-пікірлеріңіз бен орын алып отырған олқылықтар жайындағы сыни пікірлеріңізді менің сайтыма жолдауларыңызға болады. Сайтта жарияланған материалдардың ешқайсысы да менің назарымнан тыс қалмайды, олар жан-жақты талқыланып, тиісті жауап беріледі.

    Өздеріңізге деген құрметпен,

    Жаңаөзен қаласының әкімі
    сұрақ қою
    Әбілов Елубай Жақайұлы
    Әбілов Елубай Жақайұлы- 1962 жылдың 19 тамызында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Бiлiмi жоғары. 1980-1985 жылдар аралығында М.И.Калинин атындағы Түркмен ауылшаруашылығы институтында көк өнім және жүзім шаруашылығы мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолы. 1986-1989 жылдар аралығы Красноводск қаласында облыстық ауылшарушылық қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінде нұсқаушы. 1989-2002 жылдар аралығы Красноводск аудандық атқару комитетінде аға экономист, табиғатты қорғау және экология инспекциясында бастық, денсаулық, білім және әлеуметтік мәселелері бойынша бөлім бастығы, іс басқармасының бастығы. 2002-2003 жылдар аралығы Маңғыстау поселкесі әкімінің орынбасары. 2003-2007 жылдар аралығы Маңғыстау поселкесінің әкімі. 2007-2010 жылдар аралығы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары. 2010 - 2015 жылдар аралығында Мұнайлы ауданының әкімі. 2015 жылдың шілде айынан бастап Жаңаөзен қаласының әкімі. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы.
  • № 100-2768
    06.12.2017
    Жылу мәселесі бойынша
    Құрметті, Әбілов Елубай Жақайұлы. Мен Сарин Шаруан «Өркен» ш/а 20 үй, 31 пәтер тұрғынымын. Мен сізге жылу мәселесі бойынша хат жазып отырмын. Пәтеріме 15.10.2017- 20.11.2017 ж күнге дейін жылу қалыпты жағдайда келді де, содан кейін жылудың келуі төмендеп қалды. 24.11.2017 ж күннен бастап жылу мүлдем келмей қалды. Пәтеріме жылуды «Сантехникалық қызмет көрсету» мекемесіндегі диспетчерлерге күніне 2-3 рет телефон шалу арқылы қостырып отырмын. Слесарлар жылуды келіп қосып кетеді бірақ, 3-4 сағаттан кейін жылу қайтадан өшіп қалады. Түсініксіз жағдай. Слесарлардан сұрасақ, сіздің подьезді қоссақ, 3 подъез қосылмай қалады, сосын ол подъезді қоссақ, сіздерде жылу болмай қалады дейді. Әр подъез жертөлеге насос қойып алған. Бұрын насоссызда жылу қалыпты жағдайда келіп тұратын еді, оны неге қойып жүргенін түсінбедік. Осы күнге дейін мынадай жағдай болған емес. Күнделікті телефон шалып, жылуды қостыруға шаршадық. Осы жылуға қатысты барлық жауапты қызметкерлерге айттық. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ.Үйде жаңадан туылған баламыз бар, сантехниктер келіп жылуды қосқанша, пеш қосып отырамыз. Мұндай жағдай күнделікті қайталанатын болса, ай сайын пәтерімізді токпен жылытқанымыз үшін қосымша төлемақы, сосын сұрап алып күнделікті қостырып отырған жылуғада төлемақы төлеймізба, түсінбедім. Әкім мырза, осы жылу мәселесін шешіп беруге көмектесуіңізді сұраймын. Алдын ала рахмет!
    «Өркен» шағын ауданы, №20 үй, №31 пәтер тұрғыны С.Шаруанға Жаңаөзен қаласы әкімдігі, Сіздің 06.12.2017 жылғы Жаңаөзен қаласы әкімінің блогына жазған №Блог-07 санды хатыңызға төмендегідей жауап береді. «Өркен» шағын ауданы, №20 үйі №31 пәтерінің жылу мәселесі бойынша, қараша айында тұрғын үйдегі пәтерлердің және сыртқы желілерден ақау болуына байланысты, анықталған ақаулар қалпына келтіріліп, аталған тұрғын үйге жылу берілгендігін қаперіңізге береді. Қала әкімінің орынбасары И.Сағынбаев Орын.: Н.Мустафаев тел.: /872934/ 48372 e-mail: jkx64@mail.ru
  • № 100-2661
    15.11.2017
    шагым хат
    ● Шағым хат kibat kaldibayeva ⚁ Кому: akimat-zhanaozen@mangystau.gov.kz 19 октября, 18:30 . Яғни Біздер Жана озен каласы коктем ш/аудан 50 уй 4 блок 19 уй патер иелері атынан малим етеміз. Бірнеше жылдан бері 4-ші блок та канализация жасамайды . Центральный трассага баратын линиялары тозыгы жеткен. Cондыктан жертоле подвалга агып жатр,Жазымен 6 ай шыбын шіркей кара кұрым Енді Біздер шіріген иіс коңыстан Мына 1 этаждагы патер ішіндегі тұрғындар өмір сүру мумкін емес жағдайдамыз, Бул жагдайды тиісті мекемесіне осы кунге дейін айтып ескертумен келдік, Біздер шара таппағандықтан ,біздердің жан айқайымызды елеп ескеріп,тексеріп оң көзден тасада қалдырмай тез арада өз шешімін табады деп, уміт арта отырып алды бұрын рахмет айтамыз. Хатымызға осы эл почтаға тез арада жауап кайтаруды асыға күтеміз. Арыз хат 19 пәтер иелері атынан - 58,59,60,61,62,63 64,65,66,67,68,69,70,71,72,73,74,75,76 19.10.2017 жыл. С уважением, kibat kaldibayeva mega.kibat@mail.ru осы хатты жолдаган едик кайтадан акимшилик сайтка жиберуди усынды Бугинги танда жертоледе кокыс жаман су кетип жатр истен отыра алатын емеспиз ,1 этажга ис уй ишинде отыру мумкин емес сырыс алып тур ызгар ,онын устине бизде дурыс жылу жок уй салкын . Бизге тезирек кол ушын созып жагдайымызды карап осы сураныстарымызды канагаттандыруды сизден отине сураймыз. Рахмет!!!
    Жаңөзен қаласы, «Көктем» шағын ауданы, № 50үй, №19пәтер тұрғыны Қ.Қалдыбаеваға Жаңаөзен қаласы әкімдігі, Сіздің 15.11.2017 жылғы қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңіз бойынша төмендегідей жауап береді. «Көктем» шағын ауданы, №50 үйі № 58-76 пәтерлерінің жылу мәселесі бойынша, сыртқы жылу желісінен тұрғын үйге қысымның төмен келіп тұрғандығы анықталды. Осыған орай, пәтерлердің жылу жүйесін жақсарту мақсатында, сыртқы жылу желісі бойындағы құбырлар ауыстырылды. Сонымен қатар, аталған үйдің жертөлесінің жылу, кәріз құбырлары ауыстырылып, анықталған ақаулар қалпына келтіріліп, тұрғын үйге жылу берілгендігін қаперіңізге береді. Қала әкімінің орынбасары И.Сағынбаев Орын.: Н.Мустафаев тел.: /872934/ 48372 e-mail: jkx64@mail.ru
  • № 100-2643
    15.06.2017
    Ауыз су мәселесі
    Осы 2017 жылдың маусым айында Рахат және Тенге ауылдарында ауыз су мәселесі қатты қиындық тудырып отыр, кестеге сәйкес күн ара сағат 6.00-12.00 дейін беріледі, ендігі мәселе жұмыстағы адамдар не істей алады таңертеңгі 7 де кеткеннен кешкі 6 да келеміз, құдығымыз жоқ, су жинап алатындай жағдай жоқ, ОзенИнвестке телефон соқсам олар ауыз су жеткіліксіз дейді, кешке су беретін болса су баскаларга жетпей калады деп жауап берди, ағаш тал егу керек деп айтқанға біздер 10 шақты тал ектік, енді соларды суара алмай отырмыз, жумыстан келгенде су жинап алуга мумкіндік жок. Осы мәселенің оң шешімін табуға көмектесуіңізді сұраймын, ең болмаса аптасына екі рет кешке жіберілсе екен. Рахат-3 тұрғыны Мынбаева Г
    Жаңаөзен қаласы әкімдігі Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңіз бойынша төмендегідей жауап береді. Жаңаөзен қаласы бойынша, жаз мезгілінде қала және ауылдық елді мекендерді толықтай тәулік бойы сумен қаматамасыз ету мүмкін болмағандықтан, су тарату кестесі бекітілген болатын. Кестеге сәйкес, Рахат ауылы бойынша «Ақсу», «Жұлдыз», «Мерей» шағын аудандарына таңғы 6:00 - ден түскі 12:00 – ге дейін су берілу бекітілген. Қазіргі таңда, мекеме мүмкіндігіне қарай күнара емес, күнделікті тұрмыстық қажеттілік үшін жеткілікті мөлшерде таңғы 6:00 – ден кешкі 17:00 – ге дейін су берілуде. Ауыз су мәселесіне қатысты қандайда бір мәселеңізбен «Мұнайлы» шағын ауданы, Қ.Сарбөпеев көшесі 2 үйінде орналасқан «Өзенинвест» МКК-нан ақпарат ала алатыныңызды қаперіңізге береді. Байланыс нөмірлері 78-4-79, 78-4-89. Қала әкімінің орынбасары С.Қалдығұл
  • № 100-2608
    16.02.2017
    Канализация
    Здравствуйте, Елубай Жакаевич. У меня вопрос относительно подключения мкр. Астана к центральной канализации, нашему мкр уже более 30 лет, до сих пор нет подключения к центральной канализации. Благодарю за внимание, Нурманова Гульназ
    Аппарат акима города Жанаозен, рассмотрев ваше письмо сообщает нижеследующее. Согласно действующему законадательству Республики Казахстан, для прокладки канализационных сетей мкр. «Астана» г.Жанаозен и их подключения к центральной системе, необходимо провести ряд мероприятий по исследованию территории микрорайона, также, разработки проектно-сметной документации (ПСД). В дальнейшем будут приняты соответсвующие меры по выполнению данных мероприятий.
  • № 100-2469
    06.02.2017
    Жылу туралы Үйдің мәселесі
    Құрметті Елубай Жақайұлы, мен Қосбаев Майрам ЖұмажанҰлы көктем шағын ауданы 24 үй 92 пәтер тұрғыны қараша айынан бері жылу көрмей жатырмын, сантехобслуживаниеге бірнеше рет бастықтарына жолықтым, нәтиже болмады, 2015жылы күзде труба батареяларымды ауыстырдым, соған жеке қалтамнан 180 мың теңге шығындандым, 1,2,3 этаж тұрғындары осыншама сома жұмсады, бірақ нәтиже болмады, ай сайын сантехобслуживания, өзенжылуға ақша төлеп отырмыз, бірақ нәтиже жоқ, осы сұрағымды қолға алуыңызды сұраймын, сіз үшін не тұрады бір ауыз сөзіңіз емеспа,
    Қала әкімінің аппаратына «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, Сізге қаланың «Көктем» шағынауданы 24 үй 92 пәтер тұрғыны М. Қосбаевтың қала әкімінің блогына түскен арызына орай, тиісті қызмет көрсетуші «Өзенсантехобслуживание» ЖШС-на тапсырма беріліп тексерген болатын, аталған үйде қазіргі таңда жылу бар екені және қала әкімдігінің блогына ешқандай арыз түсірмегенін растады. Бөлім басшысы Н. Мустафаев
  • Загрузить еще
  • 19.07.2017
    2017 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Жаңаөзен қаласының әкімі Е. Әбіловтың қалалық мәслихат депутаттарының алдындағы есебі

      2017 жылы аталған бағдарлама бойынша  7 жобаны 2017-2019 жылдары қаржыландыру үшін Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына  бюджеттік өтінімдер жолданды, олар:

    1. "Қызылсай ауылында 20 кереуеттік сауықтыру бөлімшесін салу", жобалық құны - 158,8 млн.теңге;

    2. "Мерей (Рахат-4) шағынауданында 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы", жобалық құны - 387,9 млн.теңге;

    3. "Жаңаөзен қаласында облыстық мұражай филиалын салу", жобалық құны - 322,2 млн.теңге;

    4. "Рахат" кентінде 300 орындық мәдениет үйін салу", жобалық құны - 590,4 млн.теңге;

    5. "Рахат" кентінде спорт залының құрылысы", жобалық құны - 259,8 млн.теңге;

    6. "Теңге" кентінде спорт залының құрылысы", жобалық құны - 266,2 млн.теңге;

    7. "Рауан" шағынауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру", жобалық құны - 124,5 млн.теңге.

      Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында мұз айдынының құрылысын салу үшін  жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда, дайын болу мерзімі 2017 жылы.

      «Дипломмен ауылға» бағдарламасы  аясында 2017 жылға ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген мамандарға 158,8 мың теңгеден әр кайсысына барлығы 50 маманға 7,9 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді, олар:

    - Теңге ауылы бойынша 3 маман  (білім беру– 2, денсаулық сақтау– 1);

    - Рахат ауылы бойынша 47 маман (білім беру– 28, денсаулық сақтау– 19).

      Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген 12 маманға тұрғын үй сатып алуға, әр кайсысына 3,4 млн.теңгеден барлығы 40,8 млн.теңге көлемінде бюджеттік несие берілді, олар:

    - Теңге ауылына-2 маман (1-денсаулық сақтау, білім беру - 1);

    - Рахат ауылына – 10 маман (білім беру - 8,  денсаулық сақтау - 2).

      Аталған бағдарлама бойынша есепті жылға бөлінген қаражат толық игеріліп, қосымша,  көтерме жәрдемақы 100 маманға - 15,9 млн.теңге, 0,01 пайыздық мөлшерлемемен бюджеттік кредит 50 маманға - 170,2 млн.теңге көлемінде қаражат бөлу үшін Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

    Жұмыспен қамту

      Қаламызда жұмыссыздық мәселесін кезең-кезеңімен шешу, оны мүмкіндігінше азайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

      Аутсорсинг арқылы қызмет көрсететін мердігер мекеме «Маңғыстау Сервис Компани» ЖШС-де бос жұмыс орындары болған жағдайда, қалалық жұмыспен қамту орталығына тіркелген халықтың осал тобына жататын азаматтар жіберіледі. Аталған мердігер мекеменің сұранысына сәйкес, жұмыс тобының келісімімен жыл басынан мүжәлсіз отбасыдан 39адам тұрақты жұмысқа жолданды, 2016 жылдан бері 84 адам (18- балалар үйінің түлегі, 15- тұлдыр жетім,  51- мүжәлсіз отбасыдан).

    Алдағы уақытта кәсіпорындардан сұраныс болған жағдайда, жұмыссыздық есебінде тұрған азаматтар осы тәртіппен аталған мекемеге жұмысқа жолданатын болады.

    Жыл басынан «Жаңа Серпін» орталығы арқылы 28 жұмыссыз адам Ақтау қаласының «Қала жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жұмысқа жолданды; «монтаждаушы», «электргаздәнекерлеушісі» мамандығымен еңбек өтілі жоқ жұмыссыз 15 жас маман Ақтау қаласының «Айкон» және 10 жас маман «АрселорМетал», 12 жас маман «КендірліҚұрылысСервис» ЖШС-не бір жылдық мерзіммен өндірістік тәжірибеден өтуге жолданды. 

       «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» үш бағытының аясында жұмыстар атқарылуда.

      Бірінші бағыты: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағытына сәйкес, «Компьютерлік сауаттылықты арттыру» жобасы бойынша 29 жасқа дейінгі және жұмыссыз өзін-өзі қамтушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін «О. Тұрмағанбетұлы атындағы мұнай және газ колледжіне» 300 адамды екі айға оқыту жоспарланып, есепті кезеңге 27 адам оқуға жолданды.

      Екінші бағыты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағытыбойынша: қала тұрғындарына шағын несие беру үшін «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2017 жылға 20,0 млн.теңге қаралған, несие алуға өтініш білдірген 7 адамның құжаттары Қоғамға жолданып, қаралуда.

    Үшінші бағыты: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағытыаясында: басқа облыстарға ерікті қоныс аударуға ниет білдіргендерден Шығыс Қазақстан облысына 3 отбасы (13 адам) жіберіліп, олар жалдамалы тұрғын үйлермен қамтамасыз етілді. Әр отбасыға 74,0 мың теңге көлемінде субсидия төлеу жоспарланып, әкімдікке құжаттары жолданды. Осы отбасылар 6 айлық шартты ақшалай көмек алуға «Өрлеу» бағдарламасына қатыстырылып, құжаттары тапсырылды. Отбасылар азық-түлікпен, киім-кешектермен қамтамасыз етілді.

      Сонымен қатар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына 10 отбасыны көшіру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.  

    Білім саласы.

    2017 жылы білім беру саласына 7,1 млрд.теңге бөлінді, бұл жалпы қала бюджетінің 49,0% құрайды (2016ж. - 7,6 млрд.теңге).

    2016/2017 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы енгізіліп, 933 мектеп түлегі 2 сынақтан өтті:

    - 933 мектеп бітіруші түлектің 7-уі денсаулығына байланысты емтиханнан босатылды, қалған 926-ы мектеп қорытынды емтихандарын тапсырды. 933 де аттестаттарын алып, оның 35-і «Алтын белгі», 36-ы «Үздік» аттестат иегерлері;

    - Ниет білдірген 805 оқушы ҰБТ-ге қатысып, қорытынды  орта ұпайы 75,6% (2015/2016ж.-73,8%) болды.

      Білім беру мекемелері нысандары бойынша:

    2017 жылы "Арай", "Рауан" және "Рахат" шағынаудандарында әрқайсысы 900 орындық 3 мектептің құрылысын салу жоспарлануда, бұл мақсатта 4,3 млрд.теңге бөлінді, конкурстың нәтижесі күтілуде,  аяқталу мерзімі 2018 жыл.

     Рахат ауылындағы №15 орта мектепке сыйымдылығы 288 орындық қосымша құрылысты аяқтауға 17,1 млн.теңге бөлінді (2016ж. игерілгені - 110,5 млн.теңге). Құрылыс жұмыстары жалғасуда, аяқталу мерзімі – 2017 жылдың тамыз айы.

        Статистикалық деректерге сәйкес, қала бойынша 3-6 жас аралығында – 14 242 бала бар. Оның  есепті кезеңге мектепке дейінгі оқу тәрбиесімен қамтылғаны – 13 711 бала. Балалардың балабақшамен қамтылуы 96,0% құрады. 01.07.2017 жыл кезеңіне 0-6 жас аралығындағы 7 661бала балабақша кезегінде тұр.

       2017 жылы қала бойынша 7-13 жас аралығындағы 23 813 оқушы жазғы демалыспен және сауықтырумен ұйымдастыру жоспарланды. Олар:

    -  қалалық білім бөлімінің мектеп жанындағы 11 лагерінде –  3 410 бала (жергілікті бюджеттен 63,9 млн.теңге бөлінді);

    -  МО Білім басқармасы арқылы «Балдәурен» лагеріне – 50 бала;

    -  Жаңаөзен қаласына қарасты өндірістік мекемелердің демеушілігімен және ата-ана қаражаты есебінен  республиканың өзге қалалары мен алыс-жақын шетел мемлекеттеріндегі демалыс орындарына – 19 660 бала;

    -  ЭКСПО мамандандырылған көрмесіне - 677 бала;

    -  "Аджип" АҚ -ның демеушілігімен жетім және дарынды - 16 бала;

    -   МО Білім басқармасының ұйымдастыруымен әлеуметтік тапсырыс бойынша - 3 467 бала демалады.

      Сондай-ақ, оқушылар жазғы демалыс кезінде аула клубтары мен оқушылар шығармашылық үйіндегі үйірмелерге қатыстырылып, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша шілде-тамыз айларында  250 бала  еңбекпен қамтылатын болады.

    «Серпін - 2050» әлеуметтік жобасы бойынша грант алу мүмкүндіктері және оған қатысушыларға  қарастырылған жеңілдіктер жөнінде түсіндіру жұмыстары Қалалық білім бөлімімен,  ата-аналар және мектеп түлектері арасында ұйымдастырылуда. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ -ның басшылығының қатысуымен Жаңаөзен қаласында 2 рет кездесулер өткізілді. Бүгінгі таңда республикамыздың 10  өңіріне 350 мектеп түлегі жоба бойынша   оқуға түсуге ниет білдірді. Ағымдағы жылдың 20 шілдесінен бастап қаладағы колледждердің қабылдау комиссиясында «Серпін - 2050» әлеуметтік жобасы бойынша құжаттарын қабылдау жұмыстары  басталады.

         Денсаулық сақтау саласы

      2017 жылдың 6 айында 2 084 бала дүниеге келді (2016ж  6 ай – 2 220 сәби).

      Есепті кезеңде 1-жасқа дейінгі 12 сәби өлімі тіркеліп, көрсеткіш туылған  1 000 сәбиге шаққанда 6,3 промилді құрады (2016ж. 6 ай - 15 бала – 11,2 промилле).

      Жыл басында бір ана өлімі тіркелді.

      2017 жылдың 6 айында 263 өлім-жітім тіркелді (2016ж.  6 айда – 261).

      Туберкулез ауруымен ауыратындар 36 адамды құрап, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 25,5 промилді құрады (2016ж.6 ай - 29,1 промилле - 42 адам).

      «№2 Жаңаөзен қалалық емханасының» Теңге ауылындағы бастапқы медициналық көмек көрсету  ғимаратына күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 51,5 млн.теңге бөлінді, жөндеу жұмыстары маусымда айында басталып, қыркүйек айында аяқталады.

       «Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасының» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге - 193,0 млн.теңге бөлініп,  мамыр айында жөндеу жұмыстары басталды, аяқталуы қазан - 2017 жылы.

      «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік тапсырыс қаражаты есебінен 7  жедел жәрдем көлігін сатып алуға (Хюндай - 3 дана, Уаз – 4 дана) – 27,9 млн.теңге бөлініп, жеңімпаз тасымалдаушы анықталуда.

      Мәдениет және спорт саласы

      Мәдениет саласына 203,1  млн.теңге қарастырылып, есепті кезеңге 109,6 млн.теңге  жұмсалды. 2017 жылдың 6 айында 120 мәдени-көпшілік іс-шара және дәстүрлі өнер сайыстары ұйымдастырылды.

       Облыстық  «10-шы Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестиваліне 230 өнерпаз қатысып, номинациялар бойынша 15 жүлделі орындарға және Бас жүлде «Лада - Гранта» жеңіл автокөлігіне "Өнер" МКҚК-ны иеленді.

      Сонымен бірге, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық  - 19 байқаулардан  287 өнерпаз, оның ішінде 192 бала әр турлі жүлдеге ие болды.

      ЭКСПО  халықаралық көрмесіне Жаңаөзен қаласының Өнер ұжымынан 17 өнерпаз концерттік бағдарламасымен тамыз айында қатысады.

      Ағымдағы жылдың қараша айында Республикалық ақын-жыршы Ұзақбай Казмұқанұлының 120 жылдығына орай, мерекелік шара өткізіледі; сондай ақ, қазан айында «Ұлағатты ұлы жыр» жыршылар байқауы, қараша айында «Жеті қайқы» әндерін орындаушылар байқауы, қыркүйек айында «Сағындырған әндер-ай» ретро-фестивалі, «Күй - құдірет» күйшілер байқауларын өткізу жоспарланып отыр.

      Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде 28 мыңға жуық адам спортпен шұғылданады, бұл қала тұрғындарының 20% құрайды.

      Дене шынықтыру және спорт саласына 379,2 млн.теңге қарастырылып, есепті кезеңге 192,9 млн.теңге  жұмсалды. Жыл басынан бері 61 спорттық іс-шаралар өткізілді.

      Облыстық деңгейде - 2, қалалық деңгейде - 59 турнирлер мен спорттық жарыстар өткізіліп, оған 2 000-нан астам адам қатыстырылды.

      Қала спортшылары әртүрлі деңгейдегі 164 спорттық жарыстар мен турнирлерге жолданды. Оның ішінде, Грузияда өткен халықаралық турнирде - кикбоксинг жарысынан, Астана қаласында өткен І ашық Азия чемпионатында, Украина елінде өткен әлем чемпионатында және Республикалық жастар ойындарында каратэ-до жырыстарынан - 4 қала спортшысы чемпион атанып, 4 спортшы қола жүлдеге ие болды.

      Жеңімпаз атанған 1 спортшы Ресей елінде өтетін оқу - жаттығу жиындарына, 1 футбол командасы Оңтүстік Қазақстан облысында өтетін чемпионатқа жолдамалар алды.

      Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне орай, «Құланды» ат шабарында Ұлттық ат спорт түрлері  бойынша жарыстар өткізілді.

      Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарында 100-ге жуық мүгедек спортшы жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

      Әлеуметтік қорғау саласы

      Әлеуметтік қамсыздандыру саласына 1 274,2 млн.теңге қарастырылып, есепті кезеңге жұмсалғаны 596,3 млн.теңге. 

         Атаулы әлеуметтік көмекке - 6,5 млн.теңге бөлінді, 6 айда кедейшілік шегінен төмен тұратын 36 мүжәлсіз отбасының 173 адамына 3,0 млн.теңге жұмсалды (2016ж. 6 айда – 43 мүжәлсіз отбасы, 200 адам, 2,6 млн.теңге),  Балалар жәрдемақысына - 13,5 млн.теңге  бөлінді, есепті кезеңге322 отбасының 1 141 баласына 9,2 млн.теңге жұмсалды (2016ж. 6 айда – 241  отбасы, 823 бала, 5,9 млн.теңге),

       Тұрғын-үй жәрдемақысына - 2,8 млн.теңге бөлінді, есепті кезеңге 72 отбасыға 2,0 млн.теңге көлемінде тұрғын-үй жәрдемақысы берілді (2016ж. 6 айда – 61 отбасы, 1,4 мың теңге)

      Есепті кезеңге мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны – 3 995 адам, оның ішінде жұмысқа жарамдысы – 477. Жұмыссыздық есебінде тұрған мүгедектер саны - 123.

       Жыл басынан бері 81 мүгедек жұмыспен қамтылды, оның ішінде: тұрақты жұмысқа – 19 адам, әлеуметтік жұмысқа - 6 адам, жастар практикасымен – 2 адам, қоғамдық жұмысқа - 54 адам. 

        Кәсіпкерлік сала:

        Жалпы ауданы 30 гектар құрайтын өндірістік алаңына алаңішілік инженерлік желілерін және 2 ангар салу үшін – 139,4 млн.теңге (2016ж.–45,0 млн.теңге) бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі – 2017 жыл.

        «Мемлекеттік – жекешелік әріптестік бағдарламасы» аясында, «Солнышко» балабақшасының күрделі жөндеу және қайта құрылымдау жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау, Оңалту орталығын 2018 жылы және гемодиализ орталығын 2017 жылы ашу жоспарланып отыр. 

        «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2017 жылдың 6 айында 6 адамға 27,0 млн.теңге көлемінде шағын несие  берілді.

      «Бизнестің жол картасы - 2020 бірыңғай бағдарламасы» аясында «Өңірлік үйлестіру кеңесінде» 1 828,9 млн.теңгеге21 жоба мақұлданып, екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылды, нәтижесінде 98 жаңа жұмыс орны құрылды.

      Сонымен қатар, жыл басынан қала бойынша кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен 40 кәсіпкерлік нысан ашылып, 250 жаңа жұмыс орындары құрылды.

        Ауыл шаруашылығы

      Бүгінге қала және оған іргелес елді мекендер бойынша 7 584 (2016ж.   6 айда - 8 521) мал басы тіркелген. Оның ішінде: мүйізді ірі қара - 3 221 бас (2016ж. 6 ай - 3 757), ұсақ мал – 3 538 (2016ж.6 ай - 4 080), құс – 825 (2016ж.  6 ай – 684).

        Қаңғыбас және бұралқы ит-мысықтарды жоюға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4,5 млн.теңге бөлінді, есепті кезеңге 1,7 млн.теңге жұмсалып, 2 305 иесіз иттер жойылды.

      2017 жылы 2 967 мал басына  сібір жарасына қарсы, 4 328 мал басына бір қатар қауіпті (туберкулез, оба, эмкар, тұмау, эхинококкоз) ауруларға қарсы егу жұмыстары жүргізілді.

      Бруцеллез ауруын анықтау мақсатында 1 969 мал басынан қан сынамалары алынды.

      526 мал басына ветиринариялық паспорт беріліп, құлақ жапсырмалары салынды.

      Жол мәселесі Жалпы қала бойынша автомобиль жолдарының жүйесі – 41,0 шақырым аудандық, 321,0 шақырым жергілікті маңызы бар жолдардан құралады. Оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі – 57,8% немесе 209,1 шақырымды құрайды.

        Жыл басынан, нөсер жауын және жер асты суларының пайда болу салдарынан қаланың  кейбір шағынаудандарын (Бостандық, Рахат, Ақсу, Мерей, Жұлдыз) су алып, оған  37 техника, 89 қызметкер, 8 су сорғыш техникасы жұмылдырылды.  Алдағы уақытта осы жағдайлардың алдын-алу мақсатында «Дренаж» жүйесінің ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамадан  қорытындысы шілде айында алынады.

        Автокөлік жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2017 жылға - 10,6 млн.теңге қарастырылды, есепті кезеңге 2,0 млн.теңге жұмсалып 557 шаршыметр ой-шұңқырлар қалпына келтірілді.

      Қаланың автокөлік жолдарындағы жарықтарын жалғау жұмыстарына - 5,2 млн.теңге қарастырылды, есепті кезеңге Қашаған және Маңғыстау көшелерінің жолдары қалпына келтіріліп, 490,0 мың теңге жұмсалды. Жұмыстар  жалғасуда.

      Қала және ауылдардың автокөлік жолдарына жаяу жүргінші жолдарын және жол жолақтарын сызу жұмыстарына - 14,2 млн.теңгеге келісім шарт жасақталды, есепті кезеңге 5,0 млн.теңге жұмсалып жұмыстар жүргізілуде. 214 жол белгісін орнатуға және ауыстыруға3,5 млн.теңге бөлініп, есепті кезеңге 1,0 млн.теңге жұмсалып, 31 жол белгісі орнатылды, күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда.  

      Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарында  178 дана бағдаршамға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге 3,5 млн.теңге қарастырылып, есепті кезеңге 1,2 млн.теңге жұмсалды, жұмыстар жүргізілуде.

        Мүгедектердің хал-жағдайын жақсарту мақсатында, қаланың 4 автокөлік тұрағына жол белгісін және 8 бағдаршам бағаналарына дыбыстық құрылғы орнатуға республикалық және жергілікті бюджеттен 822,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда, келісім-шарт жасақталып, жұмыстары жүргізілуде.

    Тұрғын үй:

    Тұрғын үй кезегінде тұрған адам саны - 3 824, оның ішінде:

    - ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған жетім балалар - 187 адам;

    -халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтары - 1 485 адам;

    - бюджеттік сала қызметкерлері - 2 107 адам.

    - бір тұрғын-үй апатты  жағдайда деп танылған, тұрғындар саны – 45 адам.

      Жаңаөзен қаласындағы апатты деп танылған «Шаңырақ» шағынауданындағы №59 үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасақтауға 16,3 млн.теңге бөлінді, ағымдағы жылдың шілде айында мемлекеттік сараптамадан қорытынды алынады.

      Апатты жағдайда тұрған тұрғын үйдің пәтер иелерін уақытша орналастыру мақсатында және басқа өңірден шақыртылған дәрігерлерге пәтерлер сатып алуға 643,0 млн.теңге бөлініп, 80 пәтер сатып алу  жұмыстары жүргізілуде.

       Бюджет қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 180 пәтерлік жатақхана құрылысын салу үшін ЖСҚ жасақтауға - 7,6 млн.теңге бөлініп, ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік сараптамадан қорытындысы алынады.

    Абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру  

      Қаланың орталық саябағын (Тәуелсіздік алаңын) абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары басталып «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы  45 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Алаңның ортасына орнатылатын су бұрқағының құрылымдауының ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптама қорытындысы тамыз айында алынады.

      Мұнайшы мәдениет сарайының аумағын абатттандыру жұмыстары басталып, Жұмыспен қамту орталығы арқылы 30 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда 1 552,4 шаршы метр жерге 150 текше метр қатқыл тастар төсеу жалғасуда.

      «Дулыға» ескерткішінің сыртқы бөлігіне демонтаж жұмыстары және қайта өңдеу, жаңарту жұмыстары тамыз айында аяқталады.

      Жаңаөзен қаласы және және Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарында  санитарлық тазалығының жұмыстары үздіксіз атқарылуда. Бұл жұмыстарға 2017 жылға - 862,9 млн.теңге қаралды, барлық тазаланатын аудан көлемі 11,9 млн.шаршы метр құрайды.

      Коммуналдық  саланы дамыту мақсатында 119 млн.теңге бөлініп оған, 8 дана қоқыс таситын көлік сатып алу үшін конкурс өткізіліп, тасымалдаушы мекемемен келісім-шарт жасақталуда, 605 дана қоқыс контейнерлері шілде айында сатып алынады,

    электрэнергия тиімділігін арттыру мақсатында электронды есепке алу жүйесіне қосылу үшін - 16,0 млн.теңге бөлініп, бүгінгі таңда орнату жұмыстары жүргізілуде.

      Жыл басынан тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу комбинатында - 14,8 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар іріктеліп, оның 2,6 мың тоннасы қайта өңделіп, құрылыс материалдары (черепица, брусчатка, поребрик) шығарылды, көмілгені - 12, 2 мың тонна.

      Көгалдандыру жұмыстарына 2017 жылға - 345,4 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жалғасуда. Қала аумағына 313,3 мың дана гүлдер, 80,9 мың дана талдар отырғызылды.  43,8 мың шаршы метр жасыл алаңша төселді.

        Қала тұрғындарына жылу, су, кәріз, тоқ, және қоқыс шығару кызметтерін көрсетуші мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарында басты қиындық тудырып отырған мәселе – пәтер иелерінің коммуналдық қызмет ақыларын уақытылы төленбеуі болып отыр. 

      Есепті кезеңге  тұрғындардың коммуналдық төлемақыларға берешектері – 532,1 млн.теңгені құрап, осының салдарынан қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін сатып алынған коммуналдық ресурстарға Коммуналдық мекемелердің - 437,2 млн.теңге берешектерін төлеуге қиындық туғызуда.

       Жер мәселесі

       Жер учаскесінің меншік құқығын сату жөніндегі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша 7 жер учаскесі сатылды. Сауда-саттықтан түскен қаржы 6,0 млн.теңгені құрады. Жыл соңына дейін сауда-саттық арқылы 100-ге жуық жер учаскелерін сату жоспарланып отыр.

        Қылмыстық ахуал

          Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қала бойынша құқық бұзушылықтың негізгі көрсеткіштері төмендеген.

      Жаңаөзен қаласы бойынша есепті кезеңде 528 қылмыс оқиғасы тіркелді (2016ж. 6 ай - 663), өткен жылмен салыстырғанда 135 дерекке немесе 20,4%-ға төмендеген.

      6 айда 336 қылмыс ашылды, жалпы қылмыстың ашылу деңгейі 62,0% құрады (2016ж. 6 айда - 300 қылмыс,  ашылуы 41,7%).

       Тіркелген 528 қылмыстың: адам өлтіру -1 дерек (2016ж. 6ай - 5 дерек); қарақшылық - 3 дерек (2016ж.6 ай – 1 дерек); тонау - 9 дерек (2016ж. 6 ай – 16 дерек), ұрлық - 259 дерек (2016ж. 6 ай – 363 дерек), бұзақылық - 42 дерек (2016ж.6ай – 70), аса ауыр қылмыс 2 дерек (2016ж. 6 айда 5 дерек). 

      Қоғамдық орындарда болған қылмыс саны – 87, өткен жылмен салыстырғанда 6 дерекке көп (2016ж. 6 ай – 81).

      Жасөспірімдер арасында болған қылмыссаны – 1 дерек,өткен жылмен салыстырғанда 3 дерекке төмендеген(2016ж. 6 айда – 4). 

        6 ай ішінде Қала аумағының автокөлік жолдарында  27 көлік оқиғасы орын алып, оның ішінде 2 адам қаза болды, 30 адам дене жарақаттарын алды (2016ж. 6 ай – 30). 

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар мен оның іске асырылуында қала әкімдігінің жанында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі арнайы комиссиясымен бекітілген іс-шараға сәйкес жұмысы атқарылуда, бұл бағыттағы жұмыстар назарда ұсталуда. 

    " data="redactor-module">

    Жаңаөзен қаласы бойынша атқарылған  шаралардың барлығы «Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары», «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын», Елбасының Жолдауы мен  «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы тапсырмалар аясында халықтың әлеуеттік жағдайын арттыруға бағытталды.

      Жаңаөзен қаласы әкімдігімен 93 мемлекеттік қызмет көрсетіледі (АХАЖ-10, Жұмыспен қамту - 20, Білім бөлімі - 24, Жер - 11, Ауылшаруашылық - 10, Архитектура - 8, ЖКХ - 6, Спорт - 1, Экономика - 1, Жолдар - 2), оның ішінде 6 айда көрсетілген қызметтер: 39 - жергілікті атқарушы органдармен қағаз жүзінде, 20 - Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 5 - электрондық үкімет Веб порталы арқылы.

    Ағымдағы жылдың 6 айының есебі бойынша барлығы - 29 388 (2016ж.6 ай - 21 643) мемлекеттік қызмет көрсетілген, қағаз жүзінде мемлекеттік органдармен - 21 523 (2016ж. 6 ай - 15 526), Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 5 858 (2016ж. 6 ай - 4 549), 5 - электрондық үкімет Веб порталы арқылы (2016ж. 6 ай - 1 568).

      Жаңаөзен қаласы әкімінің блогына – 4 сұрақ келіп түсіп, толықтай жауаптары берілді.

    2017 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша халық саны 142,0 мың адамды құрап (қала халқы-82,1 мың адам, ауыл халқы - 59,9 мың адам).

    Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 63,6 млрд.теңгені құрады (2016ж. 6 ай – 59,8млрд. теңге). Нақты көлем индексі 101,3 пайыз.

    Есепті кезеңде «ӨзенМұнайГаз» АҚ-мен 2 703,2 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 97,3% құрады (2016ж. 6 ай – 2 779,4 мың тонна). Сонымен қатар 149,7 млн.текше метр табиғи газ өндірілді, 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 97,0% құрады (2016ж. 6 ай – 154,4млн.текше метр).

    Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі  14,8 млрд.теңге немесе 119,4% құрады (2016ж. 6 ай - 11,8 млрд. теңге).

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,0 млрд.теңгені құрап, өткен жыл деңгейіне 136,3% (2016ж. 6 ай – 6,5млрд. теңге).

        Жалпы көлемі 96,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өткен жылдың деңгейіне 101,4% құрады (халықпен салынған жеке тұрғын үйлер есебінен), 2016ж. 6 ай – 95,3мың шаршы метр).

    Қала бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъекті саны 8 109 (2016ж. 6 ай – 8 040), оның ішінде заңды тұлғалар – 1 328, жеке кәсіпкерлер – 6 760, ауылшаруашылығы - 21.

    Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 20 894 адамды (2016ж. 6 ай - 20 429 адам) құрады.  

    Халықтың экономикалық белсенді тобының көрсеткіші 65 172 адамды құрайды,ал оның құрамындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі 32,1%.

    Барлық экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа жалақы 351 104 теңгені құрады немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,3% құрады(2016ж. 6 ай - 346 491теңге).

    Жыл басынан бері 2 537 жаңа жұмыс орны құрылып, өткен жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға өсті (01.07.2016ж.-2 469 жұмыс орын). Атап айтсақ: әлеуметтік жұмыс орны - 246, жастар практикасы - 95, көлік және қоймалау - 261, өнеркәсіп - 290, құрылыс - 69, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу - 158, білім беру - 397, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге - 152, экономикалық қызметтердің басқа түрлеріне – 862 ауыл шаруашылығы - 7.

    Жұмыссыздық есебіне жыл басынан тіркелгені – 5 738 (2016ж.6ай - 2 584 адам), 01.07.2017ж. кезеңіне жұмыссыздар саны – 1 680 адамды (01.07.2016ж. - 1 356 адам) құрады; оның 1 148-і уақытша қоғамдық жұмыстарға жолданды. (2016ж.6 ай - 1 001 адам).

    Жұмыссыздық деңгейі – 2,4% болды (01.07.2016ж. – 2,2%).

    Жергілікті бюджетке салықтар және басқа да төлемдер түсімдерінің орындалысы – 6,8 млрд.теңгені құрап, есепті кезеңнің жоспарына 105,8% орындалды(жылдық жоспар  – 14,3 млрд.теңге).

    Қала бюджетінің шығыстар бөлігі бойынша – 6,6 млрд.теңге игерілді немесе 100,0% (жылдық жоспар 14,5 млрд.теңге), оның ішінде жергілікті бюджет – 6,5 млрд.теңге (100%), республикалық бюджет – 104,0 млн.теңге (97,7%, 2,3% - үнемделу есебінен).

      Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес, 2017 жылға бюджеттен 1,2 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлініп, 01.07.2017ж. жағдайына 408,4 млн.теңге игерілді; жылдық жоспарды толықтай игеру күтілуде.

      2017 жылы 3 өтпелі жобалар іске асырылуда, олар:

    - «Арай» шағынауданындағы 320 орындық балабақша құрылысы – 127,6 млн.теңге бөлініп, толық игерілді (2016ж. - 401,2 млн.теңге) («Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан) жобаның тапсырыс берушісі МО құрылыс басқармасы;

    - «Жаңаөзен қаласындағы Еділ суын тәулігіне 30 мың текше метр ауыз су сапасына дейін дайындайтын су тазарту құрылыстарын салу» жобасына 368,0млн.теңге бөлінді.Құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Аяқталу мерзімі – 2018 жылдың 1 жартыжылдығы;

    - Орталық қазандықты шағын ЖЭО-ға ауыстыра отырып қайта жаңғырту және кеңейту жобасының құрылысы толық аяқталып, қазіргі кезде іске қосу, баптау жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2017 жылдың қазан айы.

      Моноқалаларды дамыту бағдарламасының 2015-2017 жылдарға арналған шараларына сәйкес жобалық құны 235,4 млн.теңге құрайтын"Рахат" ауылының "Гүлдер", "Жемісті", "Гулмайса" көшелерін асфальттауға (4,8 шқ.) – 50,0 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда конкурстық шаралар өткізіліп, анықталған мердігермен келісім-шарт жасақталуда, өтпелі нысан.

      2017 жылы аталған бағдарлама бойынша  7 жобаны 2017-2019 жылдары қаржыландыру үшін Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына  бюджеттік өтінімдер жолданды, олар:

    1. "Қызылсай ауылында 20 кереуеттік сауықтыру бөлімшесін салу", жобалық құны - 158,8 млн.теңге;

    2. "Мерей (Рахат-4) шағынауданында 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы", жобалық құны - 387,9 млн.теңге;

    3. "Жаңаөзен қаласында облыстық мұражай филиалын салу", жобалық құны - 322,2 млн.теңге;

    4. "Рахат" кентінде 300 орындық мәдениет үйін салу", жобалық құны - 590,4 млн.теңге;

    5. "Рахат" кентінде спорт залының құрылысы", жобалық құны - 259,8 млн.теңге;

    6. "Теңге" кентінде спорт залының құрылысы", жобалық құны - 266,2 млн.теңге;

    7. "Рауан" шағынауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру", жобалық құны - 124,5 млн.теңге.

      Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында мұз айдынының құрылысын салу үшін  жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда, дайын болу мерзімі 2017 жылы.

      «Дипломмен ауылға» бағдарламасы  аясында 2017 жылға ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген мамандарға 158,8 мың теңгеден әр кайсысына барлығы 50 маманға 7,9 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді, олар:

    - Теңге ауылы бойынша 3 маман  (білім беру– 2, денсаулық сақтау– 1);

    - Рахат ауылы бойынша 47 маман (білім беру– 28, денсаулық сақтау– 19).

      Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген 12 маманға тұрғын үй сатып алуға, әр кайсысына 3,4 млн.теңгеден барлығы 40,8 млн.теңге көлемінде бюджеттік несие берілді, олар:

    - Теңге ауылына-2 маман (1-денсаулық сақтау, білім беру - 1);

    - Рахат ауылына – 10 маман (білім беру - 8,  денсаулық сақтау - 2).

      Аталған бағдарлама бойынша есепті жылға бөлінген қаражат толық игеріліп, қосымша,  көтерме жәрдемақы 100 маманға - 15,9 млн.теңге, 0,01 пайыздық мөлшерлемемен бюджеттік кредит 50 маманға - 170,2 млн.теңге көлемінде қаражат бөлу үшін Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

    Жұмыспен қамту

      Қаламызда жұмыссыздық мәселесін кезең-кезеңімен шешу, оны мүмкіндігінше азайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

      Аутсорсинг арқылы қызмет көрсететін мердігер мекеме «Маңғыстау Сервис Компани» ЖШС-де бос жұмыс орындары болған жағдайда, қалалық жұмыспен қамту орталығына тіркелген халықтың осал тобына жататын азаматтар жіберіледі. Аталған мердігер мекеменің сұранысына сәйкес, жұмыс тобының келісімімен жыл басынан мүжәлсіз отбасыдан 39адам тұрақты жұмысқа жолданды, 2016 жылдан бері 84 адам (18- балалар үйінің түлегі, 15- тұлдыр жетім,  51- мүжәлсіз отбасыдан).

    Алдағы уақытта кәсіпорындардан сұраныс болған жағдайда, жұмыссыздық есебінде тұрған азаматтар осы тәртіппен аталған мекемеге жұмысқа жолданатын болады.

    Жыл басынан «Жаңа Серпін» орталығы арқылы 28 жұмыссыз адам Ақтау қаласының «Қала жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жұмысқа жолданды; «монтаждаушы», «электргаздәнекерлеушісі» мамандығымен еңбек өтілі жоқ жұмыссыз 15 жас маман Ақтау қаласының «Айкон» және 10 жас маман «АрселорМетал», 12 жас маман «КендірліҚұрылысСервис» ЖШС-не бір жылдық мерзіммен өндірістік тәжірибеден өтуге жолданды. 

       «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» үш бағытының аясында жұмыстар атқарылуда.

      Бірінші бағыты: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағытына сәйкес, «Компьютерлік сауаттылықты арттыру» жобасы бойынша 29 жасқа дейінгі және жұмыссыз өзін-өзі қамтушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін «О. Тұрмағанбетұлы атындағы мұнай және газ колледжіне» 300 адамды екі айға оқыту жоспарланып, есепті кезеңге 27 адам оқуға жолданды.

      Екінші бағыты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағытыбойынша: қала тұрғындарына шағын несие беру үшін «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2017 жылға 20,0 млн.теңге қаралған, несие алуға өтініш білдірген 7 адамның құжаттары Қоғамға жолданып, қаралуда.

    Үшінші бағыты: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағытыаясында: басқа облыстарға ерікті қоныс аударуға ниет білдіргендерден Шығыс Қазақстан облысына 3 отбасы (13 адам) жіберіліп, олар жалдамалы тұрғын үйлермен қамтамасыз етілді. Әр отбасыға 74,0 мың теңге көлемінде субсидия төлеу жоспарланып, әкімдікке құжаттары жолданды. Осы отбасылар 6 айлық шартты ақшалай көмек алуға «Өрлеу» бағдарламасына қатыстырылып, құжаттары тапсырылды. Отбасылар азық-түлікпен, киім-кешектермен қамтамасыз етілді.

      Сонымен қатар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына 10 отбасыны көшіру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.  

    Білім саласы.

    2017 жылы білім беру саласына 7,1 млрд.теңге бөлінді, бұл жалпы қала бюджетінің 49,0% құрайды (2016ж. - 7,6 млрд.теңге).

    2016/2017 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы енгізіліп, 933 мектеп түлегі 2 сынақтан өтті:

    - 933 мектеп бітіруші түлектің 7-уі денсаулығына байланысты емтиханнан босатылды, қалған 926-ы мектеп қорытынды емтихандарын тапсырды. 933 де аттестаттарын алып, оның 35-і «Алтын белгі», 36-ы «Үздік» аттестат иегерлері;

    - Ниет білдірген 805 оқушы ҰБТ-ге қатысып, қорытынды  орта ұпайы 75,6% (2015/2016ж.-73,8%) болды.

      Білім беру мекемелері нысандары бойынша:

    2017 жылы "Арай", "Рауан" және "Рахат" шағынаудандарында әрқайсысы 900 орындық 3 мектептің құрылысын салу жоспарлануда, бұл мақсатта 4,3 млрд.теңге бөлінді, конкурстың нәтижесі күтілуде,  аяқталу мерзімі 2018 жыл.

     Рахат ауылындағы №15 орта мектепке сыйымдылығы 288 орындық қосымша құрылысты аяқтауға 17,1 млн.теңге бөлінді (2016ж. игерілгені - 110,5 млн.теңге). Құрылыс жұмыстары жалғасуда, аяқталу мерзімі – 2017 жылдың тамыз айы.

        Статистикалық деректерге сәйкес, қала бойынша 3-6 жас аралығында – 14 242 бала бар. Оның  есепті кезеңге мектепке дейінгі оқу тәрбиесімен қамтылғаны – 13 711 бала. Балалардың балабақшамен қамтылуы 96,0% құрады. 01.07.2017 жыл кезеңіне 0-6 жас аралығындағы 7 661бала балабақша кезегінде тұр.

       2017 жылы қала бойынша 7-13 жас аралығындағы 23 813 оқушы жазғы демалыспен және сауықтырумен ұйымдастыру жоспарланды. Олар:

    -  қалалық білім бөлімінің мектеп жанындағы 11 лагерінде –  3 410 бала (жергілікті бюджеттен 63,9 млн.теңге бөлінді);

    -  МО Білім басқармасы арқылы «Балдәурен» лагеріне – 50 бала;

    -  Жаңаөзен қаласына қарасты өндірістік мекемелердің демеушілігімен және ата-ана қаражаты есебінен  республиканың өзге қалалары мен алыс-жақын шетел мемлекеттеріндегі демалыс орындарына – 19 660 бала;

    -  ЭКСПО мамандандырылған көрмесіне - 677 бала;

    -  "Аджип" АҚ -ның демеушілігімен жетім және дарынды - 16 бала;

    -   МО Білім басқармасының ұйымдастыруымен әлеуметтік тапсырыс бойынша - 3 467 бала демалады.

      Сондай-ақ, оқушылар жазғы демалыс кезінде аула клубтары мен оқушылар шығармашылық үйіндегі үйірмелерге қатыстырылып, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша шілде-тамыз айларында  250 бала  еңбекпен қамтылатын болады.

    «Серпін - 2050» әлеуметтік жобасы бойынша грант алу мүмкүндіктері және оған қатысушыларға  қарастырылған жеңілдіктер жөнінде түсіндіру жұмыстары Қалалық білім бөлімімен,  ата-аналар және мектеп түлектері арасында ұйымдастырылуда. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ -ның басшылығының қатысуымен Жаңаөзен қаласында 2 рет кездесулер өткізілді. Бүгінгі таңда республикамыздың 10  өңіріне 350 мектеп түлегі жоба бойынша   оқуға түсуге ниет білдірді. Ағымдағы жылдың 20 шілдесінен бастап қаладағы колледждердің қабылдау комиссиясында «Серпін - 2050» әлеуметтік жобасы бойынша құжаттарын қабылдау жұмыстары  басталады.

         Денсаулық сақтау саласы

      2017 жылдың 6 айында 2 084 бала дүниеге келді (2016ж  6 ай – 2 220 сәби).

      Есепті кезеңде 1-жасқа дейінгі 12 сәби өлімі тіркеліп, көрсеткіш туылған  1 000 сәбиге шаққанда 6,3 промилді құрады (2016ж. 6 ай - 15 бала – 11,2 промилле).

      Жыл басында бір ана өлімі тіркелді.

      2017 жылдың 6 айында 263 өлім-жітім тіркелді (2016ж.  6 айда – 261).

      Туберкулез ауруымен ауыратындар 36 адамды құрап, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 25,5 промилді құрады (2016ж.6 ай - 29,1 промилле - 42 адам).

      «№2 Жаңаөзен қалалық емханасының» Теңге ауылындағы бастапқы медициналық көмек көрсету  ғимаратына күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 51,5 млн.теңге бөлінді, жөндеу жұмыстары маусымда айында басталып, қыркүйек айында аяқталады.

       «Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасының» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге - 193,0 млн.теңге бөлініп,  мамыр айында жөндеу жұмыстары басталды, аяқталуы қазан - 2017 жылы.

      «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік тапсырыс қаражаты есебінен 7  жедел жәрдем көлігін сатып алуға (Хюндай - 3 дана, Уаз – 4 дана) – 27,9 млн.теңге бөлініп, жеңімпаз тасымалдаушы анықталуда.

      Мәдениет және спорт саласы

      Мәдениет саласына 203,1  млн.теңге қарастырылып, есепті кезеңге 109,6 млн.теңге  жұмсалды. 2017 жылдың 6 айында 120 мәдени-көпшілік іс-шара және дәстүрлі өнер сайыстары ұйымдастырылды.

       Облыстық  «10-шы Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестиваліне 230 өнерпаз қатысып, номинациялар бойынша 15 жүлделі орындарға және Бас жүлде «Лада - Гранта» жеңіл автокөлігіне "Өнер" МКҚК-ны иеленді.

      Сонымен бірге, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық  - 19 байқаулардан  287 өнерпаз, оның ішінде 192 бала әр турлі жүлдеге ие болды.

      ЭКСПО  халықаралық көрмесіне Жаңаөзен қаласының Өнер ұжымынан 17 өнерпаз концерттік бағдарламасымен тамыз айында қатысады.

      Ағымдағы жылдың қараша айында Республикалық ақын-жыршы Ұзақбай Казмұқанұлының 120 жылдығына орай, мерекелік шара өткізіледі; сондай ақ, қазан айында «Ұлағатты ұлы жыр» жыршылар байқауы, қараша айында «Жеті қайқы» әндерін орындаушылар байқауы, қыркүйек айында «Сағындырған әндер-ай» ретро-фестивалі, «Күй - құдірет» күйшілер байқауларын өткізу жоспарланып отыр.

      Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде 28 мыңға жуық адам спортпен шұғылданады, бұл қала тұрғындарының 20% құрайды.

      Дене шынықтыру және спорт саласына 379,2 млн.теңге қарастырылып, есепті кезеңге 192,9 млн.теңге  жұмсалды. Жыл басынан бері 61 спорттық іс-шаралар өткізілді.

      Облыстық деңгейде - 2, қалалық деңгейде - 59 турнирлер мен спорттық жарыстар өткізіліп, оған 2 000-нан астам адам қатыстырылды.

      Қала спортшылары әртүрлі деңгейдегі 164 спорттық жарыстар мен турнирлерге жолданды. Оның ішінде, Грузияда өткен халықаралық турнирде - кикбоксинг жарысынан, Астана қаласында өткен І ашық Азия чемпионатында, Украина елінде өткен әлем чемпионатында және Республикалық жастар ойындарында каратэ-до жырыстарынан - 4 қала спортшысы чемпион атанып, 4 спортшы қола жүлдеге ие болды.

      Жеңімпаз атанған 1 спортшы Ресей елінде өтетін оқу - жаттығу жиындарына, 1 футбол командасы Оңтүстік Қазақстан облысында өтетін чемпионатқа жолдамалар алды.

      Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне орай, «Құланды» ат шабарында Ұлттық ат спорт түрлері  бойынша жарыстар өткізілді.

      Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарында 100-ге жуық мүгедек спортшы жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

      Әлеуметтік қорғау саласы

      Әлеуметтік қамсыздандыру саласына 1 274,2 млн.теңге қарастырылып, есепті кезеңге жұмсалғаны 596,3 млн.теңге. 

         Атаулы әлеуметтік көмекке - 6,5 млн.теңге бөлінді, 6 айда кедейшілік шегінен төмен тұратын 36 мүжәлсіз отбасының 173 адамына 3,0 млн.теңге жұмсалды (2016ж. 6 айда – 43 мүжәлсіз отбасы, 200 адам, 2,6 млн.теңге),  Балалар жәрдемақысына - 13,5 млн.теңге  бөлінді, есепті кезеңге322 отбасының 1 141 баласына 9,2 млн.теңге жұмсалды (2016ж. 6 айда – 241  отбасы, 823 бала, 5,9 млн.теңге),

       Тұрғын-үй жәрдемақысына - 2,8 млн.теңге бөлінді, есепті кезеңге 72 отбасыға 2,0 млн.теңге көлемінде тұрғын-үй жәрдемақысы берілді (2016ж. 6 айда – 61 отбасы, 1,4 мың теңге)

      Есепті кезеңге мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны – 3 995 адам, оның ішінде жұмысқа жарамдысы – 477. Жұмыссыздық есебінде тұрған мүгедектер саны - 123.

       Жыл басынан бері 81 мүгедек жұмыспен қамтылды, оның ішінде: тұрақты жұмысқа – 19 адам, әлеуметтік жұмысқа - 6 адам, жастар практикасымен – 2 адам, қоғамдық жұмысқа - 54 адам. 

        Кәсіпкерлік сала:

        Жалпы ауданы 30 гектар құрайтын өндірістік алаңына алаңішілік инженерлік желілерін және 2 ангар салу үшін – 139,4 млн.теңге (2016ж.–45,0 млн.теңге) бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі – 2017 жыл.

        «Мемлекеттік – жекешелік әріптестік бағдарламасы» аясында, «Солнышко» балабақшасының күрделі жөндеу және қайта құрылымдау жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау, Оңалту орталығын 2018 жылы және гемодиализ орталығын 2017 жылы ашу жоспарланып отыр. 

        «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2017 жылдың 6 айында 6 адамға 27,0 млн.теңге көлемінде шағын несие  берілді.

      «Бизнестің жол картасы - 2020 бірыңғай бағдарламасы» аясында «Өңірлік үйлестіру кеңесінде» 1 828,9 млн.теңгеге21 жоба мақұлданып, екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылды, нәтижесінде 98 жаңа жұмыс орны құрылды.

      Сонымен қатар, жыл басынан қала бойынша кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен 40 кәсіпкерлік нысан ашылып, 250 жаңа жұмыс орындары құрылды.

        Ауыл шаруашылығы

      Бүгінге қала және оған іргелес елді мекендер бойынша 7 584 (2016ж.   6 айда - 8 521) мал басы тіркелген. Оның ішінде: мүйізді ірі қара - 3 221 бас (2016ж. 6 ай - 3 757), ұсақ мал – 3 538 (2016ж.6 ай - 4 080), құс – 825 (2016ж.  6 ай – 684).

        Қаңғыбас және бұралқы ит-мысықтарды жоюға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4,5 млн.теңге бөлінді, есепті кезеңге 1,7 млн.теңге жұмсалып, 2 305 иесіз иттер жойылды.

      2017 жылы 2 967 мал басына  сібір жарасына қарсы, 4 328 мал басына бір қатар қауіпті (туберкулез, оба, эмкар, тұмау, эхинококкоз) ауруларға қарсы егу жұмыстары жүргізілді.

      Бруцеллез ауруын анықтау мақсатында 1 969 мал басынан қан сынамалары алынды.

      526 мал басына ветиринариялық паспорт беріліп, құлақ жапсырмалары салынды.

      Жол мәселесі Жалпы қала бойынша автомобиль жолдарының жүйесі – 41,0 шақырым аудандық, 321,0 шақырым жергілікті маңызы бар жолдардан құралады. Оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі – 57,8% немесе 209,1 шақырымды құрайды.

        Жыл басынан, нөсер жауын және жер асты суларының пайда болу салдарынан қаланың  кейбір шағынаудандарын (Бостандық, Рахат, Ақсу, Мерей, Жұлдыз) су алып, оған  37 техника, 89 қызметкер, 8 су сорғыш техникасы жұмылдырылды.  Алдағы уақытта осы жағдайлардың алдын-алу мақсатында «Дренаж» жүйесінің ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамадан  қорытындысы шілде айында алынады.

        Автокөлік жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2017 жылға - 10,6 млн.теңге қарастырылды, есепті кезеңге 2,0 млн.теңге жұмсалып 557 шаршыметр ой-шұңқырлар қалпына келтірілді.

      Қаланың автокөлік жолдарындағы жарықтарын жалғау жұмыстарына - 5,2 млн.теңге қарастырылды, есепті кезеңге Қашаған және Маңғыстау көшелерінің жолдары қалпына келтіріліп, 490,0 мың теңге жұмсалды. Жұмыстар  жалғасуда.

      Қала және ауылдардың автокөлік жолдарына жаяу жүргінші жолдарын және жол жолақтарын сызу жұмыстарына - 14,2 млн.теңгеге келісім шарт жасақталды, есепті кезеңге 5,0 млн.теңге жұмсалып жұмыстар жүргізілуде. 214 жол белгісін орнатуға және ауыстыруға3,5 млн.теңге бөлініп, есепті кезеңге 1,0 млн.теңге жұмсалып, 31 жол белгісі орнатылды, күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда.  

      Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарында  178 дана бағдаршамға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге 3,5 млн.теңге қарастырылып, есепті кезеңге 1,2 млн.теңге жұмсалды, жұмыстар жүргізілуде.

        Мүгедектердің хал-жағдайын жақсарту мақсатында, қаланың 4 автокөлік тұрағына жол белгісін және 8 бағдаршам бағаналарына дыбыстық құрылғы орнатуға республикалық және жергілікті бюджеттен 822,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда, келісім-шарт жасақталып, жұмыстары жүргізілуде.

    Тұрғын үй:

    Тұрғын үй кезегінде тұрған адам саны - 3 824, оның ішінде:

    - ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған жетім балалар - 187 адам;

    -халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтары - 1 485 адам;

    - бюджеттік сала қызметкерлері - 2 107 адам.

    - бір тұрғын-үй апатты  жағдайда деп танылған, тұрғындар саны – 45 адам.

      Жаңаөзен қаласындағы апатты деп танылған «Шаңырақ» шағынауданындағы №59 үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасақтауға 16,3 млн.теңге бөлінді, ағымдағы жылдың шілде айында мемлекеттік сараптамадан қорытынды алынады.

      Апатты жағдайда тұрған тұрғын үйдің пәтер иелерін уақытша орналастыру мақсатында және басқа өңірден шақыртылған дәрігерлерге пәтерлер сатып алуға 643,0 млн.теңге бөлініп, 80 пәтер сатып алу  жұмыстары жүргізілуде.

       Бюджет қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 180 пәтерлік жатақхана құрылысын салу үшін ЖСҚ жасақтауға - 7,6 млн.теңге бөлініп, ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік сараптамадан қорытындысы алынады.

    Абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру  

      Қаланың орталық саябағын (Тәуелсіздік алаңын) абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары басталып «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы  45 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Алаңның ортасына орнатылатын су бұрқағының құрылымдауының ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптама қорытындысы тамыз айында алынады.

      Мұнайшы мәдениет сарайының аумағын абатттандыру жұмыстары басталып, Жұмыспен қамту орталығы арқылы 30 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда 1 552,4 шаршы метр жерге 150 текше метр қатқыл тастар төсеу жалғасуда.

      «Дулыға» ескерткішінің сыртқы бөлігіне демонтаж жұмыстары және қайта өңдеу, жаңарту жұмыстары тамыз айында аяқталады.

      Жаңаөзен қаласы және және Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарында  санитарлық тазалығының жұмыстары үздіксіз атқарылуда. Бұл жұмыстарға 2017 жылға - 862,9 млн.теңге қаралды, барлық тазаланатын аудан көлемі 11,9 млн.шаршы метр құрайды.

      Коммуналдық  саланы дамыту мақсатында 119 млн.теңге бөлініп оған, 8 дана қоқыс таситын көлік сатып алу үшін конкурс өткізіліп, тасымалдаушы мекемемен келісім-шарт жасақталуда, 605 дана қоқыс контейнерлері шілде айында сатып алынады,

    электрэнергия тиімділігін арттыру мақсатында электронды есепке алу жүйесіне қосылу үшін - 16,0 млн.теңге бөлініп, бүгінгі таңда орнату жұмыстары жүргізілуде.

      Жыл басынан тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу комбинатында - 14,8 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар іріктеліп, оның 2,6 мың тоннасы қайта өңделіп, құрылыс материалдары (черепица, брусчатка, поребрик) шығарылды, көмілгені - 12, 2 мың тонна.

      Көгалдандыру жұмыстарына 2017 жылға - 345,4 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жалғасуда. Қала аумағына 313,3 мың дана гүлдер, 80,9 мың дана талдар отырғызылды.  43,8 мың шаршы метр жасыл алаңша төселді.

        Қала тұрғындарына жылу, су, кәріз, тоқ, және қоқыс шығару кызметтерін көрсетуші мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарында басты қиындық тудырып отырған мәселе – пәтер иелерінің коммуналдық қызмет ақыларын уақытылы төленбеуі болып отыр. 

      Есепті кезеңге  тұрғындардың коммуналдық төлемақыларға берешектері – 532,1 млн.теңгені құрап, осының салдарынан қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін сатып алынған коммуналдық ресурстарға Коммуналдық мекемелердің - 437,2 млн.теңге берешектерін төлеуге қиындық туғызуда.

       Жер мәселесі

       Жер учаскесінің меншік құқығын сату жөніндегі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша 7 жер учаскесі сатылды. Сауда-саттықтан түскен қаржы 6,0 млн.теңгені құрады. Жыл соңына дейін сауда-саттық арқылы 100-ге жуық жер учаскелерін сату жоспарланып отыр.

        Қылмыстық ахуал

          Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қала бойынша құқық бұзушылықтың негізгі көрсеткіштері төмендеген.

      Жаңаөзен қаласы бойынша есепті кезеңде 528 қылмыс оқиғасы тіркелді (2016ж. 6 ай - 663), өткен жылмен салыстырғанда 135 дерекке немесе 20,4%-ға төмендеген.

      6 айда 336 қылмыс ашылды, жалпы қылмыстың ашылу деңгейі 62,0% құрады (2016ж. 6 айда - 300 қылмыс,  ашылуы 41,7%).

       Тіркелген 528 қылмыстың: адам өлтіру -1 дерек (2016ж. 6ай - 5 дерек); қарақшылық - 3 дерек (2016ж.6 ай – 1 дерек); тонау - 9 дерек (2016ж. 6 ай – 16 дерек), ұрлық - 259 дерек (2016ж. 6 ай – 363 дерек), бұзақылық - 42 дерек (2016ж.6ай – 70), аса ауыр қылмыс 2 дерек (2016ж. 6 айда 5 дерек). 

      Қоғамдық орындарда болған қылмыс саны – 87, өткен жылмен салыстырғанда 6 дерекке көп (2016ж. 6 ай – 81).

      Жасөспірімдер арасында болған қылмыссаны – 1 дерек,өткен жылмен салыстырғанда 3 дерекке төмендеген(2016ж. 6 айда – 4). 

        6 ай ішінде Қала аумағының автокөлік жолдарында  27 көлік оқиғасы орын алып, оның ішінде 2 адам қаза болды, 30 адам дене жарақаттарын алды (2016ж. 6 ай – 30). 

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар мен оның іске асырылуында қала әкімдігінің жанында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі арнайы комиссиясымен бекітілген іс-шараға сәйкес жұмысы атқарылуда, бұл бағыттағы жұмыстар назарда ұсталуда. 

  • 26.01.2017
    Жаңаөзен қаласы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы және алда тұрған міндеттері туралы ЕСЕБІ

    Жаңаөзен қаласы бойынша тұрғындардың саны  142,0 мың адамды құрайды. 

    Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 117,1  млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 86,1%. 

    Есепті кезеңде барлығы 5 555,0 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, (2015ж.- 5 510,4 мың тонна) өткен жылмен салыстырғанда 44,6 мың тонна артық өндірілді. Өндірілген табиғи газдың көлемі 312,9 млн.текше метрді құрады (2015ж.– 342,3 млн.текше метр). 

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 18,8 млрд.теңгені көрсетіп, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 83,5% болды.

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 19,9 млрд.теңгені құрап, өткен жыл деңгейіне 80,4%-ды көрсетті.

        Жалпы ауданы 108,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, (жеке сектор) 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 17%-ға өсті (2015ж. - 92,4 мың шаршы метр).

    Барлық экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы 337 781 теңге, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға өсті (2015ж. – 321 465 теңге). 

    Барлық 3 санат бойынша  бюджетке 10,8 млрд.теңге көлемінде түсім түсті, трансферттік түсімдер 4,5 млрд. теңгені құрады. 

    Қала бюджетінің шығысы 16,1 млрд.теңге жоспарға, 15,7 млрд.теңгеге орындалды, немесе 97,9% құрады.

    2017 жылға арналған қалалық бюджеттің көлемі  –  14,3 млрд.теңге көлемінде бекітілді.

      Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспар шеңберінде 2016 жылы 3,1 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 1,2 млн.теңге; жергілікті бюджеттен – 1,7 млрд.теңге; басқа көздерден - 200,0 млн.теңге.  2016 жылы 1 жаңа, 5 өтпелі жобалар іске асырылды, олар:

      1 жаңа жоба:

    - «Арай» шағынауданындағы 320 орындық балабақша құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде (жобаның құны - 621,8 млн.теңге). Құрылыстың аяқталу мерізімі 2017 жылдың І жартыжылдығы. Нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ретінде пайдалануға беріледі;

    5 ауыспалы жоба: 

    - «Жаңаөзен қаласындағы Еділ суын тәулігіне 30 мың текше метр ауыз су сапасына дейін дайындайтын су тазарту ғимаратын салу» жобасына 440,8 млн.теңге жұмсалды(жоспар 559,9 млн.теңге). Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда, құрылыстың аяқталу мерзімі – 2017 жыл.

    - «Орталық қазандықты шағын ЖЭО-ға (ТЭЦ) ауыстыра отырып, қайта жаңғырту және кеңейту» жұмыстарына – 214,6 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда, қуаты 12 мВТ электроэнергияны өндіретін 3 бу турбинасын іске қосу жұмыстары жүргізілуде, нысанның аяқталу мерзімі 2017 жылдың І жартыжылдығы.

    - «Жұлдыз» және «Мерей» шағынаудандарын сумен қамту желілерінің құрылысына» 748,0 млн.теңге бөлініп, 60 шақырым су құбыры тартылып, пайдалануға берілді.

    - «Жаңаөзен – Құланды» автомобиль жолдарының ұзындығы 8,74 шақырымды құрайтын автомобиль жолын кеңейтуге 304,2 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жобаға сәйкес толық аяқталып, пайдалануға берілді.

    - Қызылсай ауылының 4,8 шақырым автомобиль жолының құрылысына 275,3 млн.теңге бөлініп, пайдалануға берілді.

      Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде 2016 жылға барлығы 405,7 млн.теңге жұмсалды. Оның ішінде салалар бойынша:

    1) Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 293,9 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды, олар:

    1. «Мұнайлы» шағынауданының Бисекенов, Кыдырбаев көшелерін асфальттауға (866,9 метр) – 29,7 млн.теңге;

    2. «Бостандық» шағынауданының Кожаева, Махамбетова, Проектная-3 көшелерін асфальттауға (2 143,9 метр)  –  85,3 млн.теңге;

    3. «Жұлдыз» шағынауданының №27, №10, №5 көшелерін асфальттауға (5 617,8 метр)178,9 млн.теңге.

    2) Жобалық құны 78,4 млн.теңгені құрайтын "Қаланың 3А шағынауданының аулаішілік көшелерін және вокзал маңындағы көшелерін абаттандыру"  жобасы бойынша  – 66,8 млн.теңге бөлініп, аббаттандыру жұмыстары жүргізілді, аяқталу мерізімі 2017 жылдың І жартыжылдығы.

    3) Табиғи апаттарға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамыту бойынша, жарамсыз 21 өрт гидранттарын ауыстыруға - 5,1 млн.теңге бөлініп, жаңартылды.

    4) Теңге ауылында муниципалдық (коммуналдық) 4 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысына - 39,8 млн.теңге бөлініп, нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды.

      Білім саласы. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2016 жылы осы салаға 8,0 млрд.теңге бөлінді, бұл барлық қала  бюджетінің 49,7 пайызын құрап отыр.

      Қалада білім беру ұйымдарының жалпы саны - 76, оның ішінде жалпы білім беретін мектеп саны – 23, (оның ішінде 1-кешкі мектеп);  2 - мектептен тыс,71 мамандық бойынша маман даярлайтын 5 арнаулы оқу орны  (3 мемлекеттік және 2 жекеменшік), 46 мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарыбар.

      Қала бойынша 26 931 (2015ж.- 25 508)бала білім алуда. 2015/2016 оқу жылында мектеп бітірген 952 түлектің 737-і ҰБТ-ға қатысып, білім көрсеткішінің орта ұпайы – 73,8 пайызды құрады (2015 ж.- 70,8).

      Есепті оқу жылында 82 жас түлек грантқа (2015 ж. – 40 грант), 14 түлек «Алтын белгіге» (2015ж. – 9),  24 түлек «Үздік аттестатқа» (2015ж. – 14) ие болды.

    Мектептерде 1 863 мұғалім жұмыс жасайды, оның 62,0 пайызы - жоғары білімді.

    Өткен жылы білім беру мекемелеріне оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу мен жеткізуге 176,7 млн.теңге бөлініп, 181 321 (2015ж.- 155 602) дана кітап сатып алынды.

    1-сыныптың 3 528 оқушысына мектеп формасын алуға 17,1 млн.теңге бөлінсе, аз қамтылған отбасының  2 771 балалары мен 1-сыныпта оқитын 3 528 оқушыны ыстық тамақпен қамтуға 355,7 млн.теңге жұмсалды. 

    Қаладағы аз қамтылған отбасы оқушы балаларына қолдау көрсету мақсатында 4 986 балаға «Мектепке жол» акциясының аясында қайырымдылық көмек көрсетілді.

    Қала бойынша 7-13 жас аралығындағы 19 184 оқушының, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ және басқа да мұнай кәсіпорындардың  демеушілігімен ел көлемінде – 10 000, шет елдерде - 6 балаға жазғы демалыс пен сауықтырылулар ұйымдастырылды.

    «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жас аралығындағы бала саны 14 242 (2015ж.-13 984) болса, оның білім мен тәрбие мен қамтылғаны 13 530 (2015ж. - 12 941), яғни 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуы 95,0% (2015ж.-92,5% болған).

    Рахат ауылындағы №15 орта мектепке 288 орындық қосымша құрылысын салуға 2016 жылы 110,5 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Нысанның аяқталу мерзімі 2017 жылдың І жартыжылдығы.

    Бұдан басқа, 2017 жылы моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында әрқайсысы 900 орындық 3 мектептің құрылысын салу жоспарлануда:

    - "Арай" (Ақбұлақ) шағынауданы (сметалық құны 594,3 млн.теңге) - 373,9 млн.теңге бөлінді;

    - "Рауан" шағынауданы (сметалық құны 1 654,5 млн.теңге) - 1 100,3 млн.теңге бөлінді;

    - "Рахат" (Жұлдыз) шағынауданы (сметалық құны  1 614,1 млн.теңге) - 1 073,8 млн.теңге бөлінді.

    Жоғарғы оқу орнында оқитын студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек бойынша 200 студентке (74-білім, 115-медицина, 6-спорт, 1-мәдениет, 1-ауыл шаруашылық мамандығы, 3-бала жасынан мүгедек) 132,4 млн. теңге (26,6 млн.теңге шәкіртақы, 105,8 млн.теңге оқу ақы) көмек көрсетілді. 2016 жылы осы жеңілдікпен барлығы 18 жас маман оқу орындарын бітіріп, жұмысқа орналасты, оның ішінде: 12 –  білім саласы, 3- медицина, 1- спорт, 1-заңгер, 1-мәдениет саласына. (2017 жылы 28 маман оқу бітіреді, оның: 4-медицина, 1-мәдениет, 20-білім саласы, 2-спорт, 1-ауылшаруашылығы мамандары).

      Білім сапасын жақсарту мақсатында, дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-лицейі жұмысын бастады, онда 140 бала білім алуда.

    Аталған мектеп-лицейді бұрынғы балалар үйінің ғимаратына көшіру мақсатында, ғимараттың сыйымдылығын  қайта құрылымдау үшін ЖСҚ жасақтауға 15,0 млн.теңге бөлу жөнінде бюджеттік өтінім жолданды.

    Денсаулық сақтау саласы.

    «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қала бойыншатұрғындарға 7 мемлекеттік және 4 жекеменшік медициналық мекемелер қызмет көрсетеді. Оларда 239 дәрігер, 1 038 медбике жұмыс жасайды.

    2016 жылы қала бойынша 4 231 бала дүниеге келген (2015 ж. – 4287 бала). Ана өлімі тіркелмеген. Бір жасқа дейінгі сәби өлімінің деңгейі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2016 жылы (37 сәби) 8,7 промильді көрсетті (2015 ж.- 41 сәби,9,6 промиль), яғни төмендеп отыр.

    Қала бойынша 554 өлім – жітім тіркелді, 1000 тұрғынға шаққанда 3,9 промиллені құрады (2015ж. – 4,2 промилле).

      Туберкулезбен ауыратын адам саны 70 болып, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда  49,6 промильді құрады, яғни уақытылы анықтау диагностикалау сапасы жақсарды. Туберкулезден қайтыс болу балалар мен жасөспірімдер арасында тіркелмеген. Онкологиялық аурумен 307 адам (2015ж.- 467 адам) диспансерлік есепте тұр. Қан тамырлары жүйесімен ауыратындар саны – 2 863 адам (2015ж.-2 467 адам). Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясында  тәулігіне 12 бригада халыққа қызмет көрсетеді.

    2016 жылы қаладағы № 1 емхана ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, 92,9 млн.теңге жұмсалды, жөндеу жұмыстары аяқталды.

    «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік тапсырыс қаражаты есебінен 7  жедел жәрдем көлігін сатып алуға (Хюндай - 3 дана, Уаз – 4 дана) – 27,9 млн.теңге қарастырылды.

    Қаладағы ЖСҚ-ы дайын төмендегі денсаулық сақтау нысандарына қаражат бөлуді қажет етеді:

    1. Балалар ауруханасын күрделі жөндеуден өткізуге 193,1 млн.теңге;

    2. Терапевтік корпус ғимаратының құрылысын аяқтауға 572,6 млн.теңге;

    3. Теңге ауылындағы амбулатория ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге 60,0 млн.теңге;

    4. «Мерей» ш/а ауысымына 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысына  387,9 млн.теңге;

    5. Қызылсай ауылында 20 төсектік оңалту бөлімінің жаңа құрылысына 158,8 млн.теңге.

    Бұдан басқа гемодиализ аппаратын сатып алуға  60,0 млн.теңге қаражат бөлуге ұсыныс берілді.

    Мәдениет-спорт саласыбойынша қалада  3 мәдениет үйі, 1 орталық кітапхана, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлімшесі қала тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді. «Мұнайшы» мәдениет үйінде  26 өнер ұжымы мен 35 үйірме, «Шаңырақ» мәдениет үйінде 5 өнер ұжымы мен 4 үйірме, «Ата мұра» мәдениет үйінде 4 ұжым, 6 үйірме  жұмыс жасайды.

    Өткен жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, қоғамдық-саяси маңызы бар 361 мерекелік шара өткізілді. Осы бағытта 20,7 млн.теңге жұмсалып, онда  105 813 көрермен қамтылды.

    Рахат ауылында салынатын мәдениет үйінің  ЖСҚ-сы дайын, құрылысын салуға 590,4 млн.теңге бөлуді қажет етеді.

    Қалада балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, 3000 орындық стадион, 3 ірі спорт залы («Арман», «Коммунальник», «Өрт сөндіру залы») 22 спорт алаңы,  7 аула клубы, денешынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс жасайды. Қала бойынша барлығы 28 367 адам спортпен шұғылданады (оның ішінде 8 950-і мекеме қызметкерлері, арнаулы орта білім беру ұйымдарында – 674, жалпы білім беру ұйымдарында – 2 271, балалар аула клубтарында – 540, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде – 2 870 оқушы бар).

    Қала спортшыларының халықаралық жарыстардан -88-і, республикалық жарыстардан – 40-ы, облыстық жарыстардан – 49-ы жүлделі орындарға ие болды. Жыл басынан бері барлығы 66 спорттық жарыстар ұйымдастырылып, оларды 50,0 мыңға жуық көрермен тамашалады.

    2016 жылы «№1 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің» ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, 23,5 млн.теңге жұмсалды. «№2 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің бассейіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 54,4 млн.теңге жұмсалды. Сондай-ақ осы спорт мектебінің аумағын абаттандыруға 36,0 млн.теңге жұмсалып, орындықтар, жарықшамдар және су бұрқақ орнатылып, "Жастар аллеясы" ашылды. Бұдан басқа осы ғимараттың қалған бөлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 120,0 млн.теңге бөлуге бюджеттік өтінім жолданды.

    «Бизнес - инкубатор» ғимаратындағы «Алға» мүгедектер спорт клубы 19,1 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, онда 30 адам спортпен шұғылдануда. Рахат ауылында (252,2 млн.теңге) және Теңге ауылында (258,7 млн. теңге) салынатын спорт кешенінің ЖСҚ-сы жасақталды, қаражат бөлуді қажет етеді.

    2017 жылы "Мұнайшы" мәдениет үйінің шатырын ағымдағы жөндеуден өткізуге 29,1 млн.теңге қаражат бөлінді және айналасын абаттандыру жұмыстарына  112,0 млн.теңге қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жолданды.

    Әлеуметтік сала. 2016 жылы әлеуметтік салаға барлығы 1 238,3 млн.теңге қарастырылып, жұмсалды.

    Оның ішінде әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 586,0 млн.теңге бағытталды.

    Кедейшілік шегінен төмен тұратын 223 адамға  4,9 млн.теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді; орташа табысы азық-түлік себетінен аспайтын 1 189 балаға 11,9 млн.теңге көлемінде балалар жәрдемақысы төленді. Бұдан басқа 90 жанұяға  2,3 млн.теңгенің тұрғын үй әлеуметтік көмегі көрсетілді және атаулы күндер мен мерекелік күндерге орай 10 323 адамға 263,3 млн.теңге жәрдемақы төленді.

    2016 жылы кедейшілік шегінен төмен тұратын адам саны 1 016-дан 223-ке азайып, көрсеткіш екі есе төмендеді.

    Жеңіс күні меркесіне орай 305 адамға 31,0 млн.теңге, 754 адамға 24,8 млн.теңге біржолғы материалдық көмек, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 72 отбасыға 17,3 млн.теңге шартты ақшалай көмектер көрсетілді.

        Жұмыссыздық есебіне жыл басында 5 938 адам тіркелді. Есепті жылы бері 3 903 жаңа жұмыс орны құрылды.

      Жыл ішінде 3 342 жұмыссыздар әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, осы мақсатта 430,3 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:

    -  тұрақты жұмыспен 1 631 адам,

    -  қоғамдық жұмысқа 1 292 адам (372,5 млн.теңге);

    -  әлеуметтік жұмыс орындарына 240 адам (30,5 млн.теңге);

    -  жастар практикасына 179 адам жолданды (27,3 млн.теңге).

      Жыл соңында жұмыссыздық есебінде 1 480 адам тіркеуде тұрып, жұмыссыздық деңгейі 3,0 пайызды құрады.

      «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы жүргізілуде.

      1-бағыты: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша «Самал» және «Балапан» балабақшалары 44,1 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

      Бұдан басқа, Рахат ауылының көше жарығын жөндеу жұмыстары; «Балдырған» балабақшасын ағымдағы жөндеуден өткізу; қаланың, Теңге және Рахат ауылдарындағы электрмен қамту желілерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары; қаланың кабель желілерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары; қаланың электрмен қамту желілерінің қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, 161,2 млн.теңге қаражат игеріліп, 54 адам жұмыспен қамтылды.

      2-бағыты: «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша «Ауыл шаруашылық қаржылай қоры» АҚ-ы арқылы 23 адам 66,5 млн.теңге несие алып, жоба бойынша өз істерін бастады (22-мал шаруашылығы, 1- тігін шеберханасын ашуға).

      Кәсіпкерлік негіздері курсында Ақтау қаласында  12 адам оқытылды.

      3-бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша:

      Кадрларды кәсіби даярлау курстарына 50 адам жолданып (116,1 млн.теңге), 5 адам қайта даярлау және біліктігін арттыру бойынша оқытылды.

      Өндірістік мекемелерден, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы мен оған қарасты мекемелерде жұмысқа қабылдауға мораторий жариялануына байланысты, тұрақты бос жұмыс орындарына сұраныс болған жоқ. Алайда, қала әкімдігі мен «Өзенмұнайгаз» АҚ – ы басшылығы арасында Қоғамға аутсорсинг арқылы қызмет көрсететін мердігер мекеме «Маңғыстау Сервис Компании» ЖШС-не бос жұмыс орындары пайда болған жағдайда сұраныстың  жартысын қалалық жұмыспен қамту орталығында тіркелген халықтың осал тобына жататын азаматтар жіберу келісілді. 

          Осыған сәйкес, жұмыссыздарды іріктеп, бақылау үшін  17 қала тұрғынынан тұратын жұмыс тобы құрылды. Бүгінгі күнге дейін аталған топтың келісімімен сұранысқа сәйкес, 45 адам «Маңғыстау Сервис Компании» ЖШС-не жұмысқа жолданды, оның 18-і балалар үйінің түлектері, 14-і тұлдыр жетім, 13 адам мүжәлсіз отбасынан.

      Алдағы уақытта сұраныс болған жағдайда бөлімде кезекте тұрған азаматтар осы тәртіппен жұмысқа жолданатын болады.

      «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және қоныстану  үшін келген 85 маманға (Қызылсай-3, Теңге-21, Рахат-61) республикалық және жергілікті бюджеттен 12,6 млн.теңге көтерме жәрдемақы берілді. 2017 жылға 50 маманға 7,9 млн.теңге бөлінді.

      Бұдан басқа, 5 маманға тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 15,9 млн.теңге несие берілді. Олар: Білім беру саласы бойынша – Рахат ауылының  2 маманына; денсаулық сақтау саласы бойынша – Теңге ауылы – 2, Қызылсай ауылына – 1, барлығы 3 маманға берілді. 2017 жылға 12 маманға 40,8 млн.теңге бөлінді; бұдан басқа 38 маманға бюджеттік кредит беруге 129,3 млн.теңге бөлу жөнінде бюджеттік өтінім жолданды.

        Шағын және орта субъектілер саны – 7 776 (2015ж.- 6 971), өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға өсті. Жұмыс жасайтындар саны – 20 483 адам (2015ж.- 20 377 адам).

      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімнің көлемі  –  30,3 млрд.теңге (2015 ж.- 22,8 млрд.теңге) яғни, өнім өндіру 32,8%-ға өсті. Шағын және орта кәсіпкерлерден бюджетке түскен түсім көлемі –  8,1 млрд.теңге (2015ж.- 6,4 млрд.теңге) яғни, түсім 26,5%-ға өсті.2016 жылы «Бизнес кеңесші» жедел курсына 612 адам оқытылып, сертификатқа ие болды.

      «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша Жаңаөзен қаласына облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы арқылы 44 жобасубсидияланды (несиенің көлемі  1 159,5 млн.теңге), 147 жаңа жұмыс орны құрылды;

    - кепілдік беруге 27 жобаға 248,7 млн.теңге қарастырылды;

    - 4 жобаға 12,0 млн.теңге көлемінде гранттар берілді. 

      Қаладағы кәсіпкерлерге арналғанөндірістік алаңға (технопарк) 2016 жылы– 44,8 млн.теңге бөлініп, игерілді. Құрылыс жұмыстарын аяқтауға 2017 жылға 189,4 млн.теңге бөлінді.

        2016 жылдың шілде айынан бастап тұрғындарға  қолжетімді бағамен 57 рет азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Негізгі азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағаларына үнемі мониторинг жүргізілуде. 

        2016 жылдың қазан-қараша айларында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратынан «Жаңаөзенге – Жаңа серпін» атты жұмыс тобы келіп, 758 жеке кәсіпкер мен қала тұрғынын қабылдап, кәсіпкерлік жөнінде семинар, дөңгелек үстел, кездесулер өткізді.  Кәсіпкерлік палатасы арқылы шағын несие алуға 39 адам ниет білдіріп, оның 18 – нің бизнес жобасы мақұлданып, 4 пайызбен 3 жыл мерзімге 184,5 млн.теңге көлемінде несие берілді.

        Қалада 2016 жылдың желтоқсан айында облыс әкімінің қолдауымен  кәсіпкерлердің кеңес алу орталығы ашылды. Кәсіпкерлердің кеңес алу орталығын әрі қарай дамытуға 2017 жылға 20,0 млн.теңге қарастырылды.  Бүгінгі күнге дейін  аталған орталық 200-ден астам тұрғын қабылдап,  17 қызмет түрі көрсеткен.

      Алдағы уақытта Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен біріккен жұмысты жалғастырып, кәсіпкерлікті дамыта отырып жұмыссыздықты азайту бағытында жұмыстанамыз.

      Ауыл шаруашылығы. Қала және оған іргелес елді мекендер бойынша жыл басынан бері 8 730 мал басы тіркелген. Бұдан басқа, қаңғыбас және бұралқы ит-мысықтарды жоюға 2,2 млн.теңге жұмсалды. Барлығы  3 276 қаңғыбас, иесіз ит жойылды.

      Есепті кезеңде 1 637 тонна ет сатылды және егін шаруашылығы бойынша шаруа қожалықтары  78,25  ГА жерге көкөніс-бақша дақылдары егіліп, 2 549,5 тонна өнім сатылды.

      Автомобиль жолдары мен жолаушылар тасымалы.Жаңаөзен қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 362,0 шақырымды құрайды, оның 209,0 шақырымы төселімдері қатты жолдар (58,0%).

    Елді-мекендегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 30,1 млн.теңге бөлініп, жоспарлы жұмыстар жасалды. Оның ішінде 415 жол белгісі жаңартылып,  жаңадан орнатылды. Сонымен қатар мүгедектерге арналған  4 автокөлік тұрағына жол белгілері және  5 дана бағдаршам нысанына 15 дыбыстық құрылғы орнатылды.

    Қаланың көшелеріндегі ескі бағдаршамдарды жаңалау мақсатында жобалық құны 41,5 млн.теңге құрайтын ЖСҚ жасақталып, бюджеттік өтінім жолданды.

    Қоғамдық көлікпен тұрақты жолаушыларды тасымалдау қызметі бойынша қала мен 3 ауыл тұрғындарын қоғамдық көлікпен тасымалдауға  10 маршруттық бағыт бойынша 3 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда барлығы 73  автокөлік бар, онда 149 адам жұмыспен қамтылған.

    Тұрғындардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында, қалаішілік маршруттар сызбалары қайта жасақталып, қызметтер көрсетілуде.

    2016 жылдың сәуір айындағы нөсер жаңбыр салдарынан «Бостандық», «Мамыр» шағынаудандарын-да жер асты суларының орын алуына байланысты суларды жою мақсатында 16 млн. теңгеге дренаждық жүйе құрылысының ЖСҚ-ы жасақталды.Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сонымен қатар,  «Бостандық» шағынауданының ойда орналасқан көшелері мен аулаларында орны алатын жер асты суларын жедел түрде жою мақсатында аталған аумақта 1 шақырым дренаждық құбыр тартылып, су тарту жұмыстары ұйымдастырылуда.

    Рахат ауылында судың көп жиналуына байланысты,  5,0 шақырым қатқыл табанды жол салынды, бұл жұмыстарға 40,0 млн.теңге жұмсалды.

    2017 жылға Рахат шағынауданданың 4,8 шақырым автомобиль жолдарының құрылысына 50,0 млн.теңге бөлінді.

    Рахат, Ақсу, Астана және қалаішілік автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 18,1 шақырымды құрайтын жобалардың ЖСҚ-сы жасақталып,  825,1 млн.теңге қаражат бөлу жөнінде бюджеттік өтінім жолданды.

    Тұрғын үймен қамту.Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алушылар тізіміне 3 564 адам тіркелген. Соның ішінде:

    -  бюджет саласының қызметкерлері – 1 970 адам;

    -  әлеуметтік аз қамтылған топқа жататындар – 1 419 адам;

    -  тұлдыр жетімдер – 175 адам.

    2016 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік тұрғын үй қорынан (халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына-30 адамға, бюджет саласының қызметкерлері-38 адамға, тұлдыр жетім-18 адамға, 2 адамға қызметтік пәтер)  88 пәтер тізім кезегі бойынша берілді.Тұлдыр жетім балаларға 11 млн. теңгеге  2 пәтер  сатып алынды.

    «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік тапсырыс қаражаты есебінен қала әкімдігінің мемлекеттік тұрғын үй қорына пәтер сатып алуға және басқа өңірлерден денсаулық сақтау саласы мамандарын шақырту үшін 2017 жылға 463,8 млн.теңге бөлінді.

    Тозығы жеткен «Шаңырақ» ш/а 59 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін  ЖСҚ жасақтауға 20 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сараптамаға тапсырылып, нәтижесі күтілуде. Сондай-ақ, сол үйлердің тұрғындарын уақытша орналастыруға пәтер сатып алу үшін 2017 жылға 180,0 млн.теңге бөлінді. 

      Санитарлық тазалау, көгалдандыру, абаттандыру.

      Санитарлық тазалаужұмыстарға 810,1 млн.теңге бөлініп, қаланың 4,3 млн.шаршы метр аумағына күнделікті тазарту және 58,9 мың шаршы метр жол жиектеріне әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді;

      Көгалдандыруға 305,9 млн.теңге бөлініп, 10 970 дана ағаш, 10 000 дана тал-шіліктер, 62 000 м2  жасыл алаңша, 345 000 дана біржылдық гүлдер отырғызылды. Бұл жұмыстар 2017 жылы да жалғасын табады.Көгалдандыру  маусымында жасыл желектерді үздіксіз суару мақсатында, кәріздік тазарту имаратынан су тарату пунктіне дейін суару желісінің құбырлары тартылды, қалаішілік құбырларды тартуға ЖСҚ жасақталды.

      Сәтпаев көшесінің бойындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Самал» ш/а №33 үйінен қала әкімдігінің ғимаратына дейінгі жолдың екі жақ беткейі арнайы таспен қапталып,  айналасы абаттандырылды.Орындықтар қойылып, гүлдер егілді. Осы мақсатта 21,7 млн.теңге бөлінді. Қаланың орталық көшелеріндегі көп қабатты 98 тұрғын үйлердің сыртқы келбеті әрленіп, реттік сандары жаңартылды, 19 тұрғын үйдің қабырғаларына жарық шамдар орнатылды. Осы мақсатта 299,9 млн.теңге бөлініп, жұмыссыздар есебінен 90 адам алты айлық жұмыспен қамтылды.

      Қала және оған іргелес ауылдарда барлығы 2 754 қоқыс контейнерлері бар. Сонымен бірге, қоқыс жинайтын 22 көлік жұмыс жасап тұр.

      Қала тазалығын жақсы деңгейде ұстау мақсатында 2017 жылға  605 дана қоқыс контейнерлерін сатып алуға 25,7 млн.теңге және8 дана қоқыс шығаратын арнайы техникасын сатып алуға 119,2 млн.теңге қаражат бөлінді.

      «Жаңаөзен» стелласынан қалаға дейінгі аралыққа жолдың екі жағын көгалдандыру үшін темір қоршаулар орнатылды, оған  12,7 млн.теңге қаражат жұмсалды.

    Инфрақұрылымды дамыту және коммуналдық сала.Қаланың «Шаңырақ», «Шұғыла», 3А, «Самал», «Көктем» және «Өркен» шағынаудандар бойынша барлығы 4,2 шақырым жер асты кабель желісі төселді. Сонымен қатар, «Арай» шағынауданына  2 дана, «Мамыр» шағынауданына 2 дана жаңа КТПН-6/0,4 кВ трансформаторлары орнатылды. Қала көшелеріне барлығы 317 дана жарық шамы Бейбітшілік,Бүркітбаев, Қашаған көшелеріне  және Ақсу ш/а 18 көшесіне орнатылды.

      Күзгі, қысқы кезеңге дайындық ретінде қалаішілік сыртқы жылу жүйелерінің 20 дана құдығы мен тоспалары  орнатылды. 

      2016 жылы облыс әкімдігінің қолдауымен қалаға тәуілігіне келетін судың көлемі 27,5 мың текше метрге жеткізілді.Соның ішінде:

    -"КазТрансОйл" АҚ-ы арқылы келетін - 20,0 мың текше метр;

    -Жергілікті артезиан сулары - 7,5 мың текше метр.

      Соның нәтижесінде қаладағы көп қабатты тұрғын үйлерге, әсіресе жаз айларында су үздіксіз берілді.

      Қылмыстық ахуал.

      Жаңаөзен қаласы бойынша 2016 жылы 1 256 қылмыс оқиғасы тіркелді, 2015 жылдың  осы кезеңімен салыстырғанда 401 дерекке немесе 24,2%-ға төмендеген (2015ж.– 1657). 647 қылмыс ашылып, ашылу деңгейі 44,1% құрады (2015ж. – 1 657 қылмыс, оның 588-і ашылып, ашылуы – 42,2%). 

      Жасөспірімдермен жасалған қылмыс саны – 15 дерек. 

      Дегенмен,қалада аса ауыр қылмыстың 175 %-ға немесе 4-тен 11-ге дейін өскендігі байқалады.

      Алкогольдік ішімдік ішкен күйде жасалған қылмыстардың саны 141,7%-ға немесе 24-тен 58-ге дейін, ал бұрын қылмыс жасаған тұлғалармен қайта жасалған қылмыс саны 85,4%-ға немесе 48-ден 89-ға дейін өскен.

      Қалалық ішкі істер басқармасына және жергілікті полиция қызметіне қалада құқық бұзушылықтың алдын алу, аталған қылмыс көрсеткіштерін төмендету мақсатында профилактикалық шаралар алу, нақты жұмыстар жүргізу маңызды. 

      Қала әкімдігі тарапынан құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаржы бөлініп, қаланың кейбір шағынаудандарына қосымша үй аралық бейнебақылау орнату жұмыстары жүргізілді.

      Атап айтқанда, «Көктем» шағынауданының №18 және №19 үйлеріне «Қауіпсіз аула» бойынша 7,8 млн.теңге жұмсалып, 29 бейнебақылау орнатылды. Осы жұмыстар нәтижесінде аталған аумақта құқық бұзушылық көрсеткіші төмендеп 1 ұрлық дер кезінде ашылды. Құқық бұзушылықтың алдын алуда оның тиімділігін ескере отырып, 2017 жылға 17 аулаға бейнебақылау орнатуға  54,4 млн.теңге бөлінді.

          Қалада орын алып отырған қылмыстық ахуалды зерделей келе, ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға көңіл бөлінуде. Осыған орай, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік тапсырыс қаражаты есебінен қалалық жергілікті полиция қызметіне 16 дана (Уаз Хантер-10, Уаз-3, Киа Оптима-3) қызметтік автокөліктер сатып алуға 58,4 млн.теңге бөлінді. 

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар мен оның іске асырылуында қала әкімдігінің жанында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі арнайы комиссиясымен бекітілген іс-шараға сәйкес жұмысын атқарылуда, бұл бағыттағы жұмыстар назарда ұсталуда.

     

     


  • 19.07.2016
    Жаңаөзен қаласы әкімі Е. Әбіловтың 2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

    Құрметті Жаңаөзен қалалық мәслихат

    депутаттары, cессияға қатысушылар!

    Құрметті әріптестер!

    Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2016  жылдың І жартыжылдығында қалада жасалған жұмыстардың қорытындысымен таныстыру үшін өз есебімді баяндауға рұқсат етіңіздер.

    2016 жылдың І жартыжылдығында Жаңаөзен қаласы бойынша атқарылған шаралардың барлығы «Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары», «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын», Елбасының Жолдауында, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында берген және Үкіметтің, облыс әкімінің тапсырмаларын іске асыру арқылы жүргізіліп, халықтың әлеуеттік жағдайын арттыруға бағытталды.

      2016 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы есеп үстіміздегі жылдың 14 шілдесіндегі қалалық «Жаңаөзен» газеті мен қала әкімінің ресми сайтында жарияланды.

    2016 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша халық саны 142,0 мың адамды құрап (қала халқы-82,1 мың адам, ауыл халқы - 59,9 мың адам), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 мың адамға өскен (табиғи өсім негізінде. 01.07.2015ж.-137,8 мың адам).

    Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 59,8 млрд.теңгені құрады (2015ж. 6 ай – 61,1 млрд. теңге). Нақты көлем индексі 90,1 пайыз.

    Есепті кезеңде «ӨзенМұнайГаз» АҚ-мен 2 779,4 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 102,1% құрады (2015ж. 6 ай – 2 721,5 мың тонна). Сонымен қатар 154,4 млн.текше метр табиғи газ өндірілді, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 90,8% құрады (2015ж. 6 ай – 170,3 млн.текше метр).

    Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі  11,8 млрд.теңге немесе 89,1% құрады (2015ж. 6 ай- 12,5 млрд. теңге).

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 6,5 млрд.теңгені құрап, өткен жыл деңгейіне 115,3% құрады (өсім шағын бизнес есебінен. 2015ж. 6 ай – 5,3 млрд. теңге).

        Жалпы көлемі 95,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді өткен жыл деңгейіне 188,4%  құрады, (оның ішінде: жалпы алаңы 93,1 мың шаршы метр жеке тұрғын үйлер есебінен. 2015ж. 6 ай – 50,6 мың шаршы метр).

    Қалада 8 585 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген (2015ж. 6 ай - 8 390). Оның ішінде заңды тұлғалар – 458, жеке кәсіпкерлер – 8 118, ауылшаруашылығы - 9.

    Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 20 429 адамды құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 139 адамға немесе 0,7%-ға өскен (01.07.2015ж.- 20 290 адам).

    Халықтың экономикалық белсенді тобының көрсеткіші 55 491 адамды құрайды, ал оның құрамындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі 36,8% (01.07.2015ж.-36,7%).

    Барлық экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа жалақы 346 491 теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,6% құрады(01.07.2015ж.- 362 564 теңге).

    Жыл басынан бері 2 469 жаңа жұмыс орны құрылып, өткен жылмен салыстырғанда 0,4 пайызға өсті (01.07.2015ж.- 2 458 жұмыс орын). Атап айтсақ: әлеуметтік жұмыс орны - 197, жастар практикасы - 90, уақытша және маусымдық орындарға - 638, тұрақты жұмыс орындары – 1 544 адам (көлікпен қызмет көрсетуге - 135, өнеркәсіп - 1, құрылыс - 61, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуге - 416, білім беру - 306, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге - 18, экономикалық қызметтердің басқа түрлеріне - 590, балық шаруашылығы -17).

    Жұмысыздық есебіне жыл басында тіркелгені – 2 584 адам, 01.07.2016ж. кезеңіне жұмыссыз адам саны – 1 356 адамды құрады, оның 1 001-і уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, жұмыссыздық деңгейі – 2,2% болды (01.07.2015ж. – 979 адам, 1,8%).

    Жергілікті бюджетке салықтар және басқа да төлемдер түсімдерінің орындалысы 7,6 млрд.теңгені құрап (жылдық жоспар 15,7 млрд.теңге), түсім 119,4 млн.теңгеге артты немесе есепті кезеңнің жоспарына 101,6% орындалды.

    Қала бюджетінің шығыстар бөлігі – 7,2 млрд.теңгеге игерілді (97,3%) (жылдық жоспар 15,7 млрд.теңге), оның ішінде жергілікті бюджет – 5,3 млрд.теңге (100%), республикалық бюджет – 1,9 млрд.теңге (90,5%).

      Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес 2016 жылға 3,5 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлініп, 01.07.2016ж. жағдайына 1,4 млрд. теңге игерілді. Соның ішінде:

      - республикалық бюджеттен бөлінгені – 1,3 млрд.теңге, жұмсалғаны - 481,2 млн.теңге;

      - жергілікті бюджеттен – 2,2 млрд.теңгенің жұмсалғаны 950,9 млн.теңге;

      - басқа көздерден 200,0 млн.теңге бөлінді. 

      2016 жылға 1 жаңа, 4 өтпелі жобалар іске асырылуда, олар:

      1 жаңа жоба:

    - «Арай» шағынауданындағы 320 орындық балабақша құрылысы – 401,2 млн.теңге бөлінді («Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан);

    4 ауыспалы жобалар: 

    - «Жаңаөзен қаласындағы Еділ суын тәулігіне 30 мың текше метр ауыз су сапасына дейін дайындайтын су тазарту құрылыстарын салу» жобасына 854,2 млн.теңге бөлініп, 01.07.2016 жыл кезеңіне 435,7 млн.теңге жұмсалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі – 2017 жыл.

    - «Жұлдыз» және «Мерей» шағынаудандарын сумен жабдықтаудың бөлу желілерінің құрылысы» жобасына 788,8 млн.теңге бөлініп, 01.07.2016 жыл кезеңіне 187,8 млн.теңге жұмсалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Аяқтау мерзімі – 2016 жылдың желтоқсан айы.

    - «Құланды селосындағы автомобиль жолын кеңейту» (8,74шқ.). Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, қабылданды.

    - Қызылсай ауылы Мешіт ауылының автомобиль жолының құрылысы (4,8шқ.). Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып,  қабылданды.

    Жаңаөзен қаласында 50 төсектік медициналық емдеу орталығын салу обаның құны 4 276,8 млн.теңге). 2014-2015 жылдарға жоспарланған. 2014 жылы екі кезеңдік тендер өткізілді. Құрылысына 2014 жылы - 887,9 млн.теңге, 2015 жылы - 300,0 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі  таңда қаржы тапшылығына байланысты нысан құрылыс тоқтап тұр. «ҚМГ» БӨ басшылығы тарапынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы қаржыландыру  қарастырылуда.

    Сонымен қатар, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы тарапынан Кендірлі демалыс орны аумағынан тәулігіне 45 000 текше метр теңіз суын тұшытатын қондырғы және сорап станциясының ТЭН-ін жасақтау жұмыстары жүргізілуде. (Жобаны іске асыру мерзімі 2017-2019 ж.ж.). ТЭН –нің қорытындысы ағымдағы жылдың 31 тамызында алынады.

      «Моноқалаларды дамыту бағдарламасының 2015-2017 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласын дамытудың Кешенді Жоспарының» шараларын іске асыруға 2016 жылға жергілікті бюджеттен барлығы 401,2 млн.теңге бөлінді, 01.07.2016 жыл кезеңіне 17,8 млн.теңге жұмсалды. Оның ішінде салалар бойынша:

    1) Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 287,2 млн. теңге бөлініп,жеңімпаз мердігерлермен келісім-шарт жасақталып, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айында басталды, олар:

    1. «Мұнайлы» шағынауданының Бисекенов, Кыдырбаев көшелерін асфальттауға (866,9м) – 42,3 млн.теңге,

    2. «Бостандық» шағынауданының Кожаева, Махамбетова, Проектная-3 көшелерін асфальттауға (2143,9м) – 106,5 млн. теңге,

    3. «Жұлдыз» шағынауданының №27, №10, №5 көшелерін асфальттауға (5617,8м) – 138,4 млн.теңге.

    2) Абаттандыру бойынша «Қаланың 3А шағын ауданының аулаішілік көшелерін және Вокзал маңындағы көшелерін абаттандыруға – 60,3 млн.теңге, жеңімпаз мердігермен келісім-шарт жасақталып, жұмыстары басталды.

    3) Табиғи апаттарға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамыту – жарамсыз 145 өрт гидранттарын ауыстыруға - 5,1 млн.теңге бөлінді. 01.07.2016 жыл кезеңіне 1,6 млн.теңге жұмсалып, 8 өрт гидранттары ауыстырылды.

    4) Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін коммуналдық тұрғын үй салу – Теңге ауылында муниципалдық (коммуналдық) тұрғын үйдің құрылысына - 48,5 млн.теңге бөлінді. Үйдің құрылыс жұмыстары басталып, 01.07.2016ж. кезеңіне 16,2 млн.теңге жұмсалды.

        «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерді абаттандыруға 2016 жылға барлығы 58,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: Теңге ауылына – 41,7 млн.теңге, Қызылсай ауылына – 9,5 млн.теңге, Рахат ауылына – 6,8 млн. теңге. Құрылыс жұмыстары басталып, жалғасуда. Есепті кезеңге барлығы 18,3 млн.теңге игерілді. Олар:

    - Теңге ауылын абаттандыру (№14 орта мектеп алдындағы алаңды ағымдағы жөндеу жұмыстарына, тас төсенішпен жабу) – 19,3 млн.теңге бөлініп, 01.07.2016ж. кезеңіне 10,1 млн.теңге игерілді;

    - Теңге ауылында абаттандыру (А.Оңғарбекұлы №61 және Қазақстан №55 көшелері арасындағы алаңды ағымдағы жөндеу жұмыстарына, тас төсенішпен жабу) – 6,8 млн.теңге бөлінді;

    - Теңге ауылын абаттандыру (К.Қорабай және М.Бегенов №74 көшелері арасындағы алаңды ағымдағы жөндеу жұмыстарына, тас төсенішпен жабу) – 3,0 млн.теңге бөлініп, 01.07.2016ж. кезеңіне 1,7 млн.теңге игерілді;

    - Теңге ауылын абаттандыру (М.Өскінбаев №1 және Қазақстан көшелерінің арасындағы алаңды ағымдағы жөндеу жұмыстарына, тас төсенішпен жабу) – 12,6 млн.теңге бөлініп, 01.07.2016ж. кезеңіне 6,6 млн.теңге игерілді;

    - Қызылсай ауылын абаттандыру (3 балалар ойын алаңшаларын орнату) – 9,5 млн.теңге бөлінді;

    - Рахат ауылы "Жұлдыз" шағынауданында №20 "Нұршуақ" балабақшасының жылу және кәріз жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізу -  6,8 млн.теңге бөлінді.

      «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2016 жылға ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген барлығы 35 маманға 5,2 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді, олар:

    - Теңге ауылы бойынша 12 маманға (білім беру саласы – 6 маман, денсаулық сақтау саласы – 6 маман);

    - Қызылсай ауылы бойынша 2 маманға (білім беру саласы – 2 маман);

    - Рахат ауылы бойынша 21 маман (білім беру саласы – 12 маман, денсаулық сақтау саласы – 8 маман, ветеринария саласы – 1 маман).

      Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген  5 маманға тұрғын үй сатып алуға 15,9 млн.теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді, олар:

    - Теңге ауылы бойынша  - 2 маман (денсаулық сақтау саласы – 2 маман);

    - Қызылсай ауылы бойынша – 1 маман (денсаулық сақтау саласы – 1 маман);

    - Рахат ауылы бойынша – 2 маман (білім беру саласы – 2 маман).

      Қаламызда жұмыссыздық мәселесін кезең-кезеңімен шешу, оны мүмкіндігінше азайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Негізінен жұмыссыздықты еңсеру мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бағыттарын орындау бойынша жұмыстар жүргізілді.

      Бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» аясында балабақшалардың күрделі жөндеу жұмыстарына РБ–59,0 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:

      -  «№4 Самал» балабақшасына  – 19,0 млн.теңге,

      - «№6 Балапан» балабақшасына – 40,0 млн.теңге.

    Жөндеу жұмыстарының ұзақтығы – 3 ай, жоспарланған жұмыс орны – 21.

    Аталған нысандар бойынша жеңімпаз мердігер мекемелері анықталып, бүгінгі таңда келісім-шарт жасақталуда.

    Бағдарламаның екінші бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша: шағын несие беру үшін 2016 жылға 23 адамға 69,0 млн.теңге қаражат қаралды. Бүгінгі таңда мал шаруашылығын дамытуда бойынша 6 жоба мақұлданып, 17,0 млн.теңгеге қаржыландырылды. Несие алуға үміткер 11 кәсіпкердің құжаттары «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қорына» АҚ-на жинақталып, тапсырылуда.

    Бағдарламаның үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» аясында:

    - әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға 30 адам жіберу жоспарланды. Осы мақсатта РБ-6,8 млн.теңге бөлінді. Есепті кезеңге 9 мекемеге 36 адам жұмысқа жіберіліп, осы мақсатта 2,7 млн.теңге игерілді;

    - жастар практикасымен 2016 жылға 25 жұмыссыз жасты қамту жоспарланды. Осы мақсатта РБ-5,7 млн.теңге бөлінді. Есепті кезеңге 8 мекемеге 29 жұмыссыз жас жұмыспен қамтылып, осы мақсатқа бөлінген 2,2 млн.теңге игерілді;

    - кадрларды кәсіби даярлау курсына 2016 жылға 50 адамды оқыту жоспарланып, нақты 25.04.2016 жыл кезеңге «Өзенжылу» мекемесінің жалдамалы қызметкерлері 3 мамандық бойынша Ақтау қаласының тренинг орталығында оқытылуда, олар: слесарь - электрик» - 16 адам, «обходчик - машинист» - 15 адам, «оператор ТЭЦ» - 19 адам. Осы мақсатта РБ – 118,4 млн. теңге бөлінді.

    - жоспар бойынша ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы 5 жұмыссыздардың біліктілігін арттыру мақсатында РБ – 2,3 млн.теңге бөлінді.

    - жоспар бойынша ағымдағы жылдың маусым айынан бастап 18-24 жас аралығындағы 40 жалдамалы қызметкерге грант беру арқылы қайта даярлау курстарына жіберуге РБ – 8,7 млн.теңге бөлінді.

    Білім саласы.

    2016 жылы білім беру саласына 7,6 млрд.теңге бөлінді, бұл жалпы қала бюджетінің 48,7% құрайды (2015ж.-7,8 млрд.теңге).

    2015-2016 оқу жылдарындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 952 түлек оқуды аяқтап, оның 737-і немесе 77,4% қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 73,8% (2014-2015ж.-71,5%). 14 оқушы «Алтын белгі» белгісін, 24 оқушы «Үздік аттестат» иеленді.

      Білім беру мекемелері нысандары бойынша Рахат ауылындағы №15 орта мектепке сыйымдылығы 288 орындық қосымша құрылыс салуға 181,3 млн.теңге бөлініп, есепті кезеңге 20,0 млн.теңге игерілді. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

    Жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында №2 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыруға 7,7 млн.теңге; №2, 3, 4, 6 және 8 аула клубтарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 12,0 млн.теңге бөлінді.

        Статистикалық деректер бойынша, есепті кезеңде 3-6 жас аралығында – 13 984 бала бар. Есепті кезеңге мектепке дейінгі оқу тәрбиемен қамтылған 3-6 жас аралығындағы бала саны – 12 941. Балалардың балабақшамен қамтылуы – 92,5%. 01.07.2016 жыл кезеңіне балабақша кезегінде 3-6 жас аралығындағы 987бала тұр.

      2016 жылы қала бойынша 7-13 жас аралығындағы 20 000-ға жуық оқушының жазғы демалысы мен сауықтырылуы ұйымдастырылады. Есепті кезеңде «ӨМГ» АҚ-ның тарапынан Алматы, Көкшетау және Кендірлі аумағындағы демалыс орындарна 5100 бала демалысқа жіберілді.

      Балаларды жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыруға 2016 жылы жергілікті бюджеттен 48,7 млн.теңге бөлініп, 11 мектеп жанынан лагерлер ашылды (4-5 ауысымда 3400 бала, кәсіптік лагерге 1300 бала, спорттық лагерге 1600 бала және оқушылар шығармашылық үйі жанындағы 7 аула клубында 3500 бала қамтылуда. Білім басқармасының ұйымдастыруымен тұлдыр жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған мүжәлсіз, көп балалы отбасылардан 50 бала Ақтау қаласындағы «Балдәурен» демалыс лагеріне демалып келді) .

        Денсаулық сақтау саласы.

      2016 жылдың 6 айында 2033 бала дүниеге келді (2015ж.  6 ай - 2059 сәби).

      Есепті кезеңде 1-жасқа дейінгі 15 сәби өлімі тіркеліп, көрсеткіш туылған 1 000 сәбиге шаққанда 7,4 промилле құрады (2015ж. 6 ай - 23 бала – 11,2 промилле). Есепті кезеңде де, өткен жылы да ана өлімі тіркелген жоқ.

      Туберкулез ауруымен ауыратын адам саны 42 адамды құрап, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 30,4 промилле құрады (2015ж.6 ай - 29,1 промилле - 38 адам).

      Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының ғимаратына күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге ОБ-180,4 млн.теңге бөлініп, жұмыс шілде айында аяқталады.

      №1 «Жаңаөзен қалалық емхана» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ОБ - 141,0 млн.теңге бөлініп, 92,9 теңгеге жеңімпаз мердігер мекемемен келісімшартқа отырды. Шілде айында жөндеу жұмыстары басталады.

     

      Мәдениет және спорт саласы.

    Қала бойынша 124 мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді. Осы мақсатта 2016 жылға 16,7 млн.теңге бөлінді, есепті кезеңге 5,2 млн.теңге қаражат жұмсалды.

    Қалада орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде дене шынықтырумен айналысатын халық саны 27 867 құрайды немесе 39,2%, соның ішінде жасөспірімдер саны – 10 912 бала.

    2016 жылдың 1-жартыжылдығына 25 спорттық іс-шаралар өткізілді және осы мақсатта 8,0 млн.теңге бөлініп, есепті кезеңге 7,3 млн.теңге игерілді.

    «Энергетик» спорт кешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 52,2 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аумағын абаттандыру, алаң жасақтау (су бұрқақтарын іске қосу) және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 20,0 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

    «Әмин Тұяқов» атындағы стадионның шатырын жөндеуге 22,1 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

    «Бизнес-инкубатор» ғимаратында орналасқан «Алға» мүгедектер спорт клубына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 18,8 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

      Әлеуметтік қолдау сала. 2016 жылы әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 1 235,5 млн.теңге қарастырылды. 2016 жылдың 6 айында кедейшілік шегінен төмен тұрған 43 мүжәлсіз отбасының 200 адамына атаулы әлеуметтік көмекке 2,6 млн.теңге (2015ж. 6 айда – 117 мүжәлсіз отбасы, 576 адам, 9,2 млн.теңге) жәрдемақысы және 241 отбасының 823 баласына жәрдемақысына 5,9 млн.теңге (2015ж. 6 айда – 244 отбасы, 807 бала, 5,7 млн.теңге), 61 отбасыға 1,4 млн.теңгенің тұрғын-үй жәрдемақысы (2015ж. 6 айда – 51 отбасы, 952,2 мың теңге) тағайындалды.

      Қала бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны – 3 252 адам, оның жұмысқа жарамдысы – 477 құрайды. Жұмыссыздық есебінде тұрған мүгедектер 105, оның ішінде 2016 жылы тіркелгендер 61 мүгедек. 2016 жылдың 6 айында барлығы 58 мүгедек әлеуметтік шаралармен қамтылды, олар: 10 адам тұрақты жұмыстарға, әлеуметтік жұмысқа - 1 адам, жастар практикасымен – 2 адам, қоғамдық жұмысқа - 44 адам, кәсіптік оқуға - 1 адам жолданды.

      «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек 2016 жылға 18, 5 млн. теңге жоспарланып, есепті кезеңге 4,5 млн. теңге 51 жанұяның 300 адамына тағайындалып, 65 адам жұмыспен қамтылды (тұрақты -27, қоғамдық-25, әлеуметтік-13).

    Кәсіпкерлік сала:

      Жалпы ауданы 30 га құрайтын өндірістік алаңына алаңішілік инженерлік желілерін салуды бастау үшін - 45,0 млн.теңге бөлініп құрылыс жұмыстары басталды.

      Шағын несие беру үшін 2016 жылы 23 адамға 69,0 млн.теңге бөлінді, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға  5 кәсіпкерге 14,0 млн.теңге игерілді.

      Бизнестің жол картасы - 2020 бірінғай бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына кәсіпкерлікті субсидиялауға 201,8 млн.теңге жоспарланып 14 жобаға жұмсалды,  27 жаңа жұмыс орыны құрылды.

      Ауыл шаруашылығы. Бүгінге қала және оған іргелес елді мекендер бойынша 8 521 мал басы тіркелген. Оның  ішінде  3 757 мүйізді ірі қара, ұсақ мал – 4 080, құс - 684.

        Қаңғыбас және бұралқы ит-мысықтарды жоюға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 800,0 мың теңгеге 4 дана арнайы мылтық сатып алынды, 3 200,0 мың теңге қаражат бөлініп барлығы 727 қаңғыбас, иесіз иттер жойылды.

      2016 жылғы 6 айда 1 037 тонна ет өндірілді және егін шаруашылығы бойынша «Төңірекшың» ойында орналасқан шаруа қожалықтарымен 78,25 га жерге көкөніс-бақша дақылдары егіліп, өнімдері сатылып жатыр.

      Жол мәселесі.  «Астана» шағынауданындағы №22 Бүркітбаев көшесіне 800 метр қатқыл табанды жол төселді, қолданыстағы тоқ және су жүйелеріне жөндеу жұмыстарына 11,9 млн.теңге бөлініп, жоспарланған жұмыстары аяқталды.

        Ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 3 550 шаршы метр ой-шұңқырларды қайта келпіне келтіруге 28,5 млн.теңге бөлінді. 2016 жылдың 6 айында 1550 шаршы метр автокөлік жолдары қайта қалпына келтіріліп, осы мақсатта 15,1 млн.теңге қаражат игерілді.

            Жол белгілері және жол жолақтары бойынша:  

      1) 2016 жылға Жаңаөзен қаласы және іргелес елді мекендерде 250 жол белгісі орнатуға және ауыстыруға 7,3.млн.теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.

      2) Автокөлік жолдарына жаяу жүргінші жол белгілері және жол жолақтары сызуға 23,7 млн.теңге бөлініп, жол жолақтарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

      3) Жаңаөзен қаласы және іргелес елді мекендердегі 26 нысанда, саны 175 дана бағдаршамды жөндеу және оларға күнделікті техникалық қызмет көрсетуге 6,6 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

    Тұрғын үй:

    Тұрғын үй кезегінде тұрған адам саны 3 204, оның ішінде:

      - ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған жетім балалар -

      185 адам;

      -халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын

      азаматтары - 1 329 адам;

      - бюджеттік сала қызметкерлері - 1 690 адам.

      Жаңаөзен қаласындағы апатты деп танылған «Шаңырақ» шағынауданындағы №59 үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама жасақтауға 10,0 млн.теңге бөлінді, мердігер мекемесін анықтауға конкурс ағымдағы жылдың шілде айында өткізіледі. Сонымен қатар, осы апатты жағдайда тұрған тұрғын үйдің тұрғындарын уақытша орналастыру мақсатында пәтерлер немесе ғимараттар сатып алуға 20,0 млн.теңге ағымдағы жылдың шілде айында бөлінді.

      Бюджет қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 180 пәтерлік жатақхана құрылысына ЖСҚ-10,0 млн.теңге бөлініп, жеңімпаз мердігері анықталуда.

      Абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру.

      2016 жылдың басында республикалық бюджеттен «Әбіш Қожа» мешітінің аумағын абаттандыруға (20 жаңа жұмыс орыны құрылып) 140,0 млн.теңге бөлініп, ашық конкурс нәтижесі күтілуде. 

      Қаланың 97 көп қабатты тұрғын үйінің сыртқы келбетіне әрлеу-сырлау жұмыстарын жүргізуге РБ-300,0 млн.теңге бөлініп, есепті кезеңге 110,0 млн.теңге игерілді, 90 жаңа жұмыс орыны құрылды. Абаттандыру жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында басталды.

      Қала тұрғындары мен қонақтарына жазғы демалыс кезінде демалуға қолайлы жағдай жасау мақсатында, «Кендірлі» аумағында ашық жағалау құрылысын салуға 2016 жылға 262,8 млн.теңге бөлінді (сметалық құны 300,2 млн.теңге). Жұмысқа  ашық конкурс өткізілуде, жеңімпаз мердігері ағымдағы жылдың 25 шілдесінде анықталады.

      Қала бойынша «Тәуелсіздік» алаңындағы, «Шұғыла» шағынауданындағы, «Мұнайшы» МС алдындағы және Р.Өтесінов атындағы денешынықтыру - сауықтыру кешені- барлығы 6 су бұрқақ жөнделіп, іске қосылды.

      «Жаңаөзен-Ақтау» тас жолындағы «Жаңаөзен» стелласынан қалаға дейінгі аралықтағы өсірілетін көкжелектерге арналған темір қоршау орнату, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 33,1 млн.теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаланың кіреберіс жолында орналасқан «Жаңаөзен» стелласына да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

      Жаңаөзен қаласының Сәтпаев көшесінің бойында қоршау орнату және абаттандыруға 21,7 млн.теңге бөлініп, оның 19,2 млн.теңгесі игеріліп, жұмыстары жүргізілуде.

      Жаңаөзен қаласындағы ауыз су сорғы стансасынан орталық қазандыққа дейінгі қолданыстағы су құбырын қайта құрылымдауға (сумен жабдықтау) 34,2 млн.теңге бөлініп, ағымдағы жылы шілде айында жеңімпазын анықтауға конкурс жарияланады.

      Коммуналдық  саланы дамыту мақсатында 209,0 млн.теңге бөлініп келесі техникаларды сатып алуға конкурс жарияланды:

    - "Тазалық" МКК - 67,5 млн.теңге: вакуумды сыпырып - тазалау машинасы - 2 дана,  су тартып жинайтын арнайы құрылғы (дидельдік мотопомпа) - 5 дана, қоқыс тасымалдайтын көлік - 5 дана;

    - "Өзенжылу" МКК - 24,0 млн.теңге: дизельдік жүк тарту тракторлары - 2 дана, жедел техникалық автокөлік - 2 дана,  су тартып жинайтын арнайы құрылғы (дидельдік мотопомпа) - 4 дана, дәнекерлеуші агрегат - 1 дана;

    - "Өзенинвест" МКК - 37,8 млн.теңге: дизельдік жүк тарту тракторлары - 2 дана, вакуумдық автокөлік - 2 дана,  су тасымалдайтын көлік автоцистерна - 2 дана;

    - "Өзенэнергосервис" МКК - 79,7 млн.теңге: жедел техникалық автокөлік - 2 дана,  автогидроподъемник - 1 дана, трансформатор кабельдерімен - 10 дана.Нәтижесінде қуаттылығы 1000 кв күшейткіш 10 дана трансформатор кабельдерімен сатып алынды.

      Жаңаөзен қаласының Маңғыстау және Қосқұлақов  көшелерінің 216 жарық шамы ауыстырылды.

      2016 жылға санитарлық тазалау жұмыстарына - 940,9 млн.теңге қаралып, барлық тазаланатын аудан көлемі 9,7 млн.шаршыметр құрайды.

      2016 жылдың  І жартыжылдығында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу комбинатына барлығы 31 689,8 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар қабылданды. Оның ішінде іріктелген тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі 12 221,7 тонна, яғни комбинатқа тасымалданған тұрмыстық қатты қалдықтар көлемінің 38,6% құрайды. Көмілген тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі - 19 468,1 тонна.

      Көгалдандыру жұмыстарына 2016 жылға - 350,4 млн.теңге көлемінде қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды. Қала аумағына 154 360 дана гүл, 7 691 дана ағаш, 10 000 дана  тал-шілік отырғызылып, 31 250 шаршы метр жасыл алаңша төселді.

        Қылмыстық ахуал. 

        Өздеріңізге белгілі, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының 30-қадамында көрсетілгендей, ел көлемінде жергілікті полиция қызметі құрылды. Осыған сәйкес Жаңаөзен қаласы бойынша құрылған жергілікті полиция өз қызметін атқаруда. Қазіргі таңда штат бойынша 162 қызметкер жұмыс жасайды. Заңмен бекітілген талапқа сәйкес, 6 айлық жұмысы бойынша қалалық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қала бойынша құқық бұзушылықтың негізгі көрсеткіштері төмендеген.

      Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасында криминалдық полиция бағыты бойынша  663 қылмыс оқиғасы тіркелген, 2015 ж. 6 айымен салыстырғанда 220 дерекке немесе 24,9%-ға төмендеген (883 қылмыс). 2016 жылдың 6 айында 300 қылмыс ашылды, жалпы қылмыстың ашылу деңгейі 41,7% құрады немесе 3,5%-дық пунктке көбейді (2015ж. 6 айда 266 қылмыс,  ашылуы 38,2%).

      Тіркелген 663 қылмыстың: адам өлтіру 5 дерек (2015ж.6ай тіркелмеген); қарақшылық 1 дерек (2015ж.6 ай – 10 дерек); тонау 16 дерек (2015ж. 6 ай – 38 дерек), ұрлық 363 дерек (2015ж. 6 ай – 480 дерек), бұзақылық 70 дерек (2015ж.6ай – 108). 2016ж. 6 айында аса ауыр қылмыс 5 дерек (2015ж. 6 айда тіркелмеген). 

      Қоғамдық орындарда болған қылмыс саны – 81, өткен жылмен салыстырғанда 67 дерекке немесе 45,3 пайызға төмендеген (2015ж. 6 ай – 148).

      Жасөспірімдер болған қылмыс саны – 3 дерек, өткен жылмен салыстырғанда 8 дерекке немесе 72,7 пайызға төмендеген (2015ж. 6 айда – 11 дерек).

      2016 жылдың 6 айы ішінде Жаңаөзен қаласы аумағына қарасты автожолда 30 көлік оқиғасы орын алып, оның ішінде  2 адам қаза болды және 33 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды. 

        Қала бойынша 38 бейнебақылау камерасы көмегімен – 4205 (2015ж.6ай - 4188) әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде:

      - ұсақ бұзақылық - 215 (2015ж.6 ай–84), алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде келу- 341 (2015ж.6 ай–235), қоғамдық орындарда тиісу – 44 (2015ж.6 ай-21), жол ереже тәртібін бұзу - 2796 (2015ж.6 ай - 3268), басқа да әкімшілік құқықбұзушылықтар – 809 (2015ж.  6 ай - 580).

      «Көктем» шағынауданының 18 үйіне қауіпсіз аула бойынша бейнебақылау орнатуға 7, 762 теңге бөлініп, орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

      Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік қызмет жүйесінің маңызды факторлары – тиімділік, нәтижелілік, ашықтық пен қоғамға есептілік қағидаттары, халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында,Елбасының тапсырмасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес профилактикасының тиімділігін арттыру үшін жұмыс жүргізілуде. Сол мақсатында қала әкімдігінің жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі арнайы комиссия жұмыс жасайды.Өткен жылы мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар орын алған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар қалада алдағы уақытта да жалғасып, үнемі бақылауда болады.Құрметті депутаттар! 

      Біз 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысымызды қорытындыладық. Осы аралықта біраз жұмыстар атқарылды. Алдымызда атқарылар жұмыс одан да көп.

      Елбасының биылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында «Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Мен халқыма сенемін» атап көрсеткендей, біз алып мемлекеттің бір бөлшегі ретінде Елбасының осы сөздерін басшылыққа алып, тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отырған елдің ертеңі үшін жұмыстанудамыз.

      Ынтымағы бар елдің - ырысы мол. Қашан да ынтымақ  бірлігіміз арта берсін. Тізе қосып бірге жасаған жұмысымыз елдің игілігіне жарап, экономикалық-әлеуметтік даму баспалдақтары биіктей берсін.

      Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

  • 14.01.2016
    Жаңаөзен қаласы әкімінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы және алда тұрған міндеттері туралы ЕСЕБІ

    Құрметті Жаңаөзен қаласының

    тұрғындары және кездесуге қатысушылар!

    Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес,өткен жылғы қалада жасалған жұмыстардың қорытындысы  және алда тұрған  жоспарлармен таныстыру үшін өз есебімді баяндауға рұқсат етіңіздер.

    2015 жылғы Жаңаөзен қаласы бойынша атқарылған  шаралардың барлығы «Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары», «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын», Елбасының кезекті Жолдауында, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында берген және Үкіметтің, облыс әкімінің тапсырмаларын іске асыру арқылы жүргізіліп, экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталды.

    Тұрғындардың ұсыныстары, ескертулері мен ой пікірлерін жинақтауды қамтамасыз ету үшін қалада және қалаға қарасты ауылдарда 26 жерге жәшік орнатылды.

      Бүгінгі есепті кездесуге дейін ауылдар бойынша 3 кездесу өткізіліп,оған  800 адам қатысты.

    Ауылдарда өткен есеп беру кездесу кезінде 8  сұрақ,ұсыныскеліп түсті, оның ішінде жол, жер телімі, тұрғын үй,  және жұмыссыздық мәселелері бар. Аталған сұрақтар арнайы іс-шара жоспарына енгізілді.

      Өткен жылдың есеп беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан 14 ұсыныс - пікір мен сұрақ келіп түскен болатын. Онда:

      -Тұрғын үй бойынша 1 сұрақ - Қызылсай ауылында 4  пәтерлік екі  тұрғын үй салынды;

       - Балабақша бойынша 2 сұрақ – Қызылсай ауылында 320 орындық  балабақша, кіріс жолымен салынды;

      - Жол бойынша 6 сұрақ – Теңге ауылында көше асфальттанып, жаяу жүргінші жолына брусчатка төселген, Рахат ауылында бағдаршам қойылып, көшелері тегістелді. Қалған көшелер бойынша  ЖСҚ жасақталған.  

      - 2 сұрақ байланыс – Қызылсай ауылында 370 үйге телефон, 129 үйге интернет желісі орнатылды. Теңге ауылында қаражат бөлінуіне қарай алдағы уақытта мәселе шешімін табады.

      - Спорт саласы бойынша 1 сұрақ – Теңге ауылына спорт кешеніне жер телімі бөлініп, сметалық құжаттама жасақталды. Қаражат бөлуге ұсыныс берілді.

      - Қоғамдық тәртіп бойынша 1 сұрақ – қала және ауылдарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тірек пункттері бар.

      - Кәсіпкерлік бойынша 1 сұрақ – Рахат ауылынан базар салу үшін жер телімі бөлініп, құрылыс жобасы жасақталуда. 

      - Пошта қызметкерлерінің жұмысы бойынша 1 сұрақ – жұмыс жолға қойылды.

      - Газ мәселесі бойынша 1 сұрақ - Қызылсай ауылында газ құбырларын көшеге шығару мәселесі бойынша жұмыс жоспарланды.

    Осы жұмыстарды іске асыру мақсатында, қала әкімдігінің өкімімен бекітілген іс-шаралар жоспары жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізілді, нәтижесі «Жаңаөзен» газеті мен қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланып тұрды.

    Өткен жыл ішінде қала әкімдігіне 252 заңды тұлғадан, 4888 жеке тұлғадан, барлығы 5140 арыз келіп түсті. Қала әкімінің жеке блогына 21 арыз келіп түскен. Барлық арыздарға жауаптар уақытында берілді. Сонымен бірге, есепті жыл ішінде 449 адам қала әкімінің жеке қабылдауында болды. 2015 жылы қала бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 39 163, оның ішінде мемлекеттік органдарда 26 075, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 8 437, электрондық түрде 4 651, мемлекеттік қызмет түрін алған адам саны барлығы  – 98 361.

    Халық саны 140,1 мың адамды құрады ,өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  4,4 мың адамға өскен (2014ж.- 135,7 мың адам). 

    Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 111 834 млн.теңгені құрады (2014ж.– 137 850 млн.теңге). Нақты көлем индексі 92,2% құрады (2014ж. – 109,9%). 

    Есепті кезеңде барлығы 5,510 млн. тонна шикі мұнай өндірілді (2014ж.-5,3 млн.тонна), сәйкес кезеңмен салыстырғанда 103,4 пайызды құрап отыр. Оның ішінде Жаңаөзен қаласының аумағында өндірілгені 0,4 млн. тонна, (2014ж. – 0,4 млн. тонна). Өндірілген табиғи газдың көлемі 328,0 млн.текше метрді құрады (2014ж.– 389,7 млн.текше метр). 

    Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 24 630,4 млн.теңгені құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 98,2%  құрады (2014ж. -23 840,7 млн .теңге).

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 19 858,4 млн.теңгені құрап, өткен жыл деңгейіне 101,2%  құрады (2014ж. – 18 129,4 млн.теңге).

        Жалпы ауданы 92,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 114,7% құрады (2014ж.- 80,6 мың шаршы метр). Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлеміндегі негізгі үлесі халықтың қаражаты есебінен болып отыр.

     Барлық экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа жалақы 321 465 теңгені құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,0%-ға өсті (2014ж. – 287 062 теңге).   

      Қала бюджеті  16 489,1 млн.теңгені құрап, 98,6%-ға орындалды. Оның ішінде жергілікті бюджеттің орындалысы- 99,2, ал республикалық бюджеттің орындалысы – 97,2 пайыз.  

    2016 жылға арналған қалалық бюджеттің көлемі – 14 242,3 млн.теңге көлемінде бекітілді.

      Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болып отырған екі ірі мемлекеттік бағдарлама бар. Оның бірі – Кешенді жоспар. Жоспар шеңберінде 2015 жылы 5 957,0 млн.теңге бөлінді, соның ішінде: республикалық бюджеттен –

    3 115,6 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 2 341,4 млн.теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты – 500,0 млн.теңге.

     2015 жылы 15 инвестициялық жоба іске асырылды.

    - «Мерей» ш/а (құны 614,4 млн.теңге.), «Арай»ш/а (құны 646,5 млн.теңге), «Астана» ш/а (құны 659,2 млн.теңге)Қызылсай ауылында ш/а (құны 649,3 млн.теңге) 320 орындық 4 балабақша құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

    Әскери комиссариат ғимаратының құрылысы» (жобаның құны 295,7 млн.теңге). Нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

      - Жаңаөзен қаласының 9 көшесін жарықтандыру желілерін қайта жаңғырту (жобаның құны 202,4 млн.теңге) жобасы бойынша Маңғыстау көшесінің жарықтандыру желілерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

    - Бес спорт алаңдарын салу (жобаның құны 79,0 млн.теңге),  бес ойын алаңшалары орнатылды (жалпы құны 79,0 млн.теңге). Екі нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

     - Жеке меншік қаражаты есебінен Жаңаөзен қаласында сауда-ойын сауық кешенінің құрылысы салынып, нысан пайдалануға берілді.

    Осы бағдарлама бойынша 2016 жылы іске асырылатын жобалар:

    1. «Жаңаөзен қаласындағы Еділ суын тәулігіне 30 мың текше метр ауыз су сапасына дейін дайындайтын су тазарту құрылыстарын салу» жобасы.

    2. «Жұлдыз» және «Мерей» шағынаудандарын сумен қамту желілерінің құрылысы.

      3. Жаңаөзен қаласында 50 төсек–орындық медициналық емдеу орталығын (емхана) салу.

    4. «Орталық қазандықты кіші ЖЭО-ға ауыстыра отырып, қайта жаңғырту және кеңейту».

    Қалада жүзеге асып жатқан екінші бағдарлама - Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясындағы  іс-шараларды іске асыруға барлығы 2015-2017 жылдарға 10 370,8 млн.теңге қарастырылды: РБ–8 787,1 млн.теңге, ЖБ–1 583,7 млн.теңге.

     Жоспар аясында 2015 жылға іс-шараларды іске асыруға нақты барлығы  1 130,8  млн.теңге бөлініп, игерілді.Оның ішінде:

      1) Шағын және орта бизнесті дамытуға барлығы 363,6  млн.теңге бөлініп, толық игерілді.

    2) Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға барлығы 805,2 млн.теңге бөлініп, толық игерілді.  

      Қалада Үкіметпен бекітілген   «Өңірлерді дамыту» бағдарла-масы жүргізілуде. Соның аясында өткен жылы республикалық бюджеттен – 51, 9 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. Жоба бойынша:  

    1. Теңге ауылының 9 көшесіне жаяу жүргіншілер жолы жабындысының ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 36,3  млн.теңге;

     2. Рахат ауылындағы «Айгөлек» балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 15,6 млн.теңге бөлініп, жұмыстары аяқталды. 

      Білім саласы. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ағымдағы жылы осы салаға 8 103,9  млн теңге бөлінді, бұл барлық қала  бюджетінің  49,8 пайызын құрап отыр.

      Қалада білім беру ұйымдарының жалпы саны - 75, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары - 45, жалпы білім беретін мектеп саны - 23; 2 - мектептен тыс,71 мамандық бойынша маман даярлайтын 5 арнаулы оқу орны(3 мемлекеттік  және 2 жекеменшік) бар.

      Қала бойынша 25  508 (2014ж.-24 308 бала)бала білім алуда. Өткен оқу жылында мектеп  бітірген 805 түлектің ҰБТ-ге 591 түлек қатысып, олардың білім көрсеткішінің орта ұпайы – 71,5  пайызды құрады (2014 жылы –  -70,8). Бұл көрсеткіш облыста - 75,республикада – 79 ұпай болып отыр. Жас түлектердің 9 –ы «Алтын белгі», екеуі «Үздік аттестат» иегері атанды.

    Мектептерде 1821 мұғалім жұмыс жасайды. Оның 62  пайызы жоғары білімді.

    Өткен жылы білім беру мекемелеріне оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу мен жеткізуге 121, 6 млн. теңге бөлініп, 155 602 (2014ж.  - 109 462 дана кітап) дана кітап алынды. 1-сынып оқушыларына мектеп формасын алуға 16,5 млн. теңге бөлінсе, аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтуға 80,6 млн теңге, 1-сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтуға бөлінген 85,0 млн. игерілді. 

    Қаладағы аз қамтылған отбасы оқушы балаларына қолдау көрсету мақсатында 4986 балаға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қала бойынша 7-13 жас аралығындағы 21491 оқушының,  оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ және басқа да мұнай мекемелерінің демеушілігімен ел көлемінде – 2632, шел елдерде - 879 баланың жазғы демалысы мен сауықтырылуы ұйымдастырылды.

     «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жас аралығындағы  бала саны 13984 (өткен жылы-13093) болса, оның білім мен тәрбие мен қамтылғаны  12941 (өткен жылы -10460),  яғни  3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуы 92,5% (өткен жылы-80,0% болған). Соның ішінде мемлекеттік балабақшада - 5998, жекеменшік балабақшада - 1086  бала тәрбиеленуде.

    Өткен жылы «Самал»??????? Сонымен бірге қаладағы № 15 орта мектепке 288 орындық қосымша құрылыс салу жоспарланды. Бұл жоба бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде аталған мектеп сыйымдылығына байланысты орын алып отырған мәселе толығымен шешіледі.

      Біз облыстағы екі қаланың бірі ретінде білім саласы жағынан көрсеткіштеріміздің деңгейін көтеруіміз қажет.  Сол себепті білім стандарттары талабына жауап бере алатын шәкірт дайындау,оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, білім деңгейін жоғарылату мақсатында дарынды балаларға арналған қосымша білім беру орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, осы бағытта қалада қазіргі таңда қазақ-түрік лицейі жұмыс жасауда.

    Қала бойынша денсаулық сақтау саласы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасыннегізге ала отырып,  тиісті жұмыстарды атқаруда. Тұрғындарға 7 мемлекеттік, 4 жекеменшік медициналық мекеме қызмет көрсетеді.

    2015 жылы қала бойынша 4287 бала дүниеге келген (өткен жылы – 4316). Ана өлімі тіркелмеген. Сәби өлімінің деңгейі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2014 жылы 10,4 пайызды құраса (45 сәби), 2015 жылы бұл көрсеткіш 9,6 пайызға (41 сәби) төмендеді.  

      Туберкулезбен ауыратын адам саны 68 болып, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда  49,2 промильді құрады. Туберкулезден қайтыс болу өткен жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға төмендеген. Онкологиялық аурумен 451 адам (2014ж.-467 адам) диспансерлік есепте тұр. Қан тамырлары жүйесімен ауыратындар саны-1753 адам (2014 ж.-2308). Жедел жәрдем станциясы бойынша тәулігіне 12 бригада халыққа қызмет көрсетеді.

      Қаладағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында  (медициналық керует, өкпені жасанды желдету аппараты,плантоскоп, электроэнцефалография, ультрадыбыстық зерттеу аппараты)  барлығы 50,5 млн. теңгеге құрал-жабдықтары алынды.

      Медицина саласының өзекті мәселелері бар. Бірінші кезекте - кадр тапшылығы сезілуде, оған байланысты маман шақыру жұмыстары ұйымдастырылуда. Сонымен бірге  қаладағы денсаулық  сақтау  жұмысын  жақсарту мақсатында кейбір мәселелерді  жедел шешу қажеттілігіне байланысты облыстағы басқарма басшысының Жаңаөзен қаласы бойынша орынбасары мен медициналық көмекті үйлестіру бөлімінің басшысы лауазымдық  штаттары  енгізіліп, мамандардың бекітілуі күтілуде.  Сала қызметінің сапасын арттыру мақсатында «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілік қаражаты есебінен 50 төсек-орындық медициналық емдеу орталығының (емхана) құрылысы жүргізілуде.Сондай-ақ, 2016 жылы қаладағы № 1 емхана ғимараты күрделі жөндеуден өткізілетін болады.

    Мәдениет-спорт саласыбойынша қалада 3 мәдениет үйі және Қызылсай, Теңге ауылдары мен қаладағы шағын аудандарда бөлімшелері бар орталық кітапхана, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының  бөлімшесі қала тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді. «Мұнайшы» мәдениет үйінде 23 өнер ұжымы мен 38 үйірме, «Шаңырақ»  мәдениет үйінде -5 өнер ұжымы мен 4 үйірме, «Ата мұра» мәдениет үйінде 3 ұжым, 6 үйірме  жұмыс жасайды.

    Өткен жыл еліміз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтті.  Осы бағытта өткен жылы 353  мәдени іс-шара  ұйымдастырылып, онда 101329 көрермен қамтылды.

    Рахат ауылындағы мәдениет үйінің  жобалық құжаты дайын. Қалада балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, 3000 орындық стадион, 3 ірі спорт залы («Арман», «Коммунальник», «Өрт сөндіру залы») 25 спорт алаңы,6 аула клубы, денешынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс жасайды. Қала бойынша барлығы 27 867 адам спортпен шұғылданады. Оның ішінде 18 460-ы мекеме қызметкерлері, арнаулы орта білім беру ұйымдарында – 416, жалпы білім беру ұйымдарында - 6200, балалар аула клубтарында – 560, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде – 2231 оқушы бар.

     Қала спортшылары халықаралық жарыстардан -114-і, республикалық жарыстардан – 42-сі, облыстық жарыстардан – 53-і жүлделі орындарға ие болды. Жыл басынан бері барлығы 70 спорт жарысы ұйымдастырылып, оларды 50 мыңға жуық көрермен тамашалады.

    Қызылсай ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін құру үшін құжаттар рәсімделуде.

    Үстіміздегі жылы «Энергетик» спорт кешені, оның ішінде бассейн күрделі жөндеуден өткізіледі, оған 83,7 млн.теңге бөлінді. «Бизнес - инкубатор» ғимаратындағы спорт залды күрделі жөндеуден өткізуге 40 млн. теңге бөлінді.

    Әлеуметтік сала.  2015 жылы әлеуметтік салаға барлығы 988,7 млн. бөлінді, бұл қала бюджетінің 6,1 пайызын құрайды.

      Жұмыссыздық есебіне жыл басында 3715 адам тіркелді. Жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау шаралары бойынша 345,7 млн. теңге қарастырылды. Қоғамдық жұмысқа 1201 адам жолданып 291,7 млн. теңге игерілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 175 адам жолданып, 26,8 млн. теңге игерілді, жастар практикасына 165 адам жолданып, 26,2 млн. теңге игерілді.

    Оның ішінде әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 444,5 млн. теңге қарастырылды.

    Өткен жылы кедейшілік шегінен төмен тұрған 1060 адамға 22,9 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, орташа табысы азық-түлік себетінен аспайтын 1253 балаға 12,2  млн. теңге балалар жәрдем ақысы төленді. Бұдан басқа 58 жанұяға 1,8 млн. теңгенің тұрғын үй әлеуметтік көмегі көрсетілді және атаулы күндер мен мерекелік күндерге орай 9971 адамға 263,7 млн. теңге жәрдемақы төленді.

    Облыстың гранты бойынша оқитын 163 студентке (67-білім, 87-медицина,6-спорт,2-мәдениет,1-ауыл шаруашылық маман-дығы бойынша) 125,0 млн. теңге көмек көрсетілді. 2015 жылы барлығы 22 жас маман оқу орындарын бітіріп, жұмысқа орналасты. Оның 15 – білім саласы, 6- медицина, 1- спорт саласы қызметкерлері. (2016 жылы барлығы 17 маман оқу бітіреді).

    Жаңаөзен қаласында тұратын  Ұлы Отан соғысының 4 ардагеріне Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай арнайы Елбасының жеке құттықтауы жеткізілді. ТМД елдерінде жерленген боздақтардың басына барып зиярат етуші 4 адамға

    0,5 млн. теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Қала бойынша материалдық  көмекке мұқтаж 571 адамға 19,9 млн. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

    Үстіміздегі жылы да  әлемдік нарықтағы жағдайға қарамастан Елбасының тапсырмасына сәйкес негізгі әлеуметтік төлемдер сақталатын болады.

        «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы қалада тиісті деңгейде жүргізілуде.

      1-бағыты: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 3 ауылға балалар ойын алаңшалары орнатылды. Осы мақсатта 16,6 млн.теңге игерілді. Іске асырылған жобалар аясында 15 адам жұмыспен қамтылды.

      2-бағыты: «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша шағын несие беруге 15 млн. теңге  қаражат қаралды. «Ауыл шаруашылық қаржылай қоры» АҚ-на 5 адамның құжаты тапсырылып, нәтижесінде  өз ісін ашуға және кеңейтуге 3 бағдарламаға қатысушы 9,0 млн.теңге несие алып, жоба бойынша өз істерін бастады. (1-мал шаруашылық,1-шаштараз, 1-автокөлік жөндеу орталығы).

      Кәсіпкерлік негіздері курсында Ақтау қаласында 10 адам оқытылды.

    3-бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша:

      Әлеуметтік жұмыс  орындарына 7,0 млн.теңге қаражат қарастырылып,  әлеуметтік жұмыс орнына 14 мекеме 63 адам жұмысқа жолданды.

      Жастар практикасына 25 орынға 5,4 млн. теңге қаражат қарастырылып, 13 мекемеге 29 жас маман жұмысқа  жіберілді. 

      Жалпы жыл басынан бері қала бойынша 4339 жаңа жұмыс орны құрылды (2014ж. – 4334  жұмыс орын). Атап айтсақ: әлеуметтік жұмыс орны - 238, жастар практикасы - 194, уақытша және маусымдық орындарға - 1325, тұрақты жұмыс орындары - 2582. Бұл жұмыс орындарының негізі қалада ашылған жеке кәсіпкерлік нысандардың және мемлекеттік мекемелердің есебінен болып отыр. Қаладағы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы және басқа да мұнай компаниялары мораторий жариялауына байланысты бірде-бір адамды жұмысқа алған жоқ.

      Үкіметпен қабылданған тағы бір маңызды құжат - «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және мекен ету үшін келген 12 маманға (Қызылсай-1, Теңге-8, Рахат-3) жергілікті бюджеттен 1,7 млн. теңге көтерме жәрдемақы берілді. Қызылсай ауылына келген білім саласының маманына тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 2,6 млн. теңге қаражат берілді.

      Жаңаөзен қаласы бойынша шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер саны – 8679 (2014 ж.-8250) 5,2 пайызға өсті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс жасайтындар саны -  20467  адам, (2014ж.-20105) көрсеткіш 1,8 пайызға өсті.

      Шағын және ота кәсіпкерлік субьектілерімен өндірілген өнімнің көлемі – 2285,6 млн.теңге (2014 ж. 2014,2 млн.теңге). Шағын және орта кәсіпкерлерден бюджетке түскен түсім көлемі – 9462,9 млн.теңге (2014ж.7549,9 млн.теңге).  2015 жылы «Бизнес кеңесші» жедел курсына 310 адам оқытылып, сертификатқа ие болды.

      «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша субсидиялауға – 112,4 млн.теңге бөлініп,толық  игерілді(19 жоба - несиенің көлемі 684,8 млн.теңге);106 жаңа жұмыс орны құрылды.

    - гранттар беру – 25,0 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді (9 жоба – несиенің көлемі 26,0 млн.теңге, соның ішінде 2 жоба - 2014 жылғы);  26 жаңа жұмыс орны құрылды.

    -  кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге несие беру – 2015 жылға бөлінген 70,0 млн.теңге толық игерілді;

      Өндірістік алаң (технопарк) Жаңаөзен қаласының өндірістік аймағынан кәсіпкерлерге жерді жалға беру мақсатында жалпы аумағы 30,0 ГА жер телімі бөлінді. 2016 жылға инженерлік-инфрақұрылымын дамытуға – 45,0 млн.теңге қаражат бөлінді.Қазіргі таңда 13 жеке кәсіпкерге жер телімдері бөлініп, 6  кәсіпкердің жобасына қала әкімінің қаулысы қабылданды. Кәсіпкерлер құрылыс жұмыстарын бастады.Ағымдағы жылы ішкі инфрақұрылымы жүргізіледі.

      Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2015 жылы 657,3  млн.теңгені, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады.  Қала және оған іргелес елді мекендер бойынша 9628 мал басы тіркелген. Ауыл шаруашылығы малдарына эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2,1 млн.теңгесі игерілді. Бұдан басқа, қаңғыбас және бұралқы ит-мысықтарды жоюға 4,1 млн.теңге игерілді. Барлығы  1427 қаңғыбас, иесіз ит жойылды.

       Есепті кезеңде 2670 тонна ет сатылды және егін шаруашылығы бойынша шаруа қожалықтары  122  ГА жерге көкөніс-бақша дақылдары егіліп, өндірілген 3000 тонна өнім сатылды.

      Жол мәселесі.Жаңаөзен қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 353,0 шақырымды құрайды. Соның ішінде 195,7 шақырымы төселімдері қатты жолдар (55,4%).

    2015 жылы 9,5 шақырым автокөлік жолы құрылысы және 5,5 шақырым автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Елді-мекендегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 45,8 млн.теңге бөлініп, жоспарлы жұмыстар жасалды.

    Қоғамдық көлікпен тұрақты жолаушыларды тасымалдау қызметі бойынша қала мен 3 ауыл тұрғындарын қоғамдық көлікпен тасымалдауға 10 маршруттық бағыт бойынша 3 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды. Осы бағытта шағын автобустардың көпшілігінің ескі болуына байланысты жеке кәсіпкер екінші деңгейлі банктен несие алу жолымен, қазіргі заманға сай 4 шағын автобус алып, тұрақты жолаушылар тасымалы жүйесіне қосылды.Қазіргі таңда барлығы 73  автокөлік бар, онда 149 адам жұмыспен қамтылған.

     Жаңа шағынаудандардың көбеюіне байланысты тұрғындар сұранысын қанағаттандыруға байланысты қала ішілік маршруттар  сызбалары қайта жасақталуда.

    Алдағы уақытта қала, Рахат және Қызылсай ауылында барлығы 13 көшеге жол құрылысы жүргізіледі. Сонымен бірге, «Жаңаөзен-Құланды» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмысы аяқталады.

       Санитарлық тазалау,  көгалдандыру, абаттандыру. Санитарлық тазалаужұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 913 млн.теңге; көгалдандыру мен абаттандыруға 389,3 млн. теңге бөлініп, игерілді.

      Кешенді жоспар аясында "Шаңырақ" шағынауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілді, ауданы 1,9 мың шаршы метр асфальтобетондар, жаяу жүргінші жолдары және кеңейтілген автотұрақтар, 7 балалар ойын алаңы салынып,  жаңадан 5 аялдама және әлуметтік нысандарға пандустар орнатылды.

    Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинатынан 2015 жылы 8 184 тонна іріктелген тұрмыстық қатты қалдықтардан, тас төсеуіштер және жол жиектері өнімдер өндіріліп, жаңадан орнатылған аялдамаларға тас төсеуіштер төселінді.

    Қаладағы Н.Марабаев, Н.Тлендиев, Абай көшелерін, «Рауан», «Мұнайлы»,3 «А» шағынаудандары мен темір жол станциясы тұрғын үйлері,  «Мұнайшы» мәдениет сарайының аймағын абаттандыру үшін мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттама жасақталды.Сонымен қатар, қаланың кіреберіс жолына көкжелектер өсіру жұмысы басталады және «Кендірлі»  демалыс аймағынан жағажай құрылысына жоба жасақталынып, іске асыру жоспарлануда. 

    Инфрақұрылымды дамыту және коммуналдық сала. Қала бойынша электр желілерінің ұзындығы - 1209,79 шақырымды  құрайды.Трансформаторлық пункттер саны - 288 дана. Электр энергиясын үнемдеу мақсатында «Астана» ш/а №6,7,8,8,10,11 көшелеріне «Электр энергиясын автоматты коммерциялық есептеу жүйесін 205 дана және 359 жарық шамдар орнатылды.

       Ұзақ  жылдар бойы үздіксіз пайдалануда болуы және тұтынушылардың көбеюіне байланысты электр желілерінің 60 пайызы қайта жөндеуді қажет етеді. Осыған сәйкес, көп қабатты тұрғын үйлер мен трансформаторлық подстанция аралығындағы кабель желілерін жаңартуға, жеке тұрғын үйлер секторларында көшелерді жарықтандыруға ЖСҚ жасақталуда.

      Қала бойынша орталық жылу қазандығы мен 32 автономды жылу қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, олар  үздіксіз жылумен қамтамасыз етеді.

      Ыстық су мен жылу тасымалдайтын сыртқы жылу желілердің ұзындығы – 192,32км.

       Күзгі, қысқы кезеңге дайындық ретінде қала ішілік сыртқы жылу  желілерінде ұзындығы 672 метр құбыр ауыстырылып, осы мақсатқа 23, 4 млн.теңге қаражат  теңге жұмсалды.

    Тұтынушылар қатарына  472 ұйым мен 251 көп қабатты  тұрғын үйлер жатады.Кешенді жоспарға сәйкес, «Орталық жылу қазандығын қайта жаңарту және кеңейту мен кіші ЖЭО-ға аударудың» және «Сыртқы жылу жүйелерін жаңарту мен кеңейту арқылы 4 құбырлы жүйеге өту жұмыстары» аясында, жылу энергиясына сатып алынатын салқын судың көлемінен 45 % үнемделді.

    Кешенді жоспарға сәйкес «Жаңарту және кеңейту арқылы  Орталық жылу қазандығын кіші ЖЭО-ға ауыстыру» бойынша  жұмыстар осы жылы аяқталады.Осы нысан іске қосылғаннан кейін:

    - жазғы, қысқы кезеңдерде үздіксіз ыстық сумен қамтамасыз етуге, электрэнергиясын өндіруге және сатуға қол жеткізіледі;

    - 168 адамға қосымша жаңа жұмыс орны құрылады.

      Орталық жылу қазандығын салқын сумен қамтитын, НСП-3 –тен келетін құбырлардың тозығы жетуіне байланысты құны 34 млн теңгені құрайтын ЖСҚ жасақталды.

    Жалпы қалаға ауыз су ресурстары «ҚазТрансОйл» АҚ БФ және «Су өндіру және тасымалдау» ЖШС арқылы қамтамасыз етіледі.

    «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы тарапынан Кендірлі демалыс орны аумағынан тәулігіне 90 000 текше метр теңіз суын тұшытатын қондырғы және сорап станциясының ЖСҚ-сы жасақталды. Осы аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілген жағдайда қала тәулігіне 30 000 текше метр сумен қамтамасыз етіледі.

    Қаламыздағыөзекті мәселелердіңбірі – канализациялық-тазарту имаратын жаңғырту. Өткен жылы осы бағыттағы  құрылыстың І кезеңі аяқталып, қазіргі таңда іске қосу және қалпына келтіру жұмыстары жасалуда.

    Аталған жобаны іске асыру негізінде тазартылып өңделген су арқылы қаладағы жасыл желектерді техникалық сумен суаруға қол жеткіземіз.

       Газбен жабдықтау және техникалық қызмет көрсету бойынша қалада «ҚазТрансГазАймақ» АҚ МӨФ Жаңаөзен газ учаскесі айналысады.

      Қазіргі таңда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қарасты жалпы ұзындығы 549 854 м құрайтын жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырлары бар. Қала бойынша 3 дана «Газ тарату станциясы», 25 дана – «Газ тарату бекеті» және 64 дана – «Шкафты газ тарату бекеттері», барлығы 92 таратушы қондырғылар бар.

      Қала және іргелес елді мекендердегі газ тұтынушылар саны 27854 – ті құрайды.

      Қызылсай және Теңге ауылдарында әртүрлі диаметрде және қысымдағы 120 метр газ құбырлары ауыстырылып,  6 дана ГРПШ ауыстырылды.

    Қаладағы әрқайсысы 40 пәтерден тұратын 10 көп қабатты тұрғын үйдің ЖСҚ-ры жасақталды. Соның ішінде 2 көп қабатты үйдің (барлығы 80 пәтер) құрылысы жүргізіліп, құжаттары рәсімделуде.«Тобылғы-2005» ЖШС-не сондай әрқайсысы 40 пәтерден тұратын 4 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын өз қаражаты есебінен салу мақсатында жер учаскесі берілді. Келісімшартқа сәйкес, бұл мекеме салынатын  пәтерлердің 30%-ын апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындарына беруі тиіс. Қызылсай ауылында әрқайсысы 4 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы салынды. Осы жылға Теңге ауылынан сондай 2 үйдің құрылысын салу жоспарлануда.

    180 пәтерден тұратын 5 қабатты тұрғын үй құрылысының ЖСҚ-ры жасақталған болатын. Бюджеттік сала қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында, ЖСҚ-ны қайта қарап, алдағы уақытта аталған тұрғын үйді жатақхана ретінде салу көзделуде.

      Қылмыстық ахуал. Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасында криминалдық полиция бағыты бойыншы 2015 жылы 1657 қылмыс оқиғасы тіркелген, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 241 дерекке немесе 12,7 %-ға төмендеген (2014ж.– 1898 ). 588 қылмыс ашылып, ашылу деңгейі 42,2 % құрады (2014ж. – 1898 қылмыс, оның 758-і ашылып, ашылуы – 38,1%).  Тонау  60 дерек (2014ж.- 72); ұрлық 925 дерек (2014ж.- 979). Аса ауыр қылмыс – 4 дерек  (2014ж.– 4 дерек).  Қоғамдық орындарда болған қылмыс саны – 393 (2014ж.- 408). Бұзақылық-197 (2014ж.-329). Қала аумағына қарасты авто жолда 80 көлік оқиғасы орын алып, оның ішінде 11 адам қаза болған, 96 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Өткен жылдың 12 ай ішінде 87 жол көлік оқиға салдарынан 4 адам қаза болып 106 адам әр түрлі дене жарақаттарын алған. Алаяқтық бойынша – 117 (2014 ж.105) дерек орын алған.

      Жасөспірімдермен болған қылмыс саны – 13 дерек, өткен жылмен салыстырғанда  8 дерекке төмендеген (2014ж. – 21 дерек).  Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде келу – 18 (2014ж.– 39) дерек.

       Қалада барлығы 38 бейнебақылау жұмыс жасап тұр. Ағымдағы жылы шағынаудандарға қосымша үй аралық бейнебақылау орнату жұмыстары жоспарлануда.

        Жыл басынан бастап жергілікті полиция қызметі құрылды. Бұл орган қоғамдық тәртіпке, тұрмыстық  қылмыстарға қарсы күреске жауап береді, жол полициясының қызметін де атқарады.  

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес профилактикасының тиімділігін арттыру мақсатында қала әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия жұмыс жасайды. Комиссия отырысы жоспар бойынша өткізіліп отыр.Жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалада алдағы уақытта да жалғасып, үнемі бақылауда болады.

      Мемлекеттік бағдарламалар аясында алдағы уақытта шешуді қажет ететін бірнеше жобалар бар. Бұл бағытта жергілікті атқарушы орган тарапынан салалық министрліктермен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ:

      1. Жаңаөзен қаласының «Рауан» шағын ауданындағы 900 орындық мектептің құрылысы (2016-2017жж.);

        2. Жаңаөзен қаласында әрқайсысы 320 орындық   4 балабақшаның құрылысы (2016-2017жж.);

      3. Оқушылар сарайы мен кітапхананың құрылысы;

      4. Мұнай және газ колледжі жаңа нысанының құрылысы.

      5.Жолдың ұзындығы 22,01 шқ. жолдарды салу (2016-2017ж.ж.).

      Сонымен қатар, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігіне байланысты біздің бақылауымызда тұрған орындалуы кезекті күттірмейтін төмендегідей жұмыстар бар. Нақтырақ айтқанда:

        1.Жұмыссыздықтың санын азайту, халықты жұмыспен қамту шараларын жүргізу;

      2.Орталық жылу қазандығы іске қосылғаннан кейін көпқабатты тұрғын үйлерді жазғы мезгілде тұрақты түрде ыстық сумен қамтамасыз ету;

      3. Теңге және Рахат ауылдарында су мәселесін шешу үшін су сақтау резервуарлары мен насос стансаларын салу үшін жоба жасақтау.

      4.Технопарк алаңына инвесторлар тарту және жаңа өндірістер ашу.


  • 16.07.2015
    2015 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Жаңаөзен қаласының әкімі Е.Әбіловтың қалалық Мәслихат депутаттарының алдындағы есебі

    Құрметті депутаттар!

    Жиналысқа қатысушылар!

    Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер жылына бір рет Мәслихаттар депутаттарының алдында 6-айдың қорытындысы бойынша есеп береді.

    Менің бірінші жартыжылдыққа арналған есебім ағымдағы жылдың 16-ші шілдесінде «Жаңаөзен» газетінің 29-санды нөмірінде және қала әкімдігінің «www.zhanaozen.gov.kz» ресми интернет-ресурсында жарияланған болатын.

    Сондықтан Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі есебімді қысқаша баяндауға рұқсат етіңіздер!

    2015 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша халық саны 138,2 мың адамды құрап (қала халқы-81,5 мың адам, ауыл халқы-56,7 мың адам), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,0 мың адамға өскен (01.07.2014ж.-133,2 мың адам).

    Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 56,0 млрд. теңгені құрады (2014ж. 6 ай-75,9 млрд. теңге).

    Есепті кезеңде «ӨзенМұнайГаз» АҚ-мен 2721,5 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, жоспар 100,8% орындалды. Сонымен қатар 183,4 млн.текше метр табиғи газ өндірілді, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 82,6% құрады.

    Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі  4,4 млрд.теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 97,5% құрады (2014ж. 6 ай-7,0 млрд. теңге).

    Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 12,6 млрд.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,4 млрд.теңгеге азайған (2014ж. 6 ай-15,0 млрд. теңге).

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,3 млрд.теңгені құрап, өткен жыл деңгейіне 77,6%  құрады (2014ж. 6 ай- 6,6 млрд. теңге).

        Жалпы көлемі 50,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (2014ж. 6 ай-52,7 мың шаршы метр).

    Қалада 8528 шағын  кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, ол 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 530-ға өскен(01.07.2014ж.-7998).

    Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 20375 адамды құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3899 адамға немесе 23,6%-ға өскен (01.07.2014ж.-16476 адам).

    Халықтың экономикалық белсенді тобының көрсеткіші 55491 адамды құрайды, ал оның құрамындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі 36,7% (01.07.2014ж.-29,7%).

    Барлық экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа жалақы 353653 теңгені құрады немесе  2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,8%-ға өсті (01.07.2014ж.-247 708 теңге).

    Жыл басынан бері 2458 жаңа жұмыс орны құрылды (01.07.2014ж.- 2448 жұмыс орын). Атап айтсақ: әлеуметтік жұмыс орны - 168, жастар практикасы - 109, уақытша және маусымдық орындарға - 1070, тұрақты жұмыс орындары - 1111.

     Жұмысыздық есебіне жыл басында тіркелгені –  2099 адам, 01.07.2015ж. кезеңіне жұмыссыз адам саны – 979 адамды құрады, оның 650-і уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, жұмыссыздық деңгейі – 1,8% болды (01.07.2014ж. – 1059 адам, 2,0%).

    Жергілікті бюджетке салықтар және басқа да төлемдер түсімдерінің орындалысы 9,5 млрд.теңгені құрап(жылдық жоспар 15,8 млрд.теңге), түсім  1,5 млрд.теңгеге артты немесе есепті кезеңнің жоспарына 119,0% орындалды.

    Қала бюджетінің шығыстар бөлігі – 7,9 млрд. теңгеге игерілді (99,1%) (жылдық жоспар 15,8 млрд.теңге), оның ішінде жергілікті бюджет – 4,7 млрд.теңге (99,8%), республикалық бюджет– 5,2 млрд.теңге (98,0%).

      Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес 2015 жылға 5,2 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлініп, 01.07.2015ж. жағдайына  3,0 млрд. теңге игерілді. Соның ішінде:

      - республикалық бюджеттен бөлінгені – 3,1 млрд. теңге, игерілгені 2,3 млрд.теңге;

      - жергілікті бюджеттен – 1,6 млрд.теңгенің игерілгені 316,8 млн. теңге;

      - басқа көздерден 500,0 млн.теңге бөлініп, игерілгені – 399,4 млн. теңге.

      Кешенді жоспар шеңберінде 2015 жылы 15 жоба іске асырылуда, оның11жобасы биыл іске қосылады,соның ішінде:

      1. «Мерей», «Арай», «Астана» шағынаударында және Қызылсай ауылында әрқайсысы 320 орындық төрт балабақшаның құрылысы;

      2. Әскери комиссариат ғимаратының құрылысы;

      3. Орталық қазандықты кіші ЖЭО-ға (ТЭЦ) ауыстыра отырып, қайта жаңғырту және кеңейтуді аяқтау;

      4. Жаңаөзен қаласындағы электрмен қамтамасыз ету желілерін қайта жаңғырту және кеңейту;

      5. «Окарем-Бейнеу» газ құбырынан тарту және автоматтандырылған газ бөлу жүйесін салу құрылысы;

      6. Қалаішілік жолдарды салу және қайта жаңғырту бойынша (2 жоба-«Мерей» ш/а №34 көшесі – 4,2 шқ. және Құланды автомобиль жолдарының құрылысы 8,7 шқ.);

      7. 5 спорт алаңшаларын салу;

      8. 5 аулалық алаңшаларды салу.

      Сонымен қатар биыл жергілікті бюджет есебінен салынып жатырған 40 пәтерден 2 үйдің құрылысы аяқталады.

      Қалған 4 жоба келесі жылға өтпелі.Олар:

      1. «Жұлдыз» және «Мерей» шағынаудандарын сумен жабдықтаудың бөлу желілерінің құрылысы;

      2. 50 төсек-орындық медициналық емдеу орталығының құрылысы; 

      3. Жаңаөзен қаласындағы Еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасында дайындау үшін арналған су тазарту имараттарының құрылысы;

      4. Қалалық аурухананың терапевтік корпус ғимаратының құрылысы.

      Өздеріңізге белгілі, кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсету арқылы қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалын тұрақтандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететіндігі сөзсіз.

      Осы орайда, шағын және орта бизнеске  барынша қолдау көрсету үшін қаланың өндірістік аймағынан кәсіпкерлерге жерді жалға беру мақсатында жалпы аумағы 30,0 га жер телімі бөлініп, 2014 жылы өндірістік алаңның (технопарк) құрылысы қолға алынды.

      Бүгінге өнідірістік алаң аймағынан 35 жеке кәсіпкерге жер учаскесін бөлуге келісім беріліп, оның ішінде: 13 жеке кәсіпкерге тиісті тәртіп бойынша жер учаскесін алдын ала таңдау актісі берілді.

        «Моноқалаларды дамыту бағдарламасының 2015-2017 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласын дамытудың Кешенді Жоспарының» шараларын іске асыруға 2015 жылға барлығы 1,1 млрд.теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен – 838 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 199 млн.теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ - 117 млн.теңге.  01.07.2015 жыл кезеңіне барлығы 441,9 млн.теңге игерілді. Салалар бойынша:

      1) шағын және орта бизнесті дамытуға барлығы 169,4 млн.теңге бөлініп, 01.07.2015 жыл кезеңіне  79,4 млн.теңге игерілді (РБ).

      - кәсіпкерлік жобаларды субсидиялауға –  74,4 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді (5 жоба мақұлданды, несие көлемі 112,9 млн.теңге). Жоба аясында 50 жаңа жұмыс орны құрылды.

      - жаңа өндірістер ашуға мемлекеттік гранттар беруге – 25,0 млн.теңге бөлініп, есепті кезеңге  5,0 млн.теңге игерілді (2 жоба мақұлданды, несие көлемі 5,0 млн.теңге). Жоба аясында 6 жаңа жұмыс орны құрылды.

      - кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге несие беру - 70 млн.теңге бөлінді, қаражат жыл соңына дейін толық игеріледі.

      2) инженерлік инфрақұрылымды дамытуға барлығы 970,3 млн.теңге бөлінді (РБ – 624,6 млн. теңге, ЖБ – 228,7 млн.теңге, БҚ-117,0 млн.теңге).

        1. Қалаішілік автокөліктер жолдарының құрылысына 285,8 млн.теңге бөлініп, 01.07.2015ж. кезеңіне 16,3 млн. теңге игерілді.

      2. Өндірістік алаңға дейінгі кіріс автожолының құрылысына – 176,3 млн.теңге бөлініп, қаражат толықтай игерілді.  

      3. «Шаңырақ» шағынауданын абаттандыруға –  508,3 млн.теңге қаражат бөлінді (РБ – 266,293 млн.теңге, ЖБ – 125,0 млн.теңге БҚ – 117,0 млн.теңге). 01.07.2015ж. кезеңіне 133,1 млн.теңге игерілді.   

      «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында  2015 жылы республикалық бюджеттен барлығы  53,455 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға Жаңаөзен қаласының Теңге ауылының көшелеріне (С.Бегендікұлы, Тобанияз, М.Бегенов, Д.Таджиев, А.Оңгарбекұлы, М.Жырау, О.Наятұлы, Балуанияз, А.Керейұлы) жаяу жүргіншілер жолы жабындысының ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 37,816 млн.теңге және Рахат ауылындағы «Айгөлек» балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 15,639 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

        Қаламызда жұмыссыздық мәселесін кезең-кезеңімен шешу, оны мүмкіндігінше азайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Негізінен жұмыссыздықты еңсеру мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бағыттарын орындау бойынша жұмыстар жүргізілді. 

      Бірінші бағытыаясында Қызылсай, Тенге, Рахат ауылдары балаларына 3 ойын алаңшаларын салуға  28,6 млн.теңге бөлінді. Жобалар аясында 12 жұмыс құрылды.

      Екінші бағыты аясында шағын несие беру үшін  15,0 млн.теңге  қаралды. Қазіргі таңда 5 адам несие алуға өтініш білдіріп, тиісті құжаттары «Ауыл шаруашылық қаржылай қорына» АҚ-на тапсырылды.

      Үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 11 мекемемен келісім-шарт жасалып,  39 адам жұмысқа жіберілді.Бұл мақсатта 7,029 млн.теңге қарастырылып, 1,915 млн.теңге игерілді. Сонымен қатар жастар практикасын ұйымдастыруға 13 мекемемен келісім-шарт жасалды, 21 жас маман жұмысқа орналасты және бұл мақсатта 5,4 млн.теңге бөлініп,  1,8 млн.теңге.игерілді. Кәсіптік даярлау курсына «тігінші» мамандығы бойынша 12 бағдарламаға қатысушы жіберіліп, оқуларын бітірді. Осы мақсатта  1,9 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді.

          Білім саласы.

      2015 жылы білім беру саласына 7,8 млрд.теңге бөлінді, бұл жалпы қала бюджетінің 49,8% құрайды (2014ж.-7,6 млрд.теңге).

      2014-2015 оқу жылдарындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 805 түлек оқуды аяқтап, оның 591-і немесе 73,4% қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 71,5% (2013-2014ж.-70,8%). 9 оқушы «Алтын белгіге», 7 оқушы «Үздік аттестатқа», 1 оқушы Халықаралық конкурстың күміс жүлдегері болып, тестілеуден босатылды.

        Білім беру мекемелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізумақсатында лицей мектебінің  1-бөлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына –  20,0 млн.теңге, №6 орта мектепті абаттандыруға –  23,8 млн.теңге, №13 бастауыш мектепті күрделі жөндеу жұмыстарына – 9,5 млн.теңге, №1 «Ақбота» балабақшасына – 5,0 млн.теңге және №16 бастауыш мектептің жылу жүйесін ағымдағы жөндеуге -  8,1 млн.теңге бөлінді.

        «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында, Кешенді жоспар аясында 2015 жылы жалпы сыйымдылығы барлығы 1280 орындық (әрқайсысы  320 орындық) 4 балабақша құрылысы жүргізіліп, биыл іске қосылуы тиіс.

        Бұдан бөлек, жобалық-сметалық құны 2501,9 млн. теңгені құрайтын 4 балабақшаның мемлекеттік сараптама қорытындысы бар.

        Соныменқатар, қалада балабақшаны кері қайтару жұмыстары да жүруде. Атап айтсақ, «Самал» шағынауданындағы 280 орындық «Солнышко» балабақшасы кері қайтарылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

      Статистикалық деректер бойынша, есепті кезеңде  3-6 жас аралығында – 13093 бала бар. Есепті кезеңге мектепке дейінгі оқу тәрбиемен қамтылған 3-6 жас аралығындағы бала саны – 10460. Балалардың балабақшамен қамтылуы – 80,0%. 01.07.2015 жыл кезеңіне балабақша кезегінде 3-6 жас аралығындағы 2633 бала тұр.  

      2015 жылы қала бойынша 7-13 жас аралығындағы 17540 оқушының жазғы демалысы мен сауықтырылуы ұйымдастырылады. Балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыруға 2015 жылы жергілікті бюджеттен 44,4 млн.теңге бөлініп, 10 мектеп жанынан лагерлер ашылды.

        Жалпы жоспар бойынша жаз мезгілінде 879 бала шет елдегі, 8818 бала республика ішіндегі, 4280 бала облыс ішінде демалады деп күтілуде, ал, қалғандары мектеп жанындағы лагерьлерде демалатын болады.

        Денсаулық сақтау саласы.

      2015 жылдың 6 айында 2059 бала дүниеге келді (2014ж.6 ай-2116 сәби).

      Есепті кезеңде 1-жасқа дейінгі 23 сәби өлімі тіркеліп, көрсеткіш туылған 1000 сәбиге шаққанда  11,2 промиллені құрады (2014ж. 6 ай-15 бала-  7,1 промилле). Сәби өлімінің деңгейі балалардың туа біткен кемтарлықтың жоғары болуынан болып отыр. Осы көрсеткішті төмендету мақсатында жүкті әйелдерді ерте 12 аптаға дейін есепке алып, тексерулерден өткізу жұмыстары жүргізіліп, ауру айқындалған жағдайда дер кезінде дәрігерлік көмек беру шаралары жүргізіліп келеді. Есепті кезеңде ана өлімі тіркелген жоқ.   Туберкулез ауруымен ауыратын адам саны  38 адамды құрап, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 29,1 промиллені құрады (2014ж.6 ай-29,7 промилле - 38 адам).  Денсаулық сақтау саласындағы қызметтің сапасын арттыру мен қызмет көрсететін мекемелер санын көбейту мақсатында Кешенді жоспар аясында бюджет қаражаты есебінен терапевтік корпустың құрылысы және «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілік қаражаты есебінен 50 төсек-орындық медициналық емдеу орталығының (емхана) құрылысы жүргізілуде. 

      Мәдениет және спорт саласы.

        Ағымдағы жылдың 6 айында қала бойынша  250 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. Осы мақсатта 20,2 млн.теңге қаражат жұмсалды. 

      Қалада орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде дене шынықтырумен айналысатын халық саны 24998 құрайды немесе 18,1%, соның ішінде жасөспірімдер саны - 6612 бала. 

      2015 жылдың 1-жартыжылдығына 32 іс-шара өткізілдіжәне осы мақсатта 13,3 млн.теңге игерілді. Түрлі деңгейдегі әлемдік жарыстарға – 19, халықаралық жарыстарға – 114 қатысып, оның 42-сі халықаралық жарыс жүлдегерлеріне ие болды.

    Жобалық-сметалық құны 525,9 млн. теңгені құрайтын Рахат және Теңге ауылдарында спорт  кешендерін салу үшін дайын жобалар бар. Сонымен қатар қалада мұз айдынының жобасы жасақталып жатыр.

      Әлеуметтік қолдау саласы. 2015 жылы әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына  993,4 млн.теңге қарастырылды. 2015 жылдың 6 айында кедейшілік шегінен төмен тұрған 117 мүжәлсіз отбасының 576 адамына атаулы әлеуметтік көмекке  9,2 млн.теңге (2014ж. 6 айда – 193 мүжәлсіз отбасы,  944 адам, 13,5 млн.теңге) жәрдемақысы және  244 отбасының 807 баласына жәрдемақысына  5,7 млн.теңге (2014ж. 6 айда – 297 отбасы, 911 адам,  66,3 млн.теңге), 51 отбасыға 952,2 мың теңгенің тұрғын-үй жәрдемақысы (2014ж. 6 айда – 104 отбасы,  1,6 млн.теңге) тағайындалды.  Қала бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны – 3252 адам, оның жұмысқа жарамдысы – 477 құрайды. Оның: 172-сі тұрақты жұмыстарда, 196 адам жұмысты қажет етпейді, 109 адам жұмыс жасауға ниет білдіріп, оның ішінде: жұмыссыздық бөліміне 74 мүмкіндігі шектеулі адамдар тіркеліп, 53-і жұмыспен қамтылды (қоғамдық жұмысқа - 46 адам, әлеуметтік жұмысқа - 2 адам жолданды, жастар практикасымен - 4 адам қамтылды, тұрақты жұмысқа - 1 адам орналастырылды).

      Ауыл шаруашылығы. Бүгінге қала және оған іргелес елді мекендер бойынша 11575 мал басы тіркелген. Оның  ішінде 4138 мүйізді ірі қара, ұсақ  мал - 6722, құс - 715.

      Ауыл шаруашылық малдарына эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен – 3,3 млн.теңге бөлініп,  2015 жылдың 6 айы бойынша 657,1 мың теңге игерілді. Қаңғыбас және бұралқы ит-мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен 6,504 млн.теңге қаражат бөлініп, барлығы 511 қаңғыбас, иесіз иттер жойылды.

      2015 жылғы 6 айда 952,0 мың тонна ет өндірілді жәнеегін шаруашылығы бойынша «Төңірекшың» ойында орналасқан шаруа қожалықтарымен 120 га жерге көкөніс-бақша дақылдары егіліп, өнімдері сатылып жатыр.

      Жол мәселесі.Қалада жалпы ұзындығы шамамен 353,0 шақырымды құрайтынавтомобиль жолдары бар, соның ішінде 178,0 шақырымы төселімдері қатты жолдар (50,4%). 2015 жылға қарастырылған автомобиль жолдарының құрылысы:

        1) «Жаңаөзен қаласындағы «Мерей» ықшамауданында автокөлік жолдарының құрылысы» жобасының жалпы жобалық-сметалық құны 262,3 млн. теңгені құрайтын мемсараптама қорытындысы бар. Аталған жоба аясында «Мерей» шағынауданы №34 көшесіне (ұзындығы-4163 м) ЖБ-173,6 млн.теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары басталды. 

      2) «Құланды селосындағы автокөлік жолын кеңейту» жобасының жалпы жобалық-сметалық құны 836,6 млн.теңгені құрайды (жол ұзындығы - 8,74 шақырым).

    Жобаны жүзеге асыруға ЖБ-433,0 млн.теңге бөлінді. Автокөлік жолын кеңейту жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды. 

      3) «Жаңаөзен қалаішілік автомобиль жолдарының құрылысы» жобасы жалпы жобалық-сметалық құны 541,9 млн.теңгені құрайды. Жоба бойынша Рахат ауылының «Лалагүл» (1,613 шқ.), «Гүлмайса» (1,614 шқ.) көшелерін, Астана ш/а «Шалабаева» (616,0м) және «Орынбаева» (477,0м)көшелеріне қатқыл жабынды төсеніш жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта  2015 жылға барлығы 285,8 млн.теңге бөлінді, оның РБ-212,0 млн.теңге, ЖБ-73,8 млн.теңге.

        Орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары:

        1) Сметалық құны 25,9 млн.теңгені құрайтын 11525м2 автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.    

      2) Сметалық құны 11,0 млн.теңгені құрайтын 1471м2 автомобиль жолынаағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.   Жол белгілері және жол жолақтары бойынша: 1) 2015 жылға Жаңаөзен қаласы және іргелес елді мекендерде 104 жол белгісі орнатуға және ауыстыруға жоспарланды. Қазіргі таңда орталық көшелерде 40 жол белгілері жаңартылды.

      2) Автокөлік жолдарына жаяу жүргінші жол белгілері және жол жолақтары сызуға 7450м2 сметалық құны  14,2 млн.теңге бөлініп, жол жолақтарын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Жаңа бағдаршамдар орнатуға 2015 жылы жергілікті бюджеттен 10,4 млн.теңге бөлініп, 3 нысанға 24 дана автокөлікке, 8 дана жаяу жүргіншіге барлығы 32 дана бағдаршам орнатылды.

      Сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің автокөлік жолынан өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 10,0 млн.теңге бөлініп, қаланың орталық көшелерінің 19 жаяу жүргінші өткелдеріне 489 дана жасанды жол кедергісі орнатылды.

        Қылмыстық ахуал. Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасында криминалдық полиция бағыты бойынша 883 қылмыс оқиғасы тіркелген, 2014ж. 6 айымен салыстырғанда 92 дерекке немесе 9,4%-ға төмендеген (975 қылмыс). 2015 жылдың 6 айында 266 қылмыс ашылды, жалпы қылмыстың ашылу деңгейі 38,2% құрады немесе 2,4%-дық пунктке көбейді (2014ж. 6 айда 378 қылмыс,  ашылуы 35,8%). Тіркелген 883 қылмыстың: адам өлтіру дерегі орын алған жоқ (2014ж. 6 ай – 1); қарақшылық 10 дерек (2014ж.6 ай – 4 дерек); тонау 38 дерек (2014ж. 6 ай – 48 дерек), ұрлық 480 дерек (2014ж. 6 ай – 501 дерек). 2015ж. 6 айында аса ауыр қылмыс тіркелмеген (2014ж. 6 айда – 2 дерек).  

      Қоғамдық орындарда болған қылмыс саны – 148, өткен жылмен салыстырғанда 115 дерекке немесе  43,7 пайызға төмендеген (2014ж. 6 ай – 263).

      Жасөспірімдер болған қылмыс саны – 11 дерек, өткен жылмен салыстырғанда 1 дереккенемесе   8,3 пайызға төмендеген (2014ж. 6 айда – 12 дерек).

      2015 жылдың 6 айы ішінде, Жаңаөзен қаласы аумағына қарасты автожолда 30 көлік оқиғасы орын алып, оның ішінде 3 адам қаза болды және  33 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.

        Қала бойынша 38 бейнебақылау камерасы көмегімен – 4188 (2014ж.-3210) әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде:

      - ұсақ бұзақылық-84 (2014ж. 6 ай – 29), алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде келу - 235 (2014ж. 6 ай – 56), қоғамдық орындарда тиісу - 21, жол ереже тәртібін бұзу -3268 (2014ж. 6 ай - 2925), басқа да әкімшілік құқықбұзушылықтар- 580 (2014ж. 6 ай - 200).

      Санитарлық тазалық және көгалдандыру.  2015 жылға санитарлық тазалау жұмыстарына ЖБ-793,2 млн.теңге қаралып, барлық тазаланатын аудан көлемі 4,3 млн. шаршы метрқұрайды.

      2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу комбинатына барлығы  4658,3 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар қабылданды. Оның ішінде іріктелген тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі 3209,47 тонна, яғни комбинатқа тасымалданған тұрмыстық қатты қалдықтар көлемінің 68,9% құрайды. Көмілген тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі  1448,83 тонна.

      Көгалдандыру жұмыстарына 2015 жылға ЖБ-233,7 млн.теңге көлемінде қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды.

    Құрметті депутаттар!

      Өздеріңізге белгілі, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қалада бірқатар жұмыстар атқарылды. Дегенмен, Кешенді жоспардың, Моноқалаларды дамыту бағдарламасы асында алдағы уақытта қаражат бөлуді қажет ететін бірнеше жобалар бар. Бұл бағытта жергілікті атқарушы орган тарапынан салалық министрліктермен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ:

        1. Қалалық аурухананың терапевтік корпус ғимараты;

      2. Жаңаөзен қаласының Рахат ауылының «Рауан» шағын ауданындағы 900 орындық мектептің құрылысы (2016-2017жж.);

      3. Жаңаөзен қаласында әрқайсысы 320 орындық  4 балабақшаның құрылысы (2016-2017жж.);

      4. Рахат және Теңге ауылдарында дене-шынықтыру кешенінің құрылысы (2016-2017жж.);

      5. Оқушылар сарайы мен кітапхананың құрылысы;

      6. Мұнай және газ колледжі жаңа нысанының құрылысы.

      Сонымен қатар қаланың күнделікті тыныс-тіршілігіне байланысты біздің үнемі бақылауымызда тұрған орындалуы кезекті күттірмейтін төмендегідей жұмыстар бар. Нақтырақ айтқанда:

      1.Жұмыссыздықтың санын азайту, халықты жұмыспен қамту шараларын жүргізу;

      2. Орталық жылу қазандығы іске қосылғаннан кейін көпқабатты тұрғын үйлерді жазғы мезгілде тұрақты түрде ыстық сумен қамтамасыз ету;

      3. Теңге және Рахат ауылдарында су мәселесін шешу үшінсу сақтау резервуарлары мен насос стансаларын салу үшін жоба жасақтау. Сонымен қатар резервтік су көзін қарастыру үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ «Кендірліден» су тұщыту қондырғысын салу; 

      4. Инвесторлардың қаражаты есебінен тұрғын үйлер салу;

      5. Технопарк алаңына инвесторлар тарту және жаңа өндірістер ашу;

      6. Рахат ауылындағы №15 орта мектептегі сыйымдылықты қалыпқа келтіру үшін қосымша құрылыс салу, жоба дайын;

      7. «Кендірлі» демалыс аумағында Жаңаөзен қаласының тұрғындары үшін қолжетімді жағажай ұйымдастыру, тазалығын үнемі қамтамасыз ету;

      8. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының негізсіз өсуін болдырмау;

      9. Газ құю стансаларында сұйытылған газдың бағасын бақылау, кезектілікті болдырмау;

      10. Көпқабатты үйлерге үздіксіз ауыз су берілуін қамтамасыз ету;

      11. Қаланың көгалдандырылған жерлерін сақтап, көгалдандыруды жалғастыру,  Жаңаөзен қаласының кіреберісінен теміржолға дейінгі жолдың екі жағын көгалдандыру;

      12. Қаланың тазалығын үнемі бақылауда ұстау, абаттандыру жұмыстарын жалғастыру;

      13. Денсаулық саласына білікті мамандарды шақыру, қызметтік пәтермен қамтамасыз ету;

      14. Білім беру ұйымдарындағы білімнің сапасын көтеру, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасындағы қылмысты болдырмау, құқықбұзушылықтың алдын алу.

    Құрметті депутаттар!

      Елбасымыз айқындаған 5 институционалдық реформа аясында «100 нақты қадамды» жүзеге асыру баршамыздың ортақ міндетіміз.

        Осы орайда «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, қала тұрғындарының әл-ауқатын әрі қарай көтеру, қаланың үдемелі дамуын жалғастыру, қоғамдық-саяси ахуалды бір қалыпты арнада ұстау бағытында бірлесіп ел игілігіне аянбай қызмет етуге шақырамын.

      Тыңдағандарыңызға рахмет!


  • Чтобы задать вопрос, вам необходимо авторизоваться
    Закрыть
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +